Шиеленіс жағдайларын алдын алу,ескерту шараларының баяндамасы.
Мұғалім мен оқушылар арасында туындайтын шиеленіс жағдайларды болдырмау.
Мұғалім мен оқушылар арасында туындайтын шиеленіс жағдайларды болдырмау психология ғылымындағы және тәлім – тәрбие ісіндегі әрі маңызды, әрі күрделі проблемалардың қатарына жатады. Осы бағытта жинақталған тәжірибелердің нәтижелері жасөспірімдер мен ұстаздар, оқушылар мен тәлімгерлер арасындағы қарым – қатынас орнатуда айтарлықтай ерекшеліктер мен сипаттар түрліше түсініктер бар екендігін көрсетті. Міне, мұндай мәселедгі елеулі жәттің бірі - мұғалім мен оқушылар арасындағы қарым - қатынас жасауда әрқилы қиыншылықтардың үнемі кездесіп отыратындығы белгілі. Егер кіші мектеп жасындағы балалар үшін мұғалім барлық бейнесімен ерекше із қалдырып, оларға күшті әсер ететін тұлға болып саналатын болса, ал ересек балалар мұғалімнің әрбір қимыл - қозғалысына, іс – әрекеті мен сөйлеген сөзіне, оның ақыл – кеңесіне, өзге адамдармен қарым – қатынасына, шәкірттерге қоятын әр түрлі талаптарына өздерінше іштей сын көзімен қарайды. Осы мәселені анықтау бағытында арнайы жүргізілген психологиялық және педагогикалық зерттеулер төменгі сынып оқушы лары - нан гөрі ересек оқушылар арасында үлкендердің айтқан сөздеріне құлақ аспау және айтқанынан қайтпайтын мінез көріністерінде әрқилы кедергілер мен себептер болатындығын анықтады. Бізде, атап айтқанда, Қазақстанда, әсіресе қазақ мектептерінде ұстаз бен шәкірттер арасындағы қарым – қатынас орнату, олардың арасында кездесіп қалатын қиыншылықтардың алдын алу, психологиялық тұрғыдан әлі де қызу қолға алынып, тиянақты іздестірілмеген мәселелердің қатарына жатады. Осы кезде тәлім - тәрбие ісіндегі жасөспірімдермен қарым – қатынас жасауда мұғалімнің өзіндік сапа ерекшеліктерімен қатар, оның өзге адамдармен, әсіресе шәкіртттердің даралық ерекшеліктерімен санасып отыру қажеттігіне баса мән беріледі. Оқушылар мен мұғалімдер арасындағы, әсіресе мұғалім мен жасөспірімдер арасындағы, қарым – қатынаста кездесіп қалатын тартыстар мынадай себептерге байланысты: 1. Орта жастағы мектеп оқушылары өздеріне ерекше зейін қойып қарауды қажетсінеді. Олардың өмірдегі өтпелі кезең, жоғарғы талаптар, сана сезімі мен ақыл - ойының өсуі мұғалімді жасөспірімдерге жаңа қырынан қарауға мәжбүр етеді. 2. Өтпелі кезең жасындағы балаларға дұрыс көңіл бөлмеуден туындайтын тартыстарды жиі кездестіруге болады. Балалардың жас ерекшелігін және тәлім - тәрбие жұмысында соған сай әдіс амалдарды қолдана білмеуден кейбір мұғалімдер өз жұмысында көптеген қиындықтарға кездесіп жүр. Олар бірер рет көзге түсіп қалғандарды « тәрбиеленуі қиын» балалар қатарына ой салмақтамай қосып, өз жұмыстарын да қиындатады. Енді – енді қалыптаса бастаған жеткіншек мінез – құлқына кері әсерін тигізеді. 3. Мұғалім мен оқушы арасындағы шиеленіс туғызатын себептерге оқушылар тобы, олардың жас және өзіндік ерекшеліктері, мұғалім мен оның оқушылар ұжымына басшылық ету стилі де әсер теуі мүмкін. Оқу ісін жүзеге асырып, оны бірізділікпен жүргізуде кедергі болатын жәйттер мұғалімнің білім деңгейі мен оны шәкірттерге тиімді әдіс – тәсілдермен жеткізе алмай, тәжірибесіздік көрсетіп, оқушыларға қоятын талабын үнемі өзгертіп қалыпты жағдайдан жиі ауытқып отырады. Соның салдарынан оқушылардың тәртібі, сабақ үлгерімі де нашар - лайды. Мұндай кемшіліктер, ең алдымен ұстаздың ұйымдастырушылық қабілеті мен сабақ жүргізудегі методикалық олқылығынан пайда болып, шәкірттер сабаққа көпшілік уақытын босқа жіберетін болады. Алайда мұндай жағдайдан туындайтын тартыстар оқу - тәрбие ісіндегі өзге сипаттағы дау - дамайлардан кемдеу. Жеке бастың өзі ұстанған адамгершілік қасиеттерге байланысты кездесетін кедергілер мен талас – тартыстар. Баланың өз басына талап қоюы, айналасына зер салып, әрбір нәрсеге мән беруі баланың өсіп жетіле бастағанын көрсетеді. Мұндай ерекшеліктерге баланың ересек адамдармен қарым –қатынас жасап, өзінің есейгендігін байқатуы оның адами – этикалық жағынан да талап – тілегінің өскендігі деп санау керек. Ересек адамдармен салыстырғанды мұғалім мен оқушылар арасындағы өзара қарым – қатынас едәуір күрделі. Өйткені, мұндағы бірінші жақ мұғалім толық қалыптасқан, мораль, этикалық жағынан жетілген, мінез – құлқы орныққан адам. Екінші жақ – оқушылар . Бұлар небары өз ұстазының сезімі мен ақыл – ойына ынтыққандар ғана. Мұғалім мен оқушының ойлану, түсіну сипаттары да түрлі деңгейде. Ұстаздарға айдай анық құбылыс шәкіртіне нанымды бола бермейді. Кейде мұғалім мен оқушы бір құбылысқа, сөзге немесе қылыққа беретін бағалары да түрліше. Тіпті қарама – қарсы мәнде болуы мүмкін. Ұстаз бен шәкірттер арасындағы қарым – қатынаста шиеленістің туын - дауына ұстаздық методикалық тұрғыда қате жіберіп жаңылысуы, не оқу материалын тиянақты түсіндіре алмауы да себеп болады. Оқушылардың жас рекшеліктерін елемей, олардың құрдастарымен қарым – қатынастарының қыры мен сырына жете мән беріп, оларды жете бағаламау салдарынан болатын табыстар. Ал, оқушылар тобы тарапынан мұғалімге қойылатын талаптар, олардың рухани тілектерін қанағаттандырмауға байланысты. Әдетте, мұндай жағдайда мұғалім оқушылар ұжымынан өз бойын аулақ ұстап көпшілік – қоғам жұмыстарына, ұжымдық пікірлерге жете мән бермейді. Мұндай жағдайда оқушылар тарапынан ұстаздарға деген наразылық, қанағаттанбау сезіміне орай тартыстың туындауына себеп болады. Оқушылардың даралық ерекшеліктеріне тән жағымсыз қасиеттері мен мінез –құлқына орай туатын тартыстар. Оқушылар арасындағы ұшқалақ мінезді, қызу қанды, айтқанынан қайтпайтын өжет, жан дүниесінің шеңбері тар өзін қатар құрбыларынан жоғары санайтын балалар да бар. Олардың сөйлеген сөзі, істеген қылығ өзгелердің зығырданын қайнатып тұрады. Ондай балалармен қарым - қатынас жасау мұғалімдерге оңай тие қоймайды. Негізгі мақсат мінезі ерекше оқушылармен қалыпты қарым - қатынас орнатудың тиімді әдісі - оларды ұжымдық өмірдің ыңғайына қарай бейімдеп, олардың іс – әрекеттерімен үйлестіру. Дегенмен, мұндай жағдайда ұстаз бен шәкірт арасындағы айырмашылық шығатын жәйттер жиі болып тұрады. Мұндайда ұстамды ұстаздар шыдамдылық пен тапқырлық көрсетіп, қалайда шәкірттермен тиімді қарым – қатынас орнатудың әдіс – тәсілдерін ізденеді. Жастардың мінез – құлқындағы жағымсыз қылықтарын жөндеуге күш жұмсап, әрбір оқушының даралық ерекшеліктеріне баса көңіл аударады. Мұғалім мен оқушылар арасында кейде бірін – бірі жете түсінбей өзара келіспеушілік сияқты қолайсыз жәйттер кездеседі. Мұндайда баланың даралық ерекшеліктері мен жан дүниесінің сырына терең бойлап, олардың мінез –құлық ерекшеліктерімен санасқан тиімді. Бала психикасының қарқынды дамып отыруына орай түрлі тілек талаптары мен қажеттіліктері, әрбір нәрсенің сырын білуге құштарлығы арта түседі. Тәлім – тәрбие ісінде баланың санасы мен ақыл – ойының дамуындағы саналы өзгерістерді ескеріп, оларды дұрыс жолға пәрменді бағыттап отыратын болса, онда шәкірт мінезінің ұнамды қасиеттерін бірізділікпен қалыптастыруға болады. Ұстаздар мен шәкірттер арасында дұрыс қалыптаспаған қарым –қатынастар тәлім – тәрбие істерінің жемісті жүргізілуіне елеулі нұқсан келтіреді. Мұндай жәйттер арнайы іздестіріген тәжірибелер арқылы анықталды. Біріншіден, бір кластағы оқушылардың жеке пән мұғалімдеріне қатынасы ; екіншіден сабақ жүргізген пән мұғалімдерінің ерекшеліктері ; үшіншіден, оқушылардың жеке пәндерге жеген ықылас - ынтасы ; төртіншіден, мұғалімдердің класс ұжымымен қарым – қатынасының сипаты ; Мұғалім мен оқушылар арасындағы кездесіп отыратын наразылық пен дау - дамайдың туындау себептерін психологиялық тұрғыдан ашып көрсетудің маңызды екендігіне жете түсініп, мектеп тәжірибесінен жинақталған материалдарды топтастыра отырып іздестірілді. Осы мақсатқа орай мектепте жүргізілген бақылау нәтижелері 4 сыныптан бастап, олар 6 – сыныпқа көшкенге дейінгі мерзім арасында іздестірілді. Мұндай бақылаудан тиісті қорытындылар жасау үшін 4 сынып бойынша оқушылардың бәрін қамтып, олардың мұғалімдеріне де түрліше көзқараста екенін байқатты. Мысалы, кейбір пән мұғалімдері өз саюақтарын қызықты етіп ұйымдастырып өткізетін болса, ондай сабақтарға оқушылар да белсене қатысып, өтілген материалдарды тиянақты меңгеруге ұмтылады. Ал, кейбір сабақтарда оқушылардың бірсыпырасы оларға енжарлықпен қатысып, кейбір реттерде оғаш қылық көрсетті. Әдетте мұндай сабақтарда мұғалім мен оқушылар арасында наразылық тудыруға себеп болады. Мұғалімнің тәртіпке шағырған ескертуіне де миығынан қарап немқұрайлы күйін байқатты. Сабақты талдап, оқушылардың оғаш мінездерін көрсетудің басты себептері неде екенін білсек, біріншіден, мұғалім сыныпқа басшылық ету ролін көрсете алмады. Бұл оның даярлығындағы методикалық елеулі олқылығын аңғартты. Екнішіден, мұғалімнің өз қызметіне немқұрайлы қарайтынын көрсетті. Үшіншіден, оқушылардың бағдарламалық материалдарды тиянақты меңгеруінің тиімді жолдарын іздестірмейтінін сездірді. Керісінше, бұл сабақта оқушылардың ықылас – зейіні сабақтың бітуіне де бағытталды. Төртіншіден, оқушылардың мінез – құлқына байланысты көтермелеу мен кінәләу талаптары да орындалмады. Сөзі мен ісі бір жерден шықпады. Содан келіп мұғалім мен оқушылар арасында дай - дамай етек алады. Өйткені, бұл сабақта мұғалімнің білім дәрежесінің төмендігі мен әдісінің шалалығы оқушылардың мұқтаж – тілектерін қанағаттандыра алмады. Мұғалімдер мен оқушылар арасында кездесетін наразылықтар мен керіс - жанжалдар мұғалімнің жеке басындағы мінез - құлық пен қызметіндегі кәсіби олқылықтарына байланысты екенін аңғартты. Мұғалімнің мінез – құлқы өз мамандығының талаптарына сай болса, онда мұндай қолайсыз жағдай болмас еді. Қолдан келгенше өзара қақтығыстар мен реніштерді тудырмаған жақсы. Ондай жәйттер кімге де болса абырой әпермейді. Оқушылардың мұғалімнің мінез – құлқы жайындағы ұнататын сапалары мен қарым - қатынас жасауда талап етілетін жағымды сипаттар мынандай: а) шәкірттердің адами қасиеттерін ескеріп онымен үнемі снасып отыруы; ә) оқушылардың пікірлерімен санасу; б) оқушыларға сенім білдіру; в) шәкірттердің бойындағы кемшіліктерді көпшілік талқысына салмай, жеке өзіне оңаша айтуы; г) шәкірттермен сөйлескенде үнемі сыпайылық пен әдептілік үлгісін көрсету; ғ) кімге де болса игі тілекпен ықыласты көмек көрсету; д) шәкірттердің жан дүниесін ( психикасын) айтпай – ақ түсініп, үнемі сезімталдық көрсетуі; е) әрбір істе үнемі әділетті болуы; ж) қоғамдық ұйымдар мен кластан тыс жүргізілетін жұмыстарды қызықты әрі тартымды етіп өткізуі; з) оқушылардың белсенділігі мен дербестігін бағалап, балалардың бастамасын үнемі қолдауы; к) балалардың пікірлерімен санасып, оған мән беруі және олардың талап - тілектерін ылғи ескеріп отыратындығы ; л) оқушыларға берген уәдесін қалайда орындайтындығы; м) балалардың өзара қарым – қатынасына мән бере зер салуы, тату болуға бағыттай білетіндігі; н) ұлдар мен қыздар арасындағы достық қатынастарды дұрыс қалыптастырып, қамқорлық жасауы; Осындай көрсетілген сапалар шәкірттердің ұстаздарды жайындағы шынайы ой - пікірлерін білдіреді. Оқушылардың мұғалімдерге қойылатын мұндай талаптарын ұстаздар үнемі ескеруі тиіс.