Шиелi ауданыныѓ ћоѕамдыћ-саяси газетi №11 (8261) 11 ақпан сәрсенбі



жүктеу 395.29 Kb.

бет1/4
Дата28.02.2017
өлшемі395.29 Kb.
  1   2   3   4

Шиелi ауданыныѓ ћоѕамдыћ-саяси газетi

№11

(8261) 

11 ақпан

сәрсенбі

2015 жыл

osken_onir@mail.ru    

osken_onir@mail.ru 

osken_onir@mail.ru  

Газет 1939 жылдыѓ 19-наурызынан бастап шыѕып келедi 

Естен кетпес

сұм соғыс

Слепкова Наталья Ивановна

1922 жылы 4 тамызда Ростов

облысы, Белая Калитва елді

мекенінде өмірге келген. Әкесі

Иван Слепков пен анасы Евдо-

кия Дуния қарапайым жандар

екен. Жанұяларында  өзінен бас -

қа Иван, Александра, Гаврилл

есімді басқа да бауырлары

болған. Н.Слепкова отбасын да -

ғы тұңғыш перзент болғаннан

кейін көптеген істе ата-анасына

қолғабыс етіп, көмектесіп жүре -

тін. Тіпті, 1938 жылы кәмелет

жасына енді ғана толған бойжет-

кен Наталья сол маңдағы №4

көмір шахтасына жұмысқа ор -

наласқан. Ал көмір шахтасын -

дағы жұмыстың қаншалықты

қиын екендігі айтпаса да белгілі

емес пе? Күн артынан күн, жыл

артынан жыл өтіп, осылай бей-

біт заманда кеңестік еңбек кер -

лерге тән ұранмен өмір сүріп

жатқанда адамзат тарихындағы

ең сұрапыл соғыс басталып ке-

теді. Олардың өмір сүріп жатқан

орталары, туған жерлері соғыс

алаңына айналған. Айналаны

түгел немістер басып алғаннан

бөлек, көктен де күндіз-түні

ұшақ тар арқылы бомбалап, әб -

ден халықтың берекесін алады. 

- Мен соғыс салған жараны

әлі ұмытқаным жоқ,- деп бас-

тады сөзін Наталья әжей. Өзі

төсек тартып жатса да, көз жа-

нарын алысқа салып, ойын түй -

індеп, айтар әңгімесін бастады.

– Балам, сендер со ғыс ты көрген

жоқсыңдар, көр мей-ақ та қойың -

дар. Жаратқан Алла ұрпақта ры -

мызға тек бейбіт өмір бере гөр

деп күнде дұға етіп келемін, -

деп сәл тыныстап алды. Мен де

жасы 93-ке келген кейуананы

шаршатып алмайын деп барын -

ша асықпай әңгіме леуді өтіндім.

«Соғыс басталып, ел басына

қиын-қыстау күн туғанда кім

болса да туған жерін жаудың та-

банына таптатқысы келмейді.

Сол кезеңдерде жау дың қалың

қолы Кеңес әскер лерін Москва

түбіне дейін тық сырта шегіндір-

ген. Германдық фашистер жол-

жөнекей кездес кеннің бар лығын

қырып-жойды. Тіпті, біз тұратын

үйді өздерінің штабтарына ай-

налдырды. Шабуылды көктен

де, жерден де жасаған не містер

біздің ауылды қалың түтінге

ора ды. Ұмыт па сам, 1943 жыл

болатын. Ауылға немістің жаяу

әскері басып кірді. Елдегі қария -

лармен қыз-келіншектер, бала-

лар жан сақтау үшін шах та ның

қараңғы түкпі ріне жасыры нуға

мәжбүр болды. Азық-түлік, ауыз

су дегенің тапшы еді. Қар нымыз

ашқаны сонша немістер бекінген

орынға шахтадан тамақ үшін ға -

на шығатынбыз», деп баян да -

ды. Осындайда құрбы 

сы мен


қараң ғы шахтадан сырт қа жа-

сырынып шыққан Н.Ива новна

бұрын-соңды көрмеген қырғын -

ды көріп алғашқыда қатты үрей -

леніп қалған екен. Айнала түгел

немістер. Ауылдағы үйлердің

басым көпшілігі өртеніп кеткен.

Жан-жағына қараса әр жерде

сұлап жатқан өліктер. Мұндай -

ды көр 


генде кімнің бол 

са да


зәресі шығып қорқып кетері аян.

Наталья құрбысымен бірге жеу -

ге жарамды азықты жи нап, шах -

та дағы ашқұрсақ отыр ғандарға

апарып берген. Бірде осы мақ -

сатпен құрбысы екеуі шахтадан

тағы шығады. Немістер көріп

қойса біткендері. Мұны өздері

де жақсы түсінеді. Бірақ, амал

жоқ. Шахтаның қараңғы түк пі -

рінде сусыз, тамақсыз отыр ған

қаншама жан бар. Құр 

бысы

екеуі тамақ іздеп жүріп, елді



мекеннің аяқ жағындағы бір үйге

жасырынып кіреді. Ол жер де

өздері жасырынып кіргендері

былай тұрсын, сырттан біреу -

лер дің тасырлап келіп қалған

аяқ дыбыстары естіледі. Қос

құрбы ажалдары жеткен шығар

деп ойлайды. Тіпті, үйдің есігі

ашылғанда да екі қыздың көр -

гені автоматтың ұңғысы еді.

Бірақ, автоматты ұстап тұрған

Кеңес әскерлерінің сарбазда-

рын көргенде бұлар қатты қуа -

нып кетеді. Қыздардың бойын

билеген қорқыныш қуанышқа

ұласса да екеуі де жастарына

ерік береді. Бүкіл Белая Ка-

литва күткен қызыл әскердің

сарбаздарын көргенде өрімдей

қыздар түгілі ауылдың бар

тұрғыны көздеріне жас алған

шығар. Бұл Белая Калитва

тұрғындары үшін қуанышты сәт

болатын.


Жігітіне

қазақтың 

ғашық болып

Сұрапыл соғыс басталғанда,

Отанын жаудан қорғауға Кеңес

үкіметінің халқы бір үйдің кісісін-

дей жұмыла кірісті. Қазақстан -

нан да миллиондаған жауынгер

сарбаздар иықтарына қарулар -

ын асынып, майдан даласына

аттанды. Соғысқа аттанған жау -

ынгерлердің қатарында Әбса -

дық Рахимов та бар еді. 

Соғыстың алғашқы жылда-

рында жаудың құрсауында қа -

лып қою қаупі бар көптеген

зау ыттар мен тұрғындар көші -

ріл ген. Жоспарға сай бұл жұмыс

аз ғана уақыт ішінде аяқталуы

тиіс еді. Әсіресе, қару-жарақ

шығаратын зауыттар бірінші ке-

зекте болатын. Сол себепті,

әскердің белгілі бір бөлігі осы

мақсатқа жұмылдырылады.

Ә.Рахимов аталмыш әскердің

қатарында болатын. Соғыс ке-

зінде мұндай стратегиялық ны-

сандарды белгіленген жерге

көшірудің өзі қиынның қиыны.

Жоспар мен бағыт жау әскеріне

белгілі болса, барлық күш саған

қарсы жұмылдырылатыны тағы

бар. Сонау Украинадан бастап

соғыс болып жатқан өңірлерден

2000-нан аса зауыттар мен фаб-

рикалар және 10 миллион адам

көшірілген екен. Мақалаға өзек

болып отырған кейіпкеріміз На-

талья Слепкова 1943 жылдың

қысында Свердловск облысы,

Капролова стансасының жа нын -

дағы Ревды қаласындағы қару-

жарақ шығаратын зауытқа

жұмысқа орналасады. Ол бұл

жерде зеңбірек снарядтарын

жасайтын станокта жұмыс жа-

сайды. Герман басқыншыла ры -

на қарсы жұмсау үшін жаса лы-

 нып жатқан әр снарядтың құны

бөлек болатын. Мұны жақсы

түсінген Наталья әжей барын

сала жұмыс жасаған. Осында

өзінің болашақ күйеуі Әбсадық

Рахимовты кездестіреді. Зауыт -

тарды көшіріп жүріп, сондағы

станоктардағы жұмыстарды

үйреніп алған Ә.Рахимов зау ыт -

та жұмыс жасауға қалдырылған

еді. Әбсадық пен Натальяның

тағдырлары осы жерден бастап

бір арнаға тоғысады. Бірін-бірі

ұнатқан екі жас жүрек үніне

құлақ асып отбасын құрады.

Қазақтың жігітіне ғашық болып,

Қазақстанға келген басқа ұлт -

тың қыздары көп-ақ. Тіпті, күні

бүгінге дейін кең даланы сазды

әуенімен аралап жүрген Мариям

Жагорқызының «Дудар-ай» әні

күллі қазақ сүйіп тың дайтын ән -

ге айналды. «Қазақ тың жігітіне

ғашық болғаннан соң мәңгіге

сөз байласқан едім» деп әңгі -

месін бұрынғыдан да қызықты

ете түскен Н.Слепкова Әбекеңе

тұрмысқа шыққанын тілге тиек

етті. Тұңғыштары Зина 1944 жы -

лы туылған. Бұл кездегі жас от -

басының қуаны шын тілмен ай -

тып жеткізу қиын. Шаңырақ та -

рына шаттық ұяла ғандай да еді.

Бірақ, осы жылы отағасы Әбса -

дық науқастанып қалады. Тіпті,

дәрігерлер «адам болуы қиын»

деген көрінеді. Н.Иванов на бол -

са күйеуін аяқ тан тұрғы зудың

барлық амалдарын қарас тырып

бағады. Жол дасы қатты қина -

лып жатқан кезде; - Өлгенше

бір ге боламыз. Мен сенен ешқа -

шан қол үзбей мін. Қалайша өз

жолдасымды тастап кетеді екен-

мін, өлгенше бірге боламыз деп

серттескен едік қой, антыма

адал боламын, - деп құшақтап

егіліп жылаған екен. Наталья

әжей бұл оқиғаны әңгімелеп от-

ырып, бетін жаспен жуып та

алды. 

Құдай баласының ауырып



жатқанын сездіргендей осы кез-

дерде Рахым ақсақал Әбсадық -

қа арнап үшбу хат жазып, үйге,

өзі туып өскен ауылға қайтуды

сұраған екен. Хатты алған бойда

дәрігерлердің «адам болуы

қиын» деп отырған жолдасын

Наталья Шиелінің Ақтоған

ауылындағы қара шаңыраққа

алып келеді. Бәлкім туған жер -

дің ауасы дауа болды ма, әй -

теуір қазақы емнен кейін Әбса -

дық бұрынғы ауруынан жазы-

лып кетеді. Осылайша, «өлген -

ше бірге боламыз» деп қазақ -

тың жігітіне тұрмысқа шыққан

орыстың қызы қазақ шаңыра -

ғының түтінін түтете бастайды.



Соғыстан 

келген келін

- Алғашқыда қазақ ауылы

маған біртүрлі қызық көрінді, -

деп әңгімесін бұрынғыдан да

қызығырақ ете түскен Н.Слеп-

кова ары қарай баяндауға көш -

ті. - Үйлері де қызық аласа,

со нан соң көбі шатырланбаған.

- Қалай су өтіп кетпей тұр? - деп

Әбекеңнен сұрағанымда,  - Қа -

зақтар үйді осылай соғады.

Қамыстың үстіне қабаттап жа -

ғыл ған батпақтан ештеңе өт -

пейді, - деп түсіндірді. Е, ол жа -

рық тық мен не сұрасам да маған

түсінікті болу үшін асықпай, ар-

найы уақыт бөліп айтып беретін,

- деп күйеуі Әбсадықтың да

жақсы қасиетін тілге тиек етті.

«Рахымның баласы соғыстан

келін алып келіпті» деп жұрт

біразға дейін айтып жүрді. Мен

де осы елге ақыры келдім, енді

артқа шегінетін жер жоқ. Маған

қазақтың тілін үйрену қажет

деген алдыма мақсат қойдым»

деп Шиеліге келгеннен кейінгі

өмірін  ерекше құлшыныспен

әңгімелеп берді. 

Бұл жерге келген соң

Наталья ның атасы Рахым мен

енесі Кенжегүл келіндерін жылы

шыраймен күтіп алады. Келінінің

еңбексүйгіш әрі тілалғыш екенін

байқаған Кенжекүл апа

Наталья ға сиыр сауып күбі пі-

суді, нан жабуды және келі түйіп,

диірмен тартуды үйретеді. На-

талья болса бұл тірліктердің

барлығын тез үйреніп, қазақтың

әдет-ғұрыптары мен салт-дәстү -

рін де меңгеріп алады.  Қазақ

арасында жүрген соң қазақ тілін

де тез үйренеді. 



Әр ісі ұрпағына

үлгі болған

Ертеректе Ақтөбе деген кол-

хоз болған. Әбсадық атаның от-

басы осы ауылға келіп, егінші -

лікпен айналысады. Наталья

әжей күйеуімен бірге су кешіп

күріш егіп, екінші жағынан үй ша-

руасына да үлгеріп жүреді. Осы

маңда су тасқыны болып, Ақ тө -

бе ауылын су алған екен. Содан

кейін Ақтөбе ауылының тұрғын -

дарын Авангардқа әкеліп қос -

қан.  Авангард совхозына көшіп

келгеннен кейін Н.Слепкова

интернатқа жұмысқа орнала-

сып, қазақтың қаракөз балала-

рын тәрбиелеген. Наталья

әжей дің тағы бір қыры оның ке-

ремет аспаздығында жатыр.

Бұл кісіні білетіндер «қолынан

келмейтіні жоқ» деп жатады. 

Әбсадық әкей балаларының

көп болғанын және барлығы да

еңбекке жақын әрі адал болған -

дарын қалаған көрінеді. Соғыс -

тан келген келін 7 ұл, қыз тапқан

екен. Олардың барлығы да қа -

рапайымдылығымен, еңбекқор -

лы ғымен ерекшеленіп тұрады.

Мұның барлығы ата-ана тәр -

бие сінің жемісі болар. Орал да -

ғы зауытта жұмыс жасап жүр -

генде ұлды болып оның есімін

Оралхан деп қойған. Рахым

ақсақалдың шаңырағына осы

жерден  келген еді. Қазір жасы

93-ке шыққан кейуананың жүріп

өткен өмір жолы, әр айтқан сөзі

аңыз секілді. Сонау Дондағы 

Ростовта туылып, сұрапыл

соғыс ты көзбен көріп, сол жыл-

дарда тыл еңбегіне тартылып,

зең бі рек дайындайтын станокта

жұ мыс жасаған, сол жерде

қазақ тың жігітіне ғашық болған

Наталья Слепкова бүгінде қазақ

балаларының анасы атанып

отыр. Әбсадық екеуінен Зина,

Оралхан, Рая, Күләйхан, Орал-

бай, Құрманбай, Құрманай есім -

ді ұл-қыздарынан тараған 36

немере, 66 шөбере, 7 шөпшек

бар. Үлкен бір әулеттің қадірлі

анасы болып отырған Наталья

әжей қазір кіші ұлы Құрманай

мен келіні Жәмиләнің күтімінде. 

Әр ісі ұрпағына үлгі болып

отырған Наталья Ивановна бұл

өмірде Ана деген атқа лайықты

өмір сүріп келе жатқан жан. Май-

дан шебі мен тылдағы еңбекті

қатар көрген Н.Слепкованың

өмір жолы әлі талай шығар 

-

маның бастауы болары сөзсіз.



Азиз БАТЫРБЕКОВ,

ҚР Журналистер

одағының мүшесі.

Суретте: Әбсадық Рахимов

пен Наталья Слепкова бейне-

ленген. Сурет отбасылық мұра -

ғаттан алынды.



- очерк -

Макаров Пётр Иванович, 1949

жылы Татар АССР-да туылған. Ұлты

орыс. 1966 жылы АССР-да Тетюши

қаласындағы №1 орта мектепті

аяқтаған. Еңбек жолын Липецкий

КГРЭ мекемесінде 19 жасынан бас-

тап бұрғылау қондырғысы машини -

сі нің көмекшісі болып бастаған. 1968

жылы Старооскольский геологиялық

барлау техникумы на оқуға түскен.

1969-1971 жылдары әскери боры-

шын өтеген. 1973 жылы Староос -

коль ский геобарлау техникумын

аяқтап «Волковский» геологиялық

барлау экспедициясына жолдама-

мен жұмысқа келген. Қазіргі таң да

«Волковгеология» АҚ «№23 Гео ло -

гиялық барлау экспедициясы» фи-

лиалында бас инженердің орынба -

сары болып қызмет етеді. Отба-

сылы. Қазақ елінің салт-дәстүрлерін

құрмет тейді. Қазақ тіліне үлкен құр -

метпен қарайды. Қазақстанның сая -

си тұрақтылығына, Елбасы ның сая -

саткерлігіне тәнті. Аудан экономика -

сының өркендеуіне, әлеуметтік жағ -

дайының көтері луіне қосқан үлесі

үшін №23 Геологиялық барлау экс-

педициясынан мадақтаулар алған.   

Кигай Роберт Владимирович,

1957 жылы, 20 наурыз күні Шиелі

ауданында дүниеге келген. Корей

халқының тумасы. 1975 жылы

А.Пуш кин атындағы орта мектепті

аяқтаған. 1978-1981 жылдары

Қызыл орда қаласындағы Политех-

никумды ауылшаруашылық элек-

трофикациясы факультетін оқыған.

Еңбек жолын 1981 жылы Шиелі

аудандық «Казсельхозтехника» ме-

кемесінде электрик болып бастаған.

1989 жылы Кызылор да-мелиорация

мекемесіне инженер-энергетик бо -

лып ауысқан. 2004-2007 жылдар

ара лығында «РУ-6» ЖШС-де,

«ТКК» ЖШС-де және «Шиелі-Энер-

госервис» ЖШС-де электромонтер,

электромеханик болып жұмыс жаса -

ған. 2007-2009 жылдары  «Вол ков -

геология» АҚ «№23 Геоло гиялық

барлау экспедициясы» филиалын -

да бас энергетик бо лып, 2009 жыл-

дан бастап бүгінгі күнге дейін

«Волковгеология» АҚ «№23 Геоло -

гия лық барлау экспедициясы» фи-

лиалында еңбек және қоршаған

ортаны қорғау бөлімінің бастығы

болып жұмыс жасайды. Отбасылы,

екі ұл-қыз тәрбиелеп отырған аза-

мат. Аудан экономикасының өр 

-

кендеуіне, әлеуметтік жағдайы ның



көтерілуіне қосқан үлесі үшін «Қаз -

атомөнеркәсіп» ҰАК» ЖШС-нен ал -

ғыс хат, Шиелі ауданы әкімінен ал -

ғыс хат, №23 Геологиялық барлау

экспедициясынан мадақтаулар ал -

ған.   


Валеев Райханетдин Асгатович,

1956  жылы, 2 қазанда Татарстан

Республикасы Салауыз-Мухан Мус-

люмов ауданында дүниеге келген.

Ұлты татар. 1984 жылы  Жамбыл

инс титутын оқып инженер – механик

ма мандығын алған. Еңбек жолын

1974 жылдан бастап, 1975-1977

жылдары әскери борышын Совет

армиясында өтеген. 1977-1980 жыл-

дары «Главриссовхозстроя» Шиелі

автобазасында 3 дәрежелі слесарь

болып істеген. 1980 жылы «Волков-

геология» АҚ «№23 Геологиялық

барлау экспедициясы» филиалын -

да 3 санатты автокөлік жүргізушісі

болып орналасып, 1998 жылдан 

бастап бүгінгі күнге дейін «Волков-

геология» АҚ «№23 Геоло гия лық

бар лау экспедициясы» филиалын -

да бас механик бо лып жұмыс істей -

ді. Аудан эконо микасының өркен -

деуіне, әлеу 

мет тік жағдайының

көтерілуіне қосқан үлесі үшін №23

Геоло гиялық барлау экспедициясы-

нан мадақтау лар алған. Қазақстанға

1980 жылы қоныс аударған. Сыр

өңірінде талмай еңбек етіп жүрген

азамат тар дың бірі. Қазақ әзіл-

сықақтарына бай. Омарташы. Бі-

лікті маман. Өз ісінің білгірі. Қазақ

халқын өзінің туыс бауыры деп са-

найды, қазақ тілін еркін меңгерген.

Отбасылы, екі ұл-қыз тәр 

биелеп


отырған азамат. Қазақстанның бо -

ла шағына үлкен сеніммен қарайды.

Кременчук Борис Васильевич,

1951 жылы, 4 тамыз айында Бур-

линский ауданы, Обловка ауылын -

да туылған. 1967 жылы орта мектеп -

ті аяқтаған. Украин халқының ту-

масы. 1968-1974 жылдары Старо-

оскольский геологиялық барлау

техникумын оқыған. №81 Геология -

лық барлау экспедициясында бұр -

ғылаушы болып еңбек жолын бас -

таған. 1975 жылы бұрғылау партия -

сының шебері, 1985 жылы аға ше -

бер, 1991 жылы бұрғылау жұмыс  -

тары жөніндегі бастықтың орынба-

сары, 1993 жылы №23 Геологиялық

барлау экспедициясына ауысу тәр -

ті  бімен далалық отряд бастығы,

1995 жылы ПВ-1 кенішінде бұрғылау

жұмыстары учаскесі бастығының

орынбасары, 1999-2000 жылы бұр -

ғы лау шебері, 2004 жылы Мойын -

құм кен орнында бұрғылау жұмыс -

 тары учаскесінің бастығы болып

еңбек еткен. 2007 жылдан бастап

қазіргі кезге дейін “Хорасан” бұрғы -

лау партиясының бастығы қызметін

абыройлы атқа руда. Шиелі кентінің

тұрғыны. Ел экономикасының өркен -

деуіне өз үле сін қосып жүрген аза-

мат. Аудан эко номикасының өркен -

 деуіне, әлеу меттік жағдайының кө -

терілуіне қосқан үлесі үшін Шиелі

ауданы әкімінен алғыс хат, «РУ-6»

ЖШС-нен алғыс хат, №23 Геоло гия -

лық барлау экспедициясынан

мадақ  таулар алған.   

Ахтаев Ахмед Магомедович,

1954 жылы 15 наурызда Алматы об -

лысы, Еңбекші ауданында дүниеге

келген. 1971 жылы орта метепті біті-

ріп, 1972 жылы ДОСААФ мектебін

бітірген. Ұлты-шешен. 1974-1981

жылдары Шиелі ауданындағы меке-

мелерде  автокөлік жүргізушісі бо -

лып істеген. 2009 жылы  «Волковгео -

логия» АҚ «№23 Геологиялық бар-

лау экспедициясы» филиалында

автокөлік жүргізушісі, 2014 жылдан

бастап бүгінгі таңға дейін автокөлік

жуушы болып жұмыс атқаруда. Жа -

ны еңбекке құмар, Қазақстанды өзі -

нің Отаны деп санайды. Аудан эко -

номикасының өркендеуіне, әлеумет -

тік жағдайының көтерілуіне қосқан

үлесі үшін Шиелі ауданы әкімінен

алғыс хат, №23 Геологиялық барлау

экспедициясынан мадақтаулар

алған.   



Н.ӘЛЖАНОВ, 

жетекші заңгер, 

А.АХМЕТЧЕЕВ,

жетекші инженер-эколог.

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНА – 20 ЖЫЛ

Жеңістің

70 жылдығына

87 күн қалды

АНА


АНА

Ана барлығымыз үшін аса қадірлі жан, сондай-ақ, адамзат өміріндегі ең қастерлі, ең қасиетті

сөздердің бірі.  Бұл тақырыпқа қалам тартпаған жазушы мен ақын жоқ шығар, сірә. Ана сөзі

жүрегімізге жылы естілетіні сонша, ең әуезді әуенге қосып, жырлап та кеткің келеді. Әнші, сазгер-

лер осы тақырыпты қаузағанда жан-тәнімен берілетіні кәміл. Орыс классиктерінен ана

тақырыбына М.Горький қалам тартса, қазақ әдебиетінің тау тұлғалы өкілдерінің бірі саналатын

Ғ.Мүсірепов аналарға арнап жазған туындылары  арқылы жаңа суреткерлік қырынан танылды.

Ел арасында дүниеде ешбір жан тоқтата алмаған Әмір Темірге анасы ғана тоқтау салған деген

аңыз бар. Қай заманда, қай дәуірде болса да адамзат баласының аналарға деген құрметі ерекше.

«Ана бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» деп айтылады халық

даналығында. Біздің бүгінгі әңгімеміздің басты кейіпкері болып отырған Наталья Ивановна Слеп-

кова осы құрметтің барлығына лайық ардақты ана. Ол Ұлы Отан соғысының бел ортасында

болып, фашистер жасаған қанды қырғынды көзімен көрген Ростовтың тумасы. Біздің елге

қазақтың Әбсадық есімді қаракөз жігітіне ғашық болып, ерім деп таныған жанмен қол ұстасып

бірге келген. 

Қазақстан Республикасының Президенті, Ас-

самблея Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

2015 жылды Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы

деп жариялады. Осы Ассамблея жылына орай ин-

дустриалды-аграрлық колледжінде «Тірегіміз-

татулық, тілегіміз-тыныштық» атты мерекелік

іс-шара болып өтті.

Айтулы мерекеге арналған шараны колледж ди-

ректоры Мейрамхан Дүйсенов ашып беріп: «Бүгінде

әлем елдері Қазақстанды көп ұлтты мемлекет ретінде

біледі. Елдегі ұлт пен ұлыстың мызғымас таулығы,

бірлігі өзгелерге үлгі боларлықтай. Бір шаңырақтың

астында ғұмыр кешкен  олардың тілегі де, жүрегі де

бір. Себебі, қиын-қыстау кезеңде бауырына басып,

бір нанды үзіп жеген қазақ жұрты олардың нағыз

Отаны. Мерекесі мен берекесі, татулығы мен

ынтымағы жарасқан қазақ елінің тұғыры қашанда

берік болғай», деп сөзін қорытындылады. Маңызды

іс-шараның құрметті қонағы, Қазақстан халқы

Ассамблеясының мүшесі, шешен диаспорасының же-

текшісі Сұлтан Шабаев болды. Мерекелік шараның

арнайы қонағы ретінде шақырылған Сұлтан Әлиұлы

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Мемлекет бас-

шысы Нұрсұлтан Назарбаев: «Біздің баға жетпес

байлығымыз-бірлігіміз. Татулық – тұрақтылықтың ең

басты тұғыры. Ал тұрақтылық – ұдайы дамудың бір-

ден-бір кепілі» деген болатын. Ешқандай байлықпен

салыстыру мүмкін емес, құн жетпес қазынамыз бірлі-

гіміз, татулығымыз тұрақты болғай» деді. 

Мәңгілік ел болуды мақсат еткен Қазақ елі – бүгіні

мен ертеңін ғана емес көз жетпес көкжиектен арғысын

ойлаған ел. Ешқандай мызғымайтын тұғыры мықты,

ешқашан үзілмейтін ғұмыры ұзақ Мәңгілік еліміздің

болашағын баянды ететін бір ғана ұйытқы - ел бірлігі,

ел ынтымағы, ел татулығы! Мәңгілік ел жасасын!

Шаңырағымыз шайқалмасын. Ел бірлігі жылы-



Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы құтты болсын!

Қайрат ИСМАИЛ.

Тірегіміз - татулық, тілегіміз - тыныштық 

ОЗАТ ГЕОЛОГТАР ОРДАСЫНДА

Биыл мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев -

тың тікелей бастамасымен және жетекшілік етуімен


  1   2   3   4


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал