4.13 тақырып. INTERBASE сервері. ДБ-сын құру.
Кестені құру кезінде кесте аты мен оның құрылымы беріледі. Дискіге сақтау кезінде
кестеге қатысты барлық қажет файлдар құрылады. Олардың аттары кесте атымен өзара
сәйкес келеді.
Paradox кестелері едәуір дамыған және мәліметтер қорын құруға өте ыңғайлы болып
табылады. Оның артық-шылық-тарына тоқталатын болсақ:
- әртүрлі типтерді бейнелеуге арналған өріс типтерінің көп болуы;
- мәліметтер тұтастығын қолдауы;
- енгізілуші мәліметтерді тексеруді ұйымдастыруы;
- кестелердің парольдық қорғауының болуы.
Өрістер типтерінің үлкен жинағынан қорда сақталған мәліметтер типін нақты
таңдауға мүмкіндік береді. Мысалы, сандық ақпараттың типін көрсету үшін бес сандық
типтердің бірін қолдануға болады.
Paradox кестесіндегі өріс аты әріптер (кириллица қолдануға болады) мен цифр-лардан
тұруы мүмкін және ол міндетті түрде әріптен басталып, ұзындығы 25 символдан аспауы
керек.
Конфиденциалды ақпараттармен жұ-мыс жасау кезінде кестелер мен олардың
өрістерін қорғау қажет болады. Paradox кестесінің әрқайсысына құрылымын өзгер-ту немесе
кез келген өрістегі мәліметті редакциялау үшін, яғни кестеде өзгертулер енгізу кезінде
қолданылатын негізгі пароль болуы керек. Сонымен бірге, нақты бір өріске немесе өрістер
тобына қатынауды шектейтін қосымша парольды да орнатуға болады.
108
Paradox кестесінің кемшілігі кесте-дегі мәліметтерді сақтау үшін өте көп файлдар
типтерін қажет етеді. Қандай да бір кестені бір каталогтан екінші бір каталогқа көшіру
кезінде осы кестеге қатысты бар файлдардың көшуін қам-тамасыз ету керек. Paradox
кестесінің файлдары келесі кеңейткіштерден тұрады:
- DB – мәліметтер кестесі;
- MB - BLOB – мәліметтер;
- PX – негізгі индекс (кілт);
- XG
*
,
YG
* -
қосымша индекстер;
- VAL – мәліметтер дұрыстығын және сілтеме тұтастығын тексеруге арналған
параметрлер;
- TV және PAM - Database Desktop программасындағы кестелерді шығару пішімдері.
Мәліметтер қорымен жұмыс жасауға арналған Delphi құралдарын екі түрге бөлуге
болады:
- иструменталды құралдар;
- компоненттер.
Инструменталды құралдарға құры-лушы қолданбадан тыс мәліметтер қорына қызмет
етуді қамтамасыз ететін арнайы программалар мен дестелер жатады. Компоненттер
мәліметтер қорымен опера-цияларды жүзеге асыратын қолданбаларды құруға арналады.
Мәліметтер қорымен операциялар жасау үшін Delphi келесі инструменталды құралдар
жинағын ұсынады:
- Borland Database Engine (BDE) – Delphi-қолданбасынан мәліметтер қорына
қатынауды ұйымдастыруға арналған динамикалық кітапханалар мен драйверлер жинағынан
тұратын мәліметтер қорының процессоры. BDE мәліметтер қорына қатынаудың орталық
звеносы болып табылады.
- BDE Administrator – BDE-нің түрлі параметрлерін баптауға арналған утили-талар.
- Database Desktop – SQL-сұраныстар мен QBE сұраныстарды, кестелерді құруға және
редакциялауға арналған программа.
- SQL Explorer – мәліметтер қоры мен мәліметтер сөздігін қарап шығуға және
редакциялауға мүмкіндік беретін мәлі-меттер қорының жол серігі.
- SQL Builder – SQL –сұраныстарын визуалды түрде құру программасы.
- SQL Monitor – қашықты мәліметтер қорына SQL –сұраныстарының орындалу ретін
бақылайтын программа.
- Data Pump – мәліметтер қоры арасында мәліметтерді тасымалдауға ар-налған
программа.
Енді, мәліметтер қорын құруға арналған компоненттерге тоқталатын бол-сақ,
мәліметтер қорымен байланыс Delphi-дің басқа да басқару элементтеріндей компоненттер
визуалды және визуалды емес болып екіге бөлінеді. Визуалды емес компоненттер кестедегі
мәліметтер қорына қатынауды ұйым-дастыруға арналады. Визуалды компонеттер
қолданбаның интерфейстік бөлігін құруға арналады. Олардың көмегімен қолданушы
мәліметтер қорындағы мәліметтерді қарап шығу, редакциялау сияқты операцияларды орын-
дай алады.
Мәліметтер қорымен жұмыс жасауға арналған компоненттер DataAccess, Data-
Controls, QReport т.б. беттерінде орналасады.
Мәліметтер көзі ретінде мәліметтер қорын, мәтіндік файлдарды, электрондық
кестелерді т.б. қарастыруға болады. Мәліметтер қорына арнайы программалар, яғни
мәліметтер қорын басқару жүйесі қызмет жасайды. Мәліметтер қорын басқару жүйесі бір
ғана қолданушыға арналған жергілікті қолданбалар және компьютерлерде-серверлерде
қызмет жа-сайтын серверлік болып екіге бөлінеді. Мұндай классификациялаудың негізі мә-
ліметтер қорын басқару жүйесіне түсетін жүктеме мен мәліметтер қорының көлеміне
байланысты. Жүзеге асыру түрлерінің әр қилылығына қарамастан мәліметтер қоры
қолданбасының архитектурасы өзгеріссіз қалады.
109
Мәліметтерді алу және жіберу механизмі мәліметтер көзімен қосуды қамта-масыз
етеді.
Мәліметтердің ішкі бейнелеу механизмі мәліметтер қоры қолданбасының ядросы
болып табылады. Ол алынған мәліметтерді қолданбада сақтауды және қолданбаның басқа
бөліктерінің сұраныс-тарына байланысты оларды мәліметтермен қамтамасыз етеді.
Мәліметтер қоры қолданбасы қалай-ша жұмыс жасайды деген сұрақ төңірегінде сөз
өрбітетін болсақ, Delphi репозиториясында мәліметтер қоры қолдан-басының өзіндік
шаблоны жоқ. Сондықтан Delphi ортасында жүзеге асырылатын кез келген қолданба тәрізді
мәліметтер қоры қолданбасы қарапайым формадан басталады.
Ақпараттық жүйе құру - жобалаудың күрделі үрдістерінің бірі. Жобалау мақсаты
жобалық құжаттарды дайындау және мекемені басқарушы «адам-машина» жүйесін ендіру
болып табылады. Жобалау үрдісі барысында объектінің анағұрлым маңызды сипаттамалары
анықталып, олардың сыртқы және ішкі ақпараттық ағымдары қарастырылып, зерттелінуші
жүйе мен оның элементтерінің матем-атикалық және физикалық аналогтары құрылып,
техникалық басқару құралдары мен адамның өзара әрекеттесу шарттары бекітіледі.
Ақпараттық жүйені автоматтандыру сатыларын төмендегі суретте айқындайды:
Сурет 1. Ақпараттық жүйені автоматтандыру сатылары
Ақпараттық жүйенің қазіргі уақыттағы ролі мен маңызын және ақпараттық жүйені
автоматтандыру сатыларын айқындай келе, «Кафедра» ақпараттық жүйесін құру үрдісінің
бастамасы қаланды.
Кафедраның жаңа оқу жылына жоспарлау құжаттамасын құру барысында негізгі
базалық мәліметтерді түрлі құжаттар дайындау үшін бірнеше қайтара қолдануына тура
келеді. Өз кезегінде тематикалық жоспарлар оқытушының жүктемесін жоспарлау және
есептеу, оқытушыларды оқу курстары мен топтарға бөлуде де қолданылады. Осындай басқа
да көптеген себептерге байланысты ақпаратты қайта-қайта тиімсіз енгізудің алдын алу үшін
жоспарлау құжаттамасын авто-маттандыру үрдісінің қажеттігі туындайды.
Оқу үрдісін ұйымдастырудағы тағы бір өткір мәселелердің бірі – ол оқу курстарын
оқулықтармен, оқу құралдарымен және басқа да әдістемелік және дидактикалық
материалдармен қамтамасыз етілуін ескеру.
Осыған орай, «Кафедра» бағдар-ламасы оқу бағдарламаларының, тематикалық
жоспарлар мен оқу-әдістемелік материалдардың мәліметтер қорларын басқару және осы
қорлар негізінде кафедраның жоспарлау құжаттамасын құруға арналмақ.
Ақпараттық жүйе архитектура-ларының артықшылықтары мен кем-шіліктерін
сараптай келе «Кафедра» автоматтандырылған жұмыс орнын құруда «клиент-сервер»
архитектурасын қолдану тиімді деп есептейміз.
Ақпараттық жүйенің қазіргі уақыт-тағы ролі мен маңызын және ақпараттық жүйені
автоматтандыру саты-ларын айқындай келе, «КАФЕДРА» ақпараттық жүйесін құру үрдісінің
бастамасы қаланды.
110
Осыған орай, «Кафедра» бағдар-ламасы оқу бағдарламаларының, оқу жоспарлар мен
оқу-әдістемелік матери-алдардың мәліметтер қорларын басқару және осы қорлар негізінде
кафедраның жоспарлау құжаттамасын құруға арналмақ.
Жұмыстың практикалық
Достарыңызбен бөлісу: |