Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің



Pdf көрінісі
бет121/125
Дата21.12.2022
өлшемі15,32 Mb.
#58721
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   125
Байланысты:
1514000-Геоморфология-каз

 
Сабақ №43 
Тақырып: Неотектоника және бедер. 
Қазіргі деректер бойынша денудация қҧрлық деңгейінен жылына 0,05 мм жылдамдықпен тӛмеңдетеді екен. 
Бҧл орташа деңгейі 875 м қҧрлық денудация ықпалынан 17,5 млн жылда толығымен жойылып кетеді дегені сӛз. 
Таулардағы мҥжілу жылдамдығы одан да жоғары. Мысалы, мӛлшермен Тәжікістан жоталары (Вахш ӛзені алып 
шығатын тасындылар бойынша) жылына 1,6 мм жылдамдықпен мҥжіледі. Бҧл мӛлшерге қарағанда биіктігі 
1600 м жота тегістелуі ҥшін 1 млн жыл керек. Осыған қарамай, жер бетінде биік таулар да, терең шҧңғымалар 
да кездеседі. 
Таулы бедердің болуы жер бетінің тектоникалық қозғалыстарға байлангысты ҧдайы кӛтерілуімен ғана 
тҥсіндіріледі. Мҧндай кӛтерілімдер болғанын бір кезде ойпандарда қалыптасқан жас тҥзілімдердің қазіргі 
таулар мен биік жазықтарда орналасуына қарап білеміз. Мәселен, Кавказдағы кӛне тӛрттік тҥзілімдер ӛзен 
аңғарлары деңгейінен 600-700 м биіктікте жатыр. Плиоцендік теңіз тҥзілімдерді қазіргі теңіз деңгейінен 3 км-
ден жоғары биіктікте жатыр. Қазіргі Алатау таулары мен Алматы ойпаңы олигоценде деңгейі 150-200 м 
шамасындағы жазық алқап болған. Неогенде басталған тектоникалық қозғалыстар нәтижесінде Алатау 
жоталары кӛтеріліп, ал Алматы ойпаңы тӛмеңдей бастады. Қазіргі кезде Алатау 4000-5000 м-ге дейін асқақтай 
жоғары кӛтерілсе, Алматы ойпаңының табаны керісінше жер бетінен 3000 м-дей тереңде жатыр. Міне осы және 
басқа кӛптеген деректер жер қыртысының жаңа кезеңде белсенді қозғалысқа тҥскенің кӛрсетеді. 
Бҧл жаңа немесе неотектоникалық қозғалыстар деп аталады, оның нәтижесінде ӛлшемдері әртҥрлі 
қҧрылымдық пішіндер пайда болады. Жаңа кезеңдердегі неотектоникалық процесстер дамуының басты қасиеті 
– олардың жер беті бедерінде кӛрініс табуы. Қазіргі бедердегі ірі пішіндер қалыптасуы неотектоникалық 
процесстерге байланысты. Неотектоникалық қозғалыстар олигоцен-тӛрттік кезеңге ссәйкес келеді. Бҧл кезеңнің 
ҧзақтығы шамамен 25-35 млн.жылды қамтиды. Жер бетінің қазіргі келбеті де осы кезде қалыптасқан. Осының 
бәрі геоморфология мен неотектоника арасындағы тығыз байланысты білдіреді.
 
Жер қыртысының қазіргі замаңдағы қозғалысы. 
Тарихи кезеңдерде де жер бетінде тҥрлі тетконикалық қозғалыстар орын алды. Бҧл қозғалыстар аспаптық – 
геодезиялық, геофизикалық, астрономиялық әдістерді қолдану арқылы анықталыд. Континенттер ішіндегі 
қазіргі қозғалыстар жоғары дәлдікті қайталап ниверлеу жолымен анықталып, ӛлшеулер нәтижесінде кӛтерілу 
мен тӛмендеудің абсолют мәні есептеп шығарылады.
Қазіргі қозғалыстардың геологиялық-геоморфологиялық белгілерді теңіздер мен ҥлкен кӛлдер 
жағалауларында анық байқалады. Жер қыртысы тӛмен тҥскен жерлерде жағалық сызық геократтық қозғалысқа 
тҥсіп, қҧрлыққа қарай қазғалады. Трансгрессия басталады: ӛзен атырауларының кӛлемі азайып, қайрандар 
лагуналарға ауысып, эстаурийлер қалыптасады. Жағаларда грунт сулары кӛтеріліп, батпақтанады. Жағалық 
сызықтар теңізге қарай қозғалады, яғни регрессиялық геократтық қозғалыстарда бедер ӛзгерістерді басқаша 
жҥреді: аралдар аралығы саязданып, жаңа қҧрлық бӛліктері пайда болады. 
Неотектониканы зерттеу әдістері
Неотеоктоникалық қозғалыстар мен олардың бедер пішіндеріне бӛлінуін зерттеуге әртҥрлі әдістер 
қолданылады. Олрадың ең бастылары – геологиялық, геофизикалық, геоморфологиялық әдістер. Барлық 


176 
жағдайлада бедерді дҧрыс пайымдап, неотеоника рӛлін толық білу ҥшін әдістер комплекін қолдану нәтижесінде 
болады. 
Қашықтан зерттеу әдісі – аэрофото және ғарыштық тҥсірілімдерді талдау, картографиялық әдістер 
неотектониа мен бедерді зерттеуде маңызды рӛл атқарады. Кейбір жағдайларда тарихи-археологиялық, 
биогеографиялыӛ және басқа әдістердің де алатын орны ерекше.
Жаңа қозғалытсрды анықтаудың ең қолаулы геоморфологиялық нысаны – ӛзен аңғарлары. Ӛзен арнасы 
тектоникалық қозғалыстарға ӛте сезімтал. Террасаларды талдау (саны, салыстырмалы биіктіктері, типі) аңғар 
дамуының геологиялық тарихын білуге кӛмектеседі. Қозғалыстар қарқындылығын әр террасаның эрозиялық 
тілінім тереңдігі мен олардағы аллюфий қалдығына қарап бағалауға болады. 
Жаңа қозғалыстар бӛлінуінің сезімтал индикаторы – гидрографиялық торпа қҧрылысы. Ӛзен торабы 
ӛзгерген жаңа жағдайға бейімделеді. Дифференцияланған тектоникалық қозғалыстар ӛзен арналарының 
иілімделуіне әкеледі. Тӛмендеген аудандарда орталыққа қарай бағытталған ӛзен торабы нақышы орын алады. 
Мҧндай қозғалыстар теңіз және кӛл жағалаулары мен қайраңда жақсы білінеді.
Неотконикалық карта жасау принциптері. 
Мҧңдай карталардың неше тҥрлі типтері болады. Сонымен қатар, неотектоникалық аудандау, жаңа 
тетокникалық қозғалыстардың жалпы ауытқҧлары мен қосынды градиенттер, әркездік неотектоникалық даму 
картасы, т.б. жасалады. Неотектоникалық карталар орта және ірі масштабты, аймақтық және ҧсақ масштабты, 
жалпы шолулық типтерге бӛлінеді. 


177 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет