Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің



Pdf көрінісі
бет120/125
Дата21.12.2022
өлшемі15,32 Mb.
#58721
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   125
 
 
 


172 
2. 
Морфогенетикалық ҧстаным бойынша жасалған әр масштабты 
геоморфологиялық карталар. 
Морфогенетикалық ҧстанымы бойынша жасалған ірі масштабты геоморфологиялық карталардың негізгі 
тҥсіру нысаны - бедердің жеке пішіндерімен элементтері және олардың генезисі. Жоғары тақырыптарда 
айтылып кеткендей, бедер элементтері жер беті бедерінің ең жай категориясы, бҧған жеке беткейлер, 
кертпештер, шыңдар, тӛбелер, тӛбешік етектері, ӛзен жағалары және т.б. жатады. Бедер пішіндері - кӛлемді 
келген табиғат қҧрылымының алуан тҥрлері. Олардың биіктігі (не болмаса тереңдігі), ҧзындығы және ендігі 
бар, оң немесе дӛңес және ойыс пішіндер болады. Аумақтың биіктігі жер бетінің орташа гипсометриялық 
деңгейден жоғары болса бҧларды оң (дӛңес) бедерлер дейді, ал жер бетінің орташа гипсометриялық деңгейден 
тӛмен болса – теріс, ойпаң пішіндер делінеді. 
Орта масштабты геоморфологиялық картаның негізгі тҥсіру нысаны – бедердің генетикалық типтері 
(генетические типы рельфа). Бедердің генетикалық типтері - белгілі бір табиғат әрекетінен қалыптасқан, 
морфологиялық, морфометриялық және генезис жағынан ҧқсас жер беті пішіндерінің заңды тҥрде ҥйлескен 
табиғат қҧрылыстары. Мәселен, жел әрекетінен пайда болған бедердің эолдық типі, мҧздық әрекетінен 
қалыптасқан бедердің мҧздықтық типі, теңіз әрекетінен тҥзілген бедердің теңіздік типі және т.б. Ал, ҧсақ 
масштабты геоморфологиялық карталардың негізгі тҥсіру нысаны – алдымен бедердің класы (таулар, жазықтар, 
тӛбелер) және класс тарамдары, одан кейін қажетті жағдайларда картаның масштабына сәйкес болса бедердің 
генетикалық типтері де тҥсіріледі. 
Геоморфологиялық карта жасау ҥшін оған сәйкес геоморфологиялық шартты белгілер жасалынады. 
Геоморфологиялық шартты белгілер дегеніміз - бҧл карта бетіндегі бедердің әр тҥрлі таксонометриялық 
жиынтығының шартты белгілер жҥйесі. Ол геоморфологиялық картаны қҧрайтын негізгі және қажетті бӛлігінің 
бірі. Шартты белгілерсіз геоморфологиялық карта ӛзінің мазмҧнды сипаттамасын толық тҥсіндіре 
алмайды. Әр аумақтың бедер пішіндері негізінде олардың морфология, генезис және жасы жағынан 
ажыратылады. Бедердің осындай морфогенетикалық принциппен жҥйелі тҥрде жіктелуі басқа әдістермен 
қҧрастырылған шартты белгілермен салыстырғанда ең қолайлысының бірі деп санауға болады, ӛйткені ол бедер 
туралы мәліметтерді картаның бетіне едәуір толық бере алады. 
Мҧндай жағдайда бедердің әр генетикалық типіне картаның шартты белгілерінде кӛрсетілген тҥсі сәйкес келуі 
тиіс: аллювийлік генезисіне - жасыл, денудацияланған бедерлеріне - қоңыр, эолдық пішіндеріне - сары 
бояу. Ал жеке бедер пішіндері мен элементтері (жыралар, сайлар, тӛбешіктер, шҧңқырлар, арналар, террасалар, 
кертпештер, беткейлер және т.б. арнайы бекітілген шартты белгілермен кӛрсетіледі. Сӛйтіп, морфогенетикалық 
принциппен жасалған геоморфологиялық картаның шартты белгілерін сапалы (тҥрлі-тҥсті) фонымен, әр тҥрлі 
бедер- сызаттармен, сызық белгілермен және әріп индекстерімен дайындап жасау қажет. 
1-кестеде морфогенетикалық ҧстанымына негізделген және геожҥйе ақпараттық тәсілмен жасалынған Орталық 
Қазақстан және Балқаш аумағының ҧсақ масштабты геоморфологиялық карта жасалынды. 
 
Орталық Қазақстан және Балқашмаңы аумағының геоморфологиялық картасы 


173 
Ірі масштабты геоморфологиялық картаны жасау ҥшін мынадай орындау тәртіпті қолдану керек: 
1. Географиялық негізін дайындау. Аумағы топографиялық картаға сәйкес келген калька бетіне 
топографиялық картадан бҥкіл гидрография торын, негізгі тҧрғын мекендерді, градус торларын және 
жолдарды тҥсіру. 
Осылардың жиынтығы картаның географиялық негізін қҧрады. 
2. Алдын-ала жасалып қойған геоморфологиялық шартты белгілер бойынша даярланған калька бетіне 
бедердің негізгі генетикалық тҥрін (типін), пішіндерін және жеке элементтерін мәселен, әр еңістіктегі 
беткейлер мен 
кертпештер және алаңшалар, жеке тӛбешіктер мен шоқылар, жыралар-сайлар және олардың генезисін 
белгілеу. Олар бірімен-бірі геоморфологиялық шекаралармен қара тҥсті сызықтармен бӛлінеді. Бҧдан басқа 
бедердің жеке пішіндері мен элементтері арнайы белгілермен кӛрсетіледі. 
3. Шартты белгілермен сәйкес бедердің генетикалық типтерін сапалы (тҥрлі-тҥсті) фонмен бояу. 
4. Тҥрлі тҥсті фонмен немесе индекстермен бедер пішіндермен элементтерінің жасын кӛрсету. 
5. Арнайы шартты белгілермен қазіргі геоморфологиялық процестерді (ҥгілу, жыралық эрозия, 
гравитациялық процестер, ӛзеннің эрозия мен аккумуляция процестері, эолдық және антропогендік 
процестерді) бейнелеу. 
6. Картадағы рамкадан тыс шартты белгілерді безендіру (зарамочные оформление карты): 
а) рамканың жоғарғы жағына картаның атын жазу, масштабын кӛрсету; 
б) рамканың тӛмен немесе оң жағында геоморфологиялық шартты белгілерін жазу; 
в) картаның тӛмен оң жағында карта жасаушылардың аты-жӛнін және картаның жасалған жылын кӛрсету. 


174 


175 
3. 
Қазіргі геоморфологиялық процестер және оларды картаға тҥсіру 
Жалпы геоморфологиялық карта әдетте ежелгі геоморфологиялық процестер арқылы қалыптасқан бедер 
пішіндерін қағаз бетіне бейнелейді. Ал, қазіргі геоморфологиялық процестер жоғарыда айтылғандай қазіргі 
кезде тікелей кӛзбен шолып байқалатын процестер. Оларды картаға тҥсіру алдында ең алдымен бір жҥйеге 
келтіріп жіктеу қажет. Әр тҥрлі ҧстанымдарға негізделген қазіргі физикалық-географиялық процесстердің 
топтастырылуын кӛптеген зерттеушілер ҧсынған еді. Н.И.Николаев барлық экзогендік физикалық-
географиялық процестерді белдемдікті (зональный) және бейбелдемдік (азональный) немесе интразоналдық 
процестерге бӛлген. Белдемдік процестер - географиялық ендікке сәйкес ӛзгеріп отыратын табиғи процестер, ал 
бейбелдемдік немесе интразоналдық процестер деп белгілі бір зонаға тән емес кездесетін процестерді атайды. 
Белдемдік процестерге - ҥгілу, топырақ тҥзу, мәңгілік тоң, эолдық процестер және ағын сулардың әрекеті, ал 
бейбелдемдік(интразионалдық) процестерге - ауырлық кҥштерінің (гравитация), жер беті тҧйық сулары мен жер 
асты суларының әрекеті және адам әрекеті жатады. Т.В.Звонкова физикалық-географиялық процестердің 
жіктеуін олардың қозғалмалы, динамикалық даму ҧстанымдарына негіздеген. Сонымен бірге осы процестердің 
әр тҥрлі қҧрылыстарға жасаған әсерлерін және олардан қорғау шараларының сипаттамасын ҧсынған. 
Инженерлік геологияда эндогендік және экзогендік процестермен қатар эндолитогендік процестер де есепке 
алынады. Ол тау жыныстарының, адамның тікелей қатысуымен ӛзгеретін ішкі физикалық, химиялық 
қасиеттерімен қатар, молекулярлық, энергияның ӛзгеруіне байланысты. Осы топтастырылудың ішінде іс 
жҥзінде ең кӛп таралғаны геоморфологиялық процестердің генетикалық жіктелуі. Бҧл жіктелуінің 
ерекшеліктерінің бірі – геоморфологиялық процестердің пайда болу себептерін, яғни генезисін тікелей 
кӛрсетеді және осы зиянды процестерге қарсы кҥрес жҥргізу ҥшін тура бағаларын беріп, тиісті шаралар 
қолдануға мҥмкіншілік туғызады (Э.Палиенко, 1978).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет