Нұсқау: Сіздің алдыңызда күрделенген педагогикалық жағдайлар қатары берілген. Әр берілген жағдайды оқи отырып, өз педагогикалық пайымдауыңыз бойынша көрсетілген нұсқаудың біреуін таңдайсыз. Егер берілген нұсқаулардың ешқайсысына көңіліңіз толмаса, онда жетінші нұсқаға өзіңіз дұрыс деген ойыңызды жазыңыз.
1) Сіз сыныпты тыныштандырып, сабақты бастап кеттіңіз. Бір уақытта оқушының қатты күлкісі естілді. Сіз тосыннан ештеңе айтып үлгермей, оған таңдана қарап едіңіз, ол сізге тіке қарап: "Сіз сабақ түсіндірген кезде менің сізге қарап күлкім келеді."
Сіз қандай шешім қа6ылдайсыз?Төмендегі жауаптардың ішінен сіздің шешіміңізге сәйкес келетін жауапты белгілеңіз. 1. "Қарай гөр, өзін!"
2. "Саған не күлкілі?"
3. "Еркің білсік"
4. "Есің дұрыс па?"
5. "Көңілді адамдарды ұнатамын!"
6. "Сенің көңіл-күйіңді көтергеніме қуаныштымын."
7._______________________________
2) Сіз сабақ берген бірінші күніңізде немесе бірнеше күннен соң, оқушы сізге: "Менің ойымша, сіз мұғалім ретінде бізге ештеңе үйрете алмайсыз."
Сіз не деп жауап бересіз? 1. "Сенің ісің мұғалімге үйрету емес, өзің оқуың керек".
2. "Әрине, мен сендейлерге ештеңе үйрете алмаймын".
3. "Саған басқа сыныпқа ауысып, басқа мұғалімнен оқуың керек шығар".
4. "Шындығына келгенде, сенің оқығың келмейді".
5. "Неге олай ойлайтыныңды білгім келеді".
6. "Бұл туралы нақтырақ сөйлессек қайтеді? Мүмкін мен бір нәрсені дұрыс істемегендіктен сенде осындай ой туып отырған шығар?"
7.______________________________________
3) Мұғалім оқушыларға тапсырма берді. Оқушы берілген тапсырманы орындағысы келмей:
- Орындағым келмейді, -деді.
Мұзалім әрекеті? 1. "Орындағың келмесе орындатамын!"
2. "Онда сен неге мектепке келдің?"
3. "Дым білмей қалғаның өзіңе жаман. Сен оқымай өзіңе жамандық жасап тұрсың."
4. "Мұның немен аяқталатынына сен есеп бересің бе?"
5. "Не себепті екенін сен маған түсіндіре аласың ба?"
6. "Мүмкін сенікі дұрыс шығар. Бұл туралы отырып сөйлесейікші."
7.___________________________________
4) Оқушы оқу үлгеріміне, қабілетіне көңілі толмай және жаңа тақырыпқа дұрыстап түсіне алмай, мұғалімге: "Мұғалім, мен келешекте жақсы оқып, сыныптағы басқа балалардан озады деп ойлайсыз ба?"