Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы


  тақырып.  Басқару  компоненттері.  Батырмалар.  Button,  BitBtn,  SpeedBtn



Pdf көрінісі
бет55/180
Дата06.01.2022
өлшемі4,77 Mb.
#15026
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   180
Байланысты:
УМК-ОББ

    Бұл бет үшін навигация:
  • Button
3.4  тақырып.  Басқару  компоненттері.  Батырмалар.  Button,  BitBtn,  SpeedBtn, 
RadioButton т.с.с. 
 
1. Батырмалармен жұмыс. Стандартты батырма 
2. Жалауша 
3. Ауыстырғыш 
Батырма (button) - бұл басқару элементтерінің ішіндегі ең қарапайымы және неғұрлым 
жиі  қолданылатыны.  Батырманы  -  енгізуді  (тышқан  батырмасын  шерту  немесе  пернетақтада 
теру) ең қарапайым тәсілмен қабылдау мүмкіндігі деуге де болады. Ол кластар сатысындағы 
System.Windows.FormButton  класының  тікелей  жалғасы.  NET  -  бұл  содан  туындаған  (Button, 
CheckBox  және  RadioButton  секілді)  басқару  элементтерінің  тұтас  тобына  арналған  жалпы 
мүмкіндіктерді  қамтамасыз  ететін  ButtonBase  класы.  ButtonBase  -тың  кейбір  қасиеттері  6- 
кестесінде көрсетілген. 
Кесте 6. ButtonBase қасиеті 


57 
 
Қасиет 
Қызметі 
FlatStyle 
Батырманың  «айқындығын»  баптауға  мүмкіндік  береді.  FlatStyle 
тізімдемесінен мән қолданылады 
Image 
Батырмаға  шығатын  бейнелерді  анықтауға  мүмкіндік  береді  (осы  кезде 
бейненің  нақты  орналасқан  жерін  көрсетуге  болады).  Фондық  суретті 
Control  базалық  класында  анықталған  BackgroundImage  қасиетінің 
көмегімен баптаған дұрыс 
ImageAlign 
Батырмада  орналасқан  бейненің  туралануын  анықтауға  мүмкіндік 
береді. ContentAlignment тізімдемесі ішіндегі мән қолданылады. 
Imagelndex, 
ImageList 
Бұл қасиеттер батырмамен енгізілген бейнелер жиынтығымен (ImageList 
объектісімен) жұмыс жасау үшін қолданылады 
IsDefault 
Бұл батырманың үнсіз келісім бойынша батырмасы болатынын немесе 
болмайтынын анықтайды (яғни Enter -ді шерту барысында өңдеу) 
TextAlign 
Батырмадағы тураланған мәтінді алуға және орнатуға мүмкіндік береді. 
Сондай-ақ ContentAlignment тізімдемесі ішіндегі мәндер қолданылады 
 
Button класының өзі ButtonBase –тен мұрагерлікке алған басқа қандай да бір 
қосымша  мүмкіндіктерді  анықтамайды.  Тек  қана  жалғыз,  бірақ  маңызды 
DialogResult  қасиетін  анықтайды.  Бұл  қасиет  сұқбат  терезені  жабу  кезіндегі  мәнді 
қайтаруға  мүмкіндік  береді,  мысалы,  ОК  немесе  Cancel  (Өзгерту)  батырмаларын 
басқан кезде. 
Батырмаға  орналастырылған  мәтінді  туралаудың  басым  көпшілігі 
жағдайында ортаға жазылады, сондықтан мәтін батырманың ортасына орналасады. 
Алайда  қандай  да  бір  себептермен  туралаудың  басқа  стилін  қолдану  қажет  болса, 
онда  ButtonBase  класында  анықталған  TextAlign  қасиетін  таңдауға  болады. 
TextAlign үшін ContentAlignment ( 7- кесте) тізімдемесі  ішіндегі мән қолданылады. 
Сол тізімдеме мәні  батырмадағы бейненің орнын анықтау үшін  қолданылады. 
Кесте 7. ContentAlignment тізімдемесінің мәні 
 
Әдетте басқару батырмасы ретінде Button қолданылады, егер пиктограммалы 
батырма болса – BitBtn. SpedButton батырмасы тез қатынас жасайтын батырма ретінде 
қолданылады. 
 
Мән 
Сипаты (туралау) 
BottomCenter  Батырманың бүйір жағына қатысты - ортаңғы төменгі жағы бойынша 
BottomLeft 
Батырманың сол жағынан төменгі жағы 
BottomRight  Батырманың оң жағынан төменгі жағы 
MiddleCenter  Батырманың ортасы 
MiddleLeft 
Жоғарғы  және  төменгі  жақтарға  қатысты  ортасынан,  бүйір  жақтарына 
қатысты сол жақтан 
MiddleRight  Жоғарғы  және  төменгі  жақтарға  қатысты  ортасынан,  бүйір  жақтарына 
қатысты оң жақтан 
TopCenter 
Батырманың жоғарғы жағынан бүйір жақтарына қатысты ортасында 
TopLeft 
Батырманың жоғарғы жағы бойынша сол жақтан 
TopRight 
Батырманың жоғарғы жағы бойынша оң жақтан 


58 
 
 
1-сурет. Батырмалар мен индикаторлар мысалы 
 
Button компоненті –оқиғаға жауапты қалыптастыратын командалық батырма болып 
табылады. 
Name – компонент қасиетіне кіру мүмкіндігін алу үшін пайдаланылатын компонент 
атауы. 
Caption – батырманың үстіне орналасатын мәтін. 
Top – батырманың жоғары шекарасынан форманың жоғары шекарасына дейінгі 
қашықтық. 
Left - батырманың сол жақ шекарасынан форманың сол жақ шекарасына дейінгі 
қашықтық. 
Width – батырманың ені. 
Height – батырманың биіктігі. 
Visible – батырманың көрінуін немесе көрінбеуін басқарады. 
Enabled – батырманың пайдаланылу мүмкіндігін көрсетеді, егер оның қасиетінің мәні 
ақиқат болса, онда батырма пайдаланылады, кері жағдайда пайдаланылмайды. 
Hint – командалық батырмаға курсор келгенде тышқанның көрсеткішінің қасында 
нұсқау-мәтін пайда болады. 
Show Hint – егер мән ақиқат болса, нұсқау көрінеді, кері жағдайда көрінбейді. 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет