Көлденең жолақты бұлшық еттерді сүйектерге бекітетін, ұзынша цилиндр немесе жалпақша пішінді созылмайтын талшықты тәжілер (тартпалар). Олар коллагенді талшықтарының жуан будалары бір-біріне параллельді, өте жақын орналасқан тығыз талшықты пішінделген дәнекер тіннен тұрады. (14.24-сур., А-В).
Байламдар, Фиброздық мембраналар
Байламдар-сүйектерді бір-бірімен байланыстыратын, сіңірлерге ұқсас құрылған анатомиялық құрылымдар.
Фиброздық мембраналарға-фасциялар, апоневроздар, диафрагма-көкеттің сіңірлі орталығы, қатты ми қабығы, ақ қабық-склера, шеміршек қабығы, аталық және аналық жыныс бездерінің ақ қабығы және т.б. жатады.
қаңқалық дәнекер тіндер
Шеміршек және сүйек тіндері бірігіп, ішкі орта тіндері жүйесіне жататын қаңқалық дәнекер тіндер тобын құрайды.
Оларға тән жалпы белгілер: 1.мезенхимадан дамуы; 2.Жасушааралық затының көп болуы;
3. Организмнің гомеостазын сүйемелдеу функциясы.
Олардың тіректік және механикалық функциялары жақсы дамыған.
Қаңқалық тіндердің функциялары
Қорғаныш
Транспорттық
Су-тұз алмасуға қатысады;
Осылардың барлығы бірігіп, организмнің гомеостазын қамтамасыз етеді.
Шеміршек тіндері
Шеміршек тіндері дәнекер тіндерінің жоғары маманданған тобын құрайды. Олар ауа тасымалдау жолдары мүшелерінің (мұрын, көмей, кеңірдек, бронхылар), құлақ жарғағының, буындардың, омыртқааралық дискілердің құрамына кіреді, іштегі нәресте скелетінің едәуір бөлігін құрайды
Функциялары: 1. іштегі нәрестеде-пішін қалыптастырушы, яғни олар сүйек тіні дамуына негіз болады;
2. Постнаталды кезеңде тіректік қызмет атқарады (мысалы, қуысты ағзалар қабырғасының қаттылығын қамтамасыз етеді).
Шеміршек тіндерінің жалпы сипаттамасы және классификациясы
Шеміршек тіндері шеміршек жасушаларынан (хондробласттар, хондриоциттер, хондрокласттар) және жасушааралық затынан тұрады. (16.1 –сурет). (192 - 203 б) аралығында
Шеміршек тіндері массасы 70-80 %ын су, 10-15% ын органикалық заттар, 4-7 % ын минералды заттар құрайды.
Хондробластар (гр.chondros-шеміршек, blastos-өскін) –шеміршек тінінің аз дифференцияланған, бөлінуге қабілетті және хондриоциттерге дами алатын жасушалары.