Шетелдегі инклюзивті білім беру


Дания, Норвегия, Финляндия, Нидерланды,Греция, Үндістандағы инклзивті білім беру тәжірибесі



бет3/4
Дата16.09.2022
өлшемі0,54 Mb.
#39278
1   2   3   4
Байланысты:
871613 (1)

Дания, Норвегия, Финляндия, Нидерланды,Греция, Үндістандағы инклзивті білім беру тәжірибесі.

  • Дания: Данияда арнайы мектеп-интернатта күрделі эмоционалды ауытқуы бар балалар, ал арнайы мектепте – ақыл-ойында кемістігі бар балалар оқытылады, ал қалған балалар үшін жалпы білім беретін мектептерде арнайы сыныптар ашылған. Данияның арнайы білім беру саласындағы саясаттың стратегиялық бағыты ретінде интеграция алынады.
  • Норвегия: Норвегияда интеграция үдерісі 80-жылдары басталды, 90-жылдардың басында арнайы мектептер қысқартылған болатын, оларға мүмкіндігі шектеулі балалардың бір пайыздан аз балалар барады.
  • Финляндия: Финляндияда ұзақ уақыт бойы арнайы мектептер мен жалпы білім беретін мектептің жанындағы арнайы сыныптардың параллельді жүйесі болды. 80-жылдардың соңынан бастап, арнайы білім беру саласындағы мемлекеттің саясатындағы негізгі бағыт ретінде интеграция алынды.
  • Нидерланд: Нидерланды үкіметі 90-жылдардан бастап, мүмкіндігінше арнайы және жалпы білім беруді біріктіруге, интеграциялық тұғырларды «Мектепке бірге барамыз» атты мемлекеттік Жоба арқылы ендіруге тырысады, аталған жобаны мақсаты ретінде, жалпы білім беретін мектеп жағдайында мүмкіндігі шектеулі балаларға психологиялық-педагогикалық көмекті қамтамасыз ету; арнайы мектептің оқушылар санын тұрақтандыру; ақыл-ойында кемісітіг бар және психикалық дамуы тежелген балаларға арналған мектептің санының өсуіне кедергі келтіру алынды. Нидерландыда, Бельгияның Фламанд аймағындағыдай, арнайы мектептердің жүйесі жақсы дамыған, бірқатар ғалымдар бұл деректі инклюзивті білім берудің дамыту үшін күрделі кедергі болатынын атап көрсетеді.

Греция: Мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты балабақшалар мен мектептерге интеграциялау идеясы, Грецияда алғаш рет 1974 жылы ұсынылды. Алайда, көптеген басқа елдермен салыстырғанда, интеграция үдерісін бастау туралы шешім, педагогтар мен ата-аналардың қысымының нәтижесінде емес, соған сәйкес заңнаманың пайда болуымен қабылданды. Елдегі интеграция үдерісі баяу жүргізіледі, себебі:

  • Тірек-қимыл аппаратында бұзылуы бар балаларға арналған жай мектептерег физикалық қолжетімділіктің мүмкін еместігі байқалады;
  • Диагностиканың кең қолжетімді тесттері мен дәстүрлерінің болмауы;
  • Педагогтар ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмыс әдісін меңгермеген;
  • Жергілікті билік ерте көмек беру мен интеграцияны аса қымбат деп, қызығушылық танытпайды;
  • Қажетті қызмет түрлерін көрсететін орталықтар жетіспейді (физикалық терапия, логопедия саласында, психологиялық көмек, құқықтық көмек және т.б.).


  • Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет