Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы



Pdf көрінісі
бет14/180
Дата06.01.2022
өлшемі4,77 Mb.
#15026
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   180
Байланысты:
УМК-ОББ

4.3 ДӘРІСТЕР 
 
I – тарау  C# тілінде программалау негіздері 
 
1.1 
тақырып. C# тіліне кіріспе 
 
     C# программалау ортасы туралы жалпы мәліметтер 
     С# тіліндегі ең қарапайым программа мысалы 
     Программаны компиляциядан өткізу және орындау 
     3.1. Программаны Visual Studio.NET ортасында орындау 
     3.2. Программаны орындау 
  
1.      C# программалау ортасы туралы жалпы мәліметтер 
С#  тілін  («Си-шарп»  деп  айтылады,  мұнда  Бетховеннің  «Ай  сонатасындағы» 
музыкалық нотация — до-диез таңбасы (#) пайдаланылған; ағылшындар оны «си-шарп» деп 
оқиды) Microsoft компаниясының  маманы  Андерс  Хейлзберг  (Anders Hejlsberg)  жаңа 
объектіге бағытталға программалау тілі ретінде С, C++, Java және BASIC тілдерінің негізінде 
жасап шығарған. Бұл пәнде осы тілдің негізгі элемент-тері қарастырылады. 
С  #  тілі  Microsoft  фирмасының  .NET  (дот-нет)  архитектурасы  үшін  программалар 
жазуға  арналған  тілі.  .NET  –  программалау  технологиясындағы жаңа  платформа, ол желіге 
қосыл-ған компьютерлерге арналып жасалған. 
.NET  көмегімен  шағын  мобильді  компьютер-лерде  орындалатын  программалар  жазу 
ыңғай-лы  деп  есептеледі.  Бұл  технология  Visual  Studio.NET  деп  аталады  да,  бұл  ортада 
Visual  Basic,  басқарылатын  С++  және  С  #  тілдерінде  программалар  жасау  қарастырылған, 
бірақ ол осылармен ғана шектеліп қалмайды. 
С  #  тілінің  мүмкіндігі  Java  тілімен  қатарлас,  осы  екі  тіл  қазіргі  алдыңғы  қатарлы 
технологияларға  жатады.  С#  тілін  сүйемелдейтін  .NET  платформасының  программа  жасау 
ортасы  бастапқы  программаны  бірден  машиналық  кодқа  емес,  MicroSoft  Intermediate 
Language (MSIL не IL) атты аралық тілге аударады. Ол ОЖ-дан, ком-пьютер типінен тәуелсіз 
командалардан  тұра-ды  да,  бірден  орындалмай, тілдің  жалпы  орындалу  ортасы  Common 
Language  Runtime –  CLR  деп  аталатын  жүйе  арқылы  атқары-лады.  CLR  ортасы  кез  келген 
ОЖ-да орында-ла береді. Программаны орындау кезінде, CLR JIT-компиляторын (just in time 
– дер кезінде) шақырады. Компилятор программаны бөліктерге бөле отырып, оның тек осы 
сәтте керек бөлігін ғана орындайды. 


11 
 
 
Компилятор  жұмысы  нәтижесінде  құрас-тыру  (сборка)  деп  аталатын  ехе  немесе  dll 
типті файл жасалады, онда IL тіліндегі код пен метамәліметтер болады. 
Метамәліметтер программада қолда-нылатын объектілер және құрастыру туралы 
ақпарат  сақтайды. Ол  тіларалық  әрекеттесу,  қауіпсіздік,  сенімділік  сияқты  мүмкіндіктерді 
қамтамасыз етеді. 
.NET платформасында көлемді кластар кітапханасы бар, оны осы ортадағы кез келген 
тілде пайдалана беруге болады. 
  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет