Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының



бет1/2
Дата28.04.2023
өлшемі31,29 Kb.
#87866
  1   2

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының
«Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК ОТЫРЫСЫНА БАЯНДАМА


Тақырыбы: «Психология-педагогикалық диагностиканы талдау және қорытындылау әдісі»
Дайындаған:Ихсанова А.С.
2019-2020 оқу жылы
«Психология-педагогикалық диагностиканы талдау және қорытындылау әдісі»


Психологиялық-педагогикалық диагностика – бұл оқу-тәрбие үдерісін оңтайландыру мақсатында студенттердің дербес-психологиялық сипаттамаларын зерделеуге бағытталған бағалау практикасы.
«Психологиялық диагностика» терминін алғаш рет ХХғ. 20 жылдарында пайда болып алғашқыда медициналық ғылымда (психатрияда: Г. Роршах «Психологиялық диагностика», 1921ж), содан кейін индивидтің немесе кіші топтың психологиялық күйін анықтауды сипаттайтын психологиялық түсінік ретінде қолданыла бастады.
Дәлірек айтқанда, Психодиагностика (психо... және diagnostikos - айырып тануға қабілетті) - адамның психикалық қасиеті мен күйін ғылыми дәлелді тәсілдер арқылы сандық сипатта бағалайтын және нақты сапалық тұрғыдан талдайтын, сөйтіп адам психологиясының көрінісі туралы дұрыс болжамдық мәлімет беретін ізденіс аумағы.
Психологиялық диагностика тек қана жалпы заңдылықтарды бекітіп,сипаттап қоймай, жағымсыз сәттерді жоюға да нақты көмек көрсетеді. Психологиялық диагностика адам психикасының ерекшеліктері туралы информация жинақтауға бағытталған.
Диагностика – дидактикалық процестің нәтижесін анықтау үшін қолданылады. Сондықтан да педагогикалық диагностиканың мазмұнына келсек. «Диагностика» түсінігінің мәні «білім, ептілік және дағдыларды тексеру» түсінігімен салыстырғанда едәуір тереңдеу әрі кең. «Тексеру» нәтиженің тек көрсеткіштерін ғана аңдатады, не себептен болғаны жөнінде дерек бермейді.
Диагностикалау кезінде нәтиже өзіне қол жеткізген әдіс-тәсілдермен бірге қарастырылады, дидактикалық процестің бағдар-бағытын, ілгерлі не кері қозғалысы анықталады.
Педагогикалық дигностика– педагогикалық мақсатты жетілдіру үшін алынған зерттеу қорытындысының талдауы негізінде жаңа ақпарат алу, білім берудің (оқу, тәрбие) сапасын жақсартуға және оқушы тұлғасын дамытуға бағытталған процесс.
Педагогикалық процесте диагностика келесі функцияларды орындай алады:
1. Констатациялау - белгілеу (ақпараттық).
2. Болжау.
3. Құндылық - бағдарлану (бағалау).
4. Өзіндік оқып-үйрену, өзіндік даму.
5. Дамытушылық (тәрбиелеуші).
6. Конструктивті.
Көптеген ғалымдар адамның тәніне тәуелсіз жаны болады деді. Жан барлық психикалық тіршілік негізгі себепші. Осының өзі сол кездегі адамның табиғат сырын дұрыс түсіне алмауына байланысты, бұлардың айтуынша табиғатқа табынбайтын ерекше күш бар деді. Адамның дамуын зерттейтін жеке бір сала ретіндегі бір пән болды.
Психологиялық диагностика тек қана жалпы заңдылықтарды бекітіп,сипаттап қоймай, жағымсыз сәттерді жоюға да нақты көмек көрсетеді. Психологиялық диагностика адам психикасының ерекшеліктері туралы информация жинақтауға бағытталған.
Диагностика – зерттеу процесi немесе объект туралы толық ақпарат алудың жалпы тәсiлi.Диагностика әлеуметтiк технологияның маңызды компонентi болып табылады (мақсат - диагноз - болжам -бағдарлама - енгiзу және талдау). Осыған байланысты әлеуметтiк қызметтiң практикасында әртүрлi зерттеу әдiстерiнiң принциптерi, алгоритм процедуралары және тексеру тәсiлдерiн қосатынөзiндiк диагностикалық технология қалыптасады.
Оқыту диагностикасы – қандай да бір жүйенің күйін сипаттайтын белгілерді нақтылау және үйрену кезіндегі мүмкін ауытқуларды айту, олардың жұмыс тәртібінің бұзылуының алдын алу жолдарын айқындау болып табылады.
Тәрбие дигностикасы – тәрбиені тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара әрекеттерінде, тек қана тәрбие объектісі ғана емес, сонымен бірге субъектісі болып табылатын тәрбиеленушілердің өздерінің өзара әрекеттерінде іске асатын процесс.
Студенттердің болашақ кәсіби қызметтерін меңгеру мақсатында оқушылардың тұлғалық, жеке басының дамуын түсіне алу қабілетін қалыптастыру диагностикасы туралы мәлімет беру арқылы төмендегідей міндеттер туындады:
- оқушы тұлғасының дамуы мен қалыптасу факторларымен танысу;
- оқушылардың жан-жақты қалыптасу мәселелерін зерттеуді игеруі;
- оқушылардың дүниетаным, таным үрдістерінің, танымдық қызығушылықтарының қалыптасу жолдарын анықтау диагностикалық жұмыстар жүргізуі.
Ал, педагогикалық диагностикада әрбір сараптама, әрине, мүмкіндігінше мынандай көзқарастар тұрғысында қарастырылуы тиіс:
а) оқушылардың берілетін тәрбие мен оқыту мақсаттарын, баланың жеке басының даму деңгейі жайлы салыстырылған мәліметтерден (қалыпты деңгейде);
ә) осы жастағы балалардың дамуындағы жеке айырмашылықтар жайлы мәліметтерден;
б) алдынғы жас кезеңдеріндегі дамуы жайлы мәліметтерден;
в) болашақтағы дамуы жайлы мәліметтерден: дамуы үшін қажет ететін нәрселерді, балалардың ары қарай жақсы дамуына қолайлы жағдайларды анықтау (өзгерістер жағынан).
Психологиялық-педагогикалық диагностикада оқушылардың оқуға қабілеттілігіне байланысты жүргізілетін тәжірибелердің қиыншылығының ең бір негізгі себебі, оқушының белгілі қабілеттерін оқытушылар тапсырма беру кезінде, осы тапсырманы орындауы оның қабілеттілігіне ғана байланысты болмайды, сонымен бірге, мотивацияға, колледждегі оқуға бейімделіп, қалыптасуына және дағдыларына байланысты. Мен өзімнің 16 IS-IX тобының оқу жылдары бойынша педагогикалық-психологиялық диагностика қорытындысын төмендегі кестеде көрсеттім.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет