Модульдің интерфейстік бөлігінде негізгі бағдарламада және басқа модульдерге
қолданылатын аталмыш модульдің барлық сыртқы объектілері анықталады. Паскаль
бағдарламасы сияқты бұл анықтамадағы объектілердің реті кез келегн түрде бола алады.
Интерфейстік бөлікте ішкі бағдарламалардың тек қана тақырыптары келтіріледі, ал олардың
толық анықтамасы модульдің орындалатын бөлігінде көрсетіледі.
Implementation - модульдің орындалатын бөлігінде интерфейсте көрсетілген ішкі
бағдарламалардың орындайтын жұмысы анықталады. Ішкі бағдарламалардың орналасу реті
интерфейстік бөлігінде көрсетілген ретімен бірдей болуы шарт емес. Бұл бөлімде ішкі
бағдaрламлардың тақырыбын ғана көрсетсе жеткілікті, себебі параметрлер тізімі мен
функция нәтижесінің типі интерфейсте анықталғаг. Инициялизациялау бөлігінде осы
модульдерді іске асыратын бағдарлама жұмысының басталғандығы туралы операторлар
орналасады. Модульдердің іске асырылуы бағдарламаның Uses бөлігінде көрсетілген
ретімен орындалады.
Класс деп объектілерді құрудағы қолданылатын үлгілерді айтады, ал объект сол
үлгінің туындысы болып табылады.
Әдістер - инкапсуляцияланған класстар процедура және функцияларды.