Шығыс Қазақстан мәдениет басқармасы


Күйзеліске қарсы тұра алушылықты анықтау



бет6/26
Дата11.05.2023
өлшемі0,67 Mb.
#91815
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
Тест жинағы "Әдістемелік құрал психологиядан"

Күйзеліске қарсы тұра алушылықты анықтау

Соңғы жылда өз басыңыздан өткен оқиғалар мен түрлі жағдайларды есіңізге түсіруге тырысыңыз және "жинаған" ұпайыңыздың жалпы санын есептедіз.


Дәрігерлер Холмс пен Раге (АҚШ) өздерінің бес мыңнан аса емделушілерінің күйзеліске әкеліп соғатын түрлі өмірлік жағдайларының ауруға қатынасын (оның ішінде жұқпалы аурулар мен жарақаттар да бар) зерттеген. Олар психикалық және ағза аурулары адам өміріндегі белгілі бір жағдайлардың әсерінен болады деген қорытындыға келген. Зерттеулердің нәтижесінде олар өмірдің әрбір оқиғасына арналған шкала құрастырды, күйзеліске әкеліп соғу деңгейіне сәйкес әрбір жағдайға ұпай саны берілген. Жүргізілген зерттеулерге сәйкес, 150 ұпай ауруға шалдығу қаупінің 50%-ын, ал 300 ұпай 90%-ын құрайтындығын анықтаған.
Күйзеліске ұшыратуы мүмкін түрлі жағдайлар мен оқиғалар берілген тізімді мұқият оқып шығыңыз. Содан соң берілген ұпай санына мән беріп, әрбір бөлікті қайта қарап шығыңыз. Әрі қарай соңғы екі жылда өміріңізде болған оқиғалардың орташа санын (1 жылдың ұпайларының орташа санын есептеңіз) шығарыңыз. Егер бір оқиға бірнеше рет қайталанған болса, шыққан нәтижені сол санға көбейту қажет.
Қорытынды сан сіздің күйзеліске қарсы тұра алушылық деңгейіңізді де анықтайды. Ұпай; санының жоғары болуы. Сізге қауіп төнгелі тұрғанынан хабар береді. Сондықтан да сіз күйзелісті жою үшін әрекететуіңіз қажет. Шыққан нәтиженің тағыда бір маңызы бар — күйзеліске қатысты жүктемеңіздің қаншалықты (сан түрінде) екенін көрсетеді.
Мысалы, егер де нәтиже бойынша 300 ұпай шықса, ол психосоматикалық ауру қаупінің төнгенін білдіреді, себебі сіздің жүйке жүйеңіз әбден жұқарудың аз-ақ алдында тұр. Сол себептен де өз жай-күйідізді қалыпқа келтіруіңіз немесе психотерапевтке көрінуіңіз қажет.



Өмірлік жағдайлар

Ұпай

1

Жұбайыңыздың қазасы

100

2

Ажырасу

78

3

Ерлі-зайыптылардың бөлек тұруы (ажырасуды рәсімдемей), серіктесіңізбен қарым-қатынастың үзілуі

65

4

Түрмеде отыру

63

5

Отбасыңызға өте жақын адамның қазасы

63

6

Жарақаттану немесе ауру

53

7

Отбасын құру, үйлену тойы

50

8

Жұмыстан шығу

47

9

Ерлі-зайыптылардың татуласуы

45

10

Зейнеткерлікке шығу

45

11

Отбасы мүшелері денсаулығының өзгеруі

44

12

Серіктесіңіздің жүктілігі

40

13

Жыныстық мәселелер

39

14

Отбасында жаңа мүшенің пайда болуы, нәрестенің дүниеге келуі

39

15

Жұмыстағы өзгерістер

39

16

Қаржы жағдайының өзгеруі

38

17

Жақын досыңыздың қазасы

37

18

Мамандықты өзгерту, жұмыс ауыстыру

36

19

Жұбайыңызбен арадағы кикілжіңнің өршуі

35

20

Ірі мүлікке несие алу (мысалы, үй сатып алу)

31

21

Несиені төлеу мерзімінің аяқталуы, қарыздың өсуі

30

22

Қызметтің ауысуы, қызмет жауапкершілігінің атауы

29

23

Ұлыңыздың немесе қызыңыздың үйден кетуі

29

24

Күйеуіңіздің (әйеліңіздің) туыстарымен арадағы мәселе

29

25

Жеке тұлғаңыздың үлкен жетістігі

28

26

Жұбайыңыздың жұмысты тастап кетуі (немесе жұмысқа орналасуы)

26

27

Білім беру мекемесіндегі оқудың басталуы немесе аяқталуы

26

28

Тұрмыс ахуалының өзгеруі

25

29

Жеке басыңыздағы әдеттерден бас тарту, мінез-құлық таптаурындарының өзгеруі

24

30

Басшылармен арадағы туындаған мәселе, кикілжің

23

31

Жұмыс тәртібінің немесе уақытының өзгеруі

20



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет