Шиелi ауданыныѓ ћоѕамдыћ-саяси газетi №11 (8261) 11 ақпан сәрсенбі



Pdf көрінісі
бет4/4
Дата28.02.2017
өлшемі9,64 Mb.
#5058
1   2   3   4

Азиз ЖҰМАДІЛДАҰЛЫ.

МҰҚАҒАЛИҒА

арнау

Бала кезіңнен жүрекке өстің сыр құйып,

Бозбала шақта баурады және жыр-ұйық.

Таңдай қақтырып, талабың таудай танылып,

Атандың міне, ақиық ақын тұңғиық.

Өз отыңа жылынып алауладың,

Мансап үшін жағымпаз бола алмадың.

Жырыңменен жылытып жасығанды,

Ар алдында әрқашан алаңдадың.

Жастардың бесігінде тербетілдің,

Қойшының басында ұйықтап керуетінің.

Үш бақытын қадірлеп жырға қосып,

Амандығын тіледің жер бетінің.

Жыр жолдарға сен жазған бәрі риза,

Арасында мұң шақтың Фаризаға.

Сәби болғың келіп те кетті кейде,

Адал болдың, бірақ та тек музаға.

Қиындыққа шыдадың, бөгелмедің,

Сағынышты сезіммен шегендедің.

Мұқағали өлген жоқ, өлмейді де,

Тұрған кезде өміршең өлеңдерің.

Асқар ЕСІМ,

№205 мектеп директоры.

Қазақстан халқы Ассамблеясы жүздеген ұлттың

басын қосып, арман-тілегін бір арнаға тоғыстыр ған

толеранттылықтың өзге елде жоқ ерекше үлгісі. Аумалы-төкпелі

заманда жерімізге қоныс тепкен түрлі этностардың тағдыры

бүгінде қазақ елімен бір. Олардың бүгінгі күні бір ғана Отаны бар.

Ол – елдігін биік ұстаған - Қазақ елі!

Ел Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблея-

сын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші

жылына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында

жариялаған болатын. Елбасының бұл көреген идеясы 1995 жылы

жүзеге асып, ұлт пен ұлысты бір арнаға тоғыстырған саяси ұйым

болып қалыптасты. Мұндай институтты құру қажеттілігі саяси

тұрғыдан, сондай-ақ, жаңадан құрылған, тәуелсіз, полиэтносты,

поликонфессиялық мемлекеттің тұрақты дамуы тұрғысынан

туындаған еді. Жиырма жылдық тарихында Ассамблея қарқын -

ды дамып, елеулі өзгерістерді бастан кешірді. Осы жылдар

ішінде Қазақстан халқы Ассамблея сының институционал дық

құрылымы нығайып, қоғамды ұйыстыру шы әлеуеті толысты, ол

халық дипломатиясының маңызды күре 

тамы рына айналды.

Бүгінде Ассамблея ел Президенті Төрағалық ететін конституция -

лық орган болып табылады. Бұл оның ерекше мәртебесін айқын -

дайды. Қазақстан халқы Ассамблеясы дүние жүзіндегі татулық

пен түсіністікті сақтаудағы теңдессіз ұйым ретінде бағаланады.

Бүгінде қазақ елінде көптеген ұлт өкілдері бейбіт өмір сүріп

келеді. Түрі басқа болғанымен, тілегі бір жүздеген ұлт елдегі бір-

лікті ту етіп ұстанып отыр. Республикада Қазақстан этностары -

ның мәдениет тері, тілдері, дәстүрлерінің дамуына қажетті бар -

лық жағдай жасал ған. Этномәдени бірлестіктердің өзінің саны

тұрақ ты өсуде, қазір олар 800-ден асады, оның ішінде 28-і рес -

пуб ликалық, 15 тілде газет-журнал, 8 тілде радиобағдарламалар,

7 тілде телебағдарламалар шығады. Білім беру толықтай өзбек,

тәжік, ұйғыр және украин тілдерінде жүргізілетін 88 мектеп жұмыс

істейді. 108 мектепте 22 этностың тілі жеке пән ретінде жүргізі -

леді. Осымен қатар, балалардан басқа үлкендер де 30 этнос тіл-

дерін оқуға мүмкіндік алған 195 этно-білім беру кешендері,

жексенбілік және лингвистикалық мектептер ашыл ды. Қазақ және

орыс театрларын қоспағанда елімізде тағы төрт ұлттық - өзбек,

ұйғыр, корей және неміс театрлары жұмыс істейді. Әр жыл сайын

Қазақстан этностарының тілдерінде бірнеше ондаған жаңа кітап-

тар жарық көреді. Жыл сайынғы халықтық мерекелер Наурыз, 1

мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі, масленица, сабан-

той дәстүрге айналды. Егер мемлекеттің қалыптасу кезеңінде

басты міндет этносаралық төзімділік пен қоғамдық келісім негі-

зінде қоғамды ұйыстыру болса, ел дамуының жаңа кезеңінде,

страте гиялық басымдық ретінде, қоғамның барлық азаматтары

мойын даған ортақ құндылықтар мен қағидаттар жүйесіне негіз-

делген Ұлт Бірлігіне жету болып табылады. Сондықтан, 2010

жылы сәуірде азаматтық қоғам мен мемлекеттік институттардың,

азаматтардың сындарлы ұсыныстарын жинақтаған Қазақстан -

ның Ел Бірлігі Доктринасы қабылданды. Қазақстанның Ел бірлігі

Доктринасы - халықтың, уақыт талабына сәйкес, бірігу қажеттігін

түсінуіне негіз. Бұл - бізді қандай күш біріктіреді және біртұтас

етеді - соны түсіндірудің тәсілі. Бұл болашаққа бірігіп ұмтылудың

серпіні.


Ассамблеяның жұмысын жандандыруда сан ұлттың бала-

сына саялы мекен болған Сыр өңірінің орны ерекше. Себебі, об-

лыста 35-тен астам ұлт пен ұлыс тату-тәтті өмір сүруде. Сон -

дай-ақ, олардан құрылған 11 ұлттық-мәдени орталығы жұмыс

жасап жатыр.

Шиелі ауданында да 21 ұлт өкілі тұрады: қазақтар – 73789,

орыстар – 1500, корейлер – 1110, шешендер – 85, украиндар –

76, басқа ұлттар – 561 адам. Олар еліміздің өсіп өркендеуіне өз

үлестерін қосады деп сенемін. Еліміздің осындай әрбір азаматы

ел әлеуметінің өсіп-өркендеуіне қосып келе жатқан үлестерін

бағалай білу баршамыздың парызымыз деп танысақ мызғымас

еліміз мықты бола түсетіні анық.



Сұлтан ШАБАЕВ,

Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі.

Жаңа кітап

Мәнді,

мағыналы

жинақ

Жуырда ғана “Полиграфия”

баспасынан ауылшаруа шылы -

ғы ғылымдарының докторы,

жерлесіміз Құрманбек Бәкір 

-

ұлы ның “Сен де бір кірпіш дү -



ниеге…” атты жаңа кітабы жа -

рыққа шықты.

Қолдарыңызға тигелі отыр-

ған бұл кітап ауыл шаруашы -

лығы саласында еңбек етіп

жүрген мамандарға таптырмас

көмекші құрал екенін айту

ләзім. Ғалым ағамыз күріштің

“Маржан” сортының тұңғыш ав-

торы екені белгілі.



“Өскен өңір” ақпарат.

Жеңісті жақындатқан

жайсаңдарым!

Аялайық ұлылардың есімін,

Тыныштықтың әлдилеген бесігін.

Майдангерлер азайып бара жатыр,

Ағаларға арнау айтсақ несі мін?!

Таппады ағаларым бір жан тыным,

Оғы борап снаряд пен танкінің.

Асқақтасын ардагерлер атағы,

Мерейін де үстем етіп даңқының.

Қолға бермей асыл ерлер намысты,

Күні-түні көз ілместен шабысты.

Гитлер де біздің елдің-қазақтың,

Қайтпас қайсар мінезімен танысты.

Аяз қысып, төкті қыста қаһарын,

Сиретпеді нар тұлғалар қатарын.

Біздің Ерлер сеніп тұрды қаймықпай,

Арайланып нұрлы күннің атарын!

Гулзар БАШАРОВА.

штаттан тыс тілші.

Түсінбеске

сөз

шығындама!



Ақылды да емеспін,

Ақымақ та емеспін.

Өз пікірім, ойым бар,

Ілбіп жүрген жайым бар.

Өзім мықты емеспін,

Жан-дүнием керемет.

Сол жанымды түсінбес,

Пенделер бар не керек?

Қу жаныңды түсінбес,

Кейде әкең де, шешең де.

Түсінбеске сөз шығын,

Болар кейде бекерге…

Ақылды да емеспін,

Ақымақ та емеспін.

Жалғыздықпен алысып,

Тағдырыммен егестім.



Ақнұр МЭЛСҚЫЗЫ.

Жуырда “Арман” мәдениет

үйінде    «Демеу-Шиелі»     фи -

ли а лының «Өнерлі бала елдің

көркі!» атты  есеп беру кон-

церті болып өтті. Концерт бас-

талмас бұрын фойеде сурет

үйірмесінің  көрмесі мен  қол -

өнер үйірмесінің оқушылары -

ның қол өнер бұйымдарынан

жеке көрме қойылды. Экран-

нан жыл бойы өткен іс-шара-

лардан жасалған арнайы

видеоролик көрсетілді. Салта-

натты жиын өткізілетін орын

мерекелік кешке сәйкес  без-

ендірілді. Сурет, қол өнер, ән-

би, сахналық қойылымы үйір -

мелері мен спорт майтал ман -

дарның өнерлерін  паш етті.

Жылдың  үздіктерін жақсы іс -

тердің ұйытқысы, білікті бас -

шы, «Демеу-Шиелі» филиа лы-

ның директоры, аудандық

мәс лихаттың  депутаты, «Ша-

па ғат» медалінің  иегері Нәй -

ла Әбілқасымқызы марапат-

тады.


Есепті концертте «Ақерке»

би үйірмесінің кіші тобының

орындауында «Көбелектер

биі», Базарбай Сымбаттың

орындауында «Ассалау маға -

лейкум» әні, сахналық қойы -

лым үйірмесі «Жетім қыздың»

монологын,  Талғатқызы Му-

нира «Анашым» әнін, Махам-

бетова Ақерке «Мен қазақтың

қызымын» әнін, Әріпжанов Ра-

мазан «Сыйла»  әнін «Ақер ке»

би үйірмесінің  орта топ

мүшесі Тыныштықова Елда 

-

наның орындауында «Үнді»



биі, Спорт орталығы көрі ніс -

тері, Базарбай Сымбаттың

«Көңілді күн» әні, көңілді тап -

қыштар клубының қойылымы,

Нұртазаева Арунаның орын -

дау ындағы «Алтын бесік» жә -

не  «Лоу Вега» биі көпшіліктің

көңілінен шықты.



Дархан

ПАЛМАҒАНБЕНТОВ. 

Суретті түсірген 

Ғани ӘЛІМБЕТОВ.

Өнерлі бала елдің көркі

Жаңа білімге заманауи көзқарас

Ассамблея – 

бірлікке 

бастар жол



Ауыл жаңалығы

Бүгін менің

туған күнім

ой-пәлі ай..

Мұқағали  ақынның бұл өле -

ңін білмейтін қазақ жоқ шығар.

Осындай қазақтың қабырғалы

ақынына арналған іс-шара Бала

би ауылдық мәдениет үйінде өт -

кізілді.  Ауылдық округ әкімшілігі,

кітапхана, мәдениет үйі, мектеп

оқушыларымен бірігіп «Мұқағали-

мәңгі жыр, мәңгі дастан» атты

кеш өткізілді. Кеште №50 мектеп

оқушылары жырларын жатқа

оқы са, ауыл өнепраздары ақын -

ның сөзіне жазылған әндерді

орындады. 

Е.Әлжанов - «Саржайлауым»,

Е.Атабаев - «Күрең күз», Ә.Мұса -

таев - «Сенің көзің», А.Дүйсен қы -

зы - «Есіңе мені алғайсың» сияқ -

ты кең тараған әндермен көп ші -

лік тің көзайымына айналды.

Ақын Тал ғат Күзембаев Мұқа ға -

лиға арна ған жырын оқып, дом-

бырамен «Бүгін менің туған кү -

нім», «Фариза қыз» әндерін әуе -

летті. Әде 

би-сазды кеш 

ті ауыл


ақсақалы, ардагер ұстаз А.Бә 

-

кіров ақ батасын беріп, аяқта ды. 



Қ.ЖИДЕБАЙ.

Бала би ауылы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет