Шетелдегі оқыту жүйелері және мұғалім бейнесі Жапонияда



бет3/3
Дата17.12.2022
өлшемі53,21 Kb.
#57861
1   2   3
Финляндияның әрбір азаматы білім алуға құқығы бар және 7-17 жас аралығында оқуға міндетті. Мектеп екі сатыға бөлінеді: баста­уыш және орта, оны әрқайсысы бітіруге міндетті. Мемлекет ақысыз негізгі білім алуға кепілдік береді. Оған оқыту, оқулықтар, дәптерлер, негізгі кеңсе құралдары жатады, мектептегі тамақтану да ақысыз.
Тұтастай алғанда, фин мектебіндегі оқыту қарқыны кезеңці. Физикалық тұрғыдан болсын, моральдық тұрғыдан болсын сәбиге бірден максималды жүктеме салу деген жоқ. Фин мектебінде жауапкершілікке оқытады, мүмкіншіліктері, физикалық қабілеттіліктері және жүйке жүйесінің жағдайы өзгеше балаларға қарағанда өзінің табиғи мүмкіншіліктеріне қарай төмен оқушыны ешкім күштеп оқытпайды. Финляндия мектебіндегі сабақ — белгілі бір уақыт өткеннен кейінгі материалды меңгеруді бақылау болып табылатын үй тапсырмасы — тестілер. Оқушы жауапкершілікті өзі дайындайды. «Білім алу» қағидасы оқытудыңбарлықүрдісінде бар. Фин мұғалімдері елде желісі мен өзара байланысы дұрыс жолға қойылған Интернеттегі және кітапханадағы мәтіндік материалдан білім алудағы ізденісті ынталандырады (бір кітапханадағы жоқ кітап, тапсырыс бойынша басқа қорлардан алынады, сондай-ақ кітапханадағы оқу залында пайдалануға рұқсат берілетін сирек кездесетін бір данадағы кітаптар да).
Фин мектебіндегі оқыту дәрісі — бүл мұғалімнің дәрісін пассивті қабылдау емес, әрбір оқушыда қажетті білімді табуға деген белсенді ниетіне қарай ынталандыру.
Фин мұғалімдері ешқашан оқушы өзі ниет білдірмесе, оны жауап беруге шақырмайды. Бір оқушының кемшілігін екінші оқушының алдында көрсету бұл елде қолданылмайды. Финляндия мектептеріндегі сыныпта 2 педа­гог: мұғалім және оның көмекшісі жұмыс істейді. Бағдарламалары толық қаныққан, жоғарғы мектепте оқуға мүқият дайындалу жүргізіледі және мектеп түлегі өзіне не керектігін біледі. Екі тілді елде фин, швед және ағылшын тілдерін білу, сондай-ақ қосымша шет тілдерін меңгеру міндетті, яғни лицейдің, сонымен қатар алдағы уақыттағы Финляндия жоғарғы мектебінің түлегі дүниежүзінің кез келген елінде жұмыс істеуге дайын болады.
Финляндия мінез-құлқында езіндік ерекшелігі бар, оған мен ертең не істеймін, ал бір жылдан кейін мен не істей алуым керек және сол сияқты жоспарлау қасиеті тән. Бұл жоспарлау мақсаттарды айқындайды және белгілейді. Ол - фин менталитетінде, от- басында болсын, мектепте бол­сын қалыптасқан қасиет. Мек­теп балаларды қарапайым мақсаттан барынша күрделі мақсатқа жоспарлауға үйретеді. Оған мінез-құлқын тәрбиелеу, өз мүмкіншіліктерін толығымен түсіну жатады. Оқушылар өз тура- лы кеп білген сайын, болашақта не істей алатындығына көзі жетеді, өмір оның өзіне ғана байланысты екендігін түсінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет