1.3 тақырып. Тармақталу операторы.шартты оператор if Таңдау операторы цикл операторлары • Жалпы мәліметтер
• Тармақталу операторы
• Ауыстырғыш оператор
• Циклдік операторлар
• C# тіліндегі жиымдар
• Бір өлшемді жиымдар
• Төртбұрышты жиымдар
• Сатылы жиымдар
1. Жалпы мәліметтер Кез келген программаны алгоритм блокта-
рының өзара байланысуына қарай үш түрлі басқару құрылымынан жасауға болады. Оларды қ
ұрылымдық программалаудың базалық құрас-тырғыштары (конструкциялары) деп атайды.
Бірнеше операторлардың тізбектей орында-
луынан тұратын құрастырғыш реттік (сызық-тық) деп аталады. Қандай да бір шарттың орын-
далуына тәуелді құрастырғышты тармақталу деп атаймыз. Цикл операторлар тізбегінің бірне
ше рет қайталап орындалуын білдіреді.
Оператор – тілдің қарапайым сөйлемі, ол белгілі бір әрекет немесе амал орындап,
; таңбасымен аяқталады.
Сызықтық (реттік) құрылым бірінен кейін бірі орындалып тізбектеле орналасқан бір-
неше операторлардан тұрады.
Тармақты – шартқа байланысты екі оператордың бірінің орындалуы
Цикл – операторлар бөлігінің бірнеше рет қайталана орындалуы.
Кез келген нүктелі үтірмен аяқталатын өрнек оператор болып саналады. Ол көбінесе б
ерілген өрнек бойынша есептеу ісін атқарады. Бос опера-
тор да өрнектің бір түрі болып табылады. Мысалдар:
i++; // инкремент операциясы
a *= b+c; // көбейтіп меншіктеу амалы
fun(i, k); // функцияны шақыру орындалады
while(true); // бос оператордан цикл (шексіз)
Блок немесе құрама оператор –
бұл жүйелі жақшалармен шектелген сипаттамалар мен операторлар тізбегі {…}. Блок компи
лятор үшін бір оператор сияқты орындалады, ол синтаксис бойынша бір оператор болғанмен,
алгоритм бойынша бірнеше операторлардан тұрады.