Шетелдегі оқыту жүйелері және мұғалім бейнесі Жапонияда



бет2/3
Дата17.12.2022
өлшемі53,21 Kb.
#57861
1   2   3
Сингапурдың білім беру жүйесіндегі негізгі жетістіктер ретінде мына фактілерді атап етуге болады: Сингапурдағы функционалдық сауаттылықтың деңгейі дүниежүзіндегі ең жоғарылардың бірі (Progress in International Reading Literacy Study); Сингапур мектеп оқушылары математика және табиғаттану ғылымдары бойынша салыстырмалы халықаралық тестілерде үздік нәтижелер көрсетуде (TIMSS); Син­гапур білім беру жүйесі 2008-2009 жылдары дүниежузіндегі ең тиімді (McKinsey); Сингапурда жаһандық экономиканың талаптарына барынша бейімделген білім беру жүйесі бар (IMD World Competitiveness Yearbook 2007). 1997 жылдан бері Сингапур білім беру жүйесі білімге негізделген жаһандық экономи­ка үшін жұмыс күшін дайындауға бағытталған дамудың жаңа фазасына енді. Сингапур білім беру жүйесінің ерекшелігі:

Сонымен қатар, Норвегия, Фин­ляндия сияқты еуропа елдерінің мектеп оқушылары да жоғарғы нәтижелер көрсетіп келеді.


ХҮІІІ гасырдың ортасына дейін норвегиялықтардың басым көпшілігі сауатсыз болды. 1739 жылы Норвегияда Білім туралы алғашқы заң қабылданды.
Норвегиялық білім беру саясаты әлеуметтік-мәдени тиістілігіне және тұрғылықты жеріне қарамастан қоғамның барлық мүшелері үшін білімалуға дегенжалпығабірдейтең құқық қағидасына негізделген. Білім беружәнемәденимашықтануларды тартумен қатар қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыру және жалпыға ортақ әл-ауқатты қамтамасыз ету - білім беру мекемелерінің негізгі міндеті. Нор­вегия мектептеріндегі сабақ беру үдерісі оқушылардың машықтануын және мүмкіншіліктерін жеке-дара дамытуға бағытталған.
Норвегиядағы міндетті мектептегі білім беру жүйесі 13 жылдық білім беруді қарастырады (10 жыл - бастауыш және орта, 3 жыл - жоғарғы мектеп). Барлық мек- тептер мемлекеттік және ондағы оқыту ақысыз негізде жүргізіледі. Жас мөлшеріне қарай қатаң түрде белу өзіндік ерекшелік болып табылады: сіз бір ғимаратта алты жасар балалардың, 14 жастағы жасөспірімдердің және 18 жастағы жас адамдардың бірге оқығанын көрмейсіз. Бастауыш (primary school), жоғарғы бастауыш (upper primary) жэне орта (lower secondary) мектептер әрқашан жоғарғы топтан (upper secondary) бөлінген.
Мектептегі алғашқы күннен бастап, балаларға әрбір адамның тұлғалық бейнесі басқа тұлғамен өзара қарым-қатынаста ғана дамитындығы туралы ой сана- сезімдеріне құйыла бастайды. Сондықтан, сабақ балалардың белгілібір шешімніңалғышарттарын бірлесіп бағалауға негізделіп ұйымдастырылады. Әр оқушы оқытушымен бірге бір аптаға ар- нап үй және мектеп жұмысының жо- спарын құрастырады. Балалардың жетістіктерін мұғалім әр жұмыс күнінің соңында арнайы дәптерде белгілейді және қажеттілігіне қарай ата-аналарына өзінің ескертулерін жазады.
Норвегия мектептерінде 1-ші сыныптан бастап 7-ші сыныпқа дейін «баға» деген ұғым мүлдем жоқ. Алайда, өзге: "командадағыжұмыс", "талқылау", "шешім қабылдау" сияқты ұғымдар бар. 8-сыныптан ба­стап қана оқушыларға баға қойыла бастайды. Жаңа пәндер - эконо­мика, экология, бухгалтериялық есепке алу және кәсіби бағдарды қарастыратын пәндер енгізілді. Оқушылар мен оқытушылардың қызметтерін бірлесіп жоспарлауға басты назар аударылады. Бұл кезеңдегі бастысы - балалардың бойында өз қабілеттілігін оңтайлы бағалау қалыптастырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет