Сəндік аппликация Дағдыларды қалыптастыру:
1) ересектер дайындаған ірі жəне өте ұсақ ою элементтерін орналастыру жəне жапсыру;
2) шаршының ортасына, бұрыштарына қазақ ою өрнектерін жапсыру;
3) пішінін, түсі мен көлемін, ескере отырып, заттар мен ою-өрнектерді орналастыру;
4) геометриялық элементтерден өрнек құрастыруға үйрету.
Күтілетін нəтижелер:
бейнелеу өнеріне қажетті негізгі техникалық дағдыларды меңгерген; қағаздың қасиеттері жайлы біледі: жыртылады, мыжылады, белгілі ретпен түрлі пішінді, көлемді түстегі бөліктерді орналастырып,
дайын бейнені қағазға жапсыра біледі; ересектер дайындаған түрлі пішінді қағаз бетіне заттарды орналастырады;
дайын пішіндерден қарапайым композицияларды құрастыруға қатысады;
ұқыпты жұмыс жасай алады: желімнің қалдықтарын сүртуге майлықты пайдаланады.
Достарыңызбен бөлісу: |