44
-
C#. Мәлімет типтері. Айнымалыла. Тұрақтылар
-
C# тіліндегі массив
-
C# кластар
-
LINQ
-
WPF
-
Visual Studio ортасы
-
Entity Framework
-
ASP.Net
-
.Net платформасы
-
C# синтаксис
-
Unity
-
Com технологиясы
-
Windows Forms
-
Транслятор
-
C#. Сериализация
ІІІ тарау. C# Visual Studio-де қосымша әзірлеу
3.1 тақырып. C# Visual Studio ортасында жұмыс. Қолданушылық интерфейсі
Visual Basic жобасын ашу
1. Projects (Жобалар) қосымша парақшасын шертіңіз, содан соң бастапқы
парақшаның төменгі бөлігінде Open Project (Жобаны ашу) батырмасын басыңыз. Экранда
Open Project (Жобаны ашу) диалогтық терезесі пайда болады. Open Project (Жобаны ашу)
диалогтық терезенің сол жағында сіз бірнеше таңбаларды көресіз. My Projects (Менің
жобаларым) таңбасы сіздің жүйеңіздің My Documents (Менің құжаттарым) папкасында
орналасқан Visual Studio Projects папкасын ашады. Әдеткідей Visual Studio сіздің
жобаларыңызды Visual Studio Projects папкасына сақтайды және әр жобаға өзінің папкасын
құрады. D дискісіндегі 11 папкасында орналасқан Prog1 жобасын ашу үлгісін.
2. Жобаны ашу үшін Open Project (Жобаны ашу) терезесінің жоғарғы бөлігінде Look
in (Папка) тізімінен D дискісін және жоба орналасқан 11 папкасын таңдаңыз.
3. 11 папкасын екі рет шертіңіз. Кейін файлда (Prog1.vbproj) жобасын екі рет
шертіңіз. Visual Studio жобаның формасын, қасиеттерін және кодын жүктейді.
Әдетте Visual Studio-да әзірленетін бағдарламалар
жобалар немесе
шешімдер деп
аталады. Visual Basic .NET-те
бағдарламалар
үшін
әрқашан (.vbproj) жоба
файлы
және (.sln) шешім файлы болады. Жоба файлы бір бағдарламалық тапсырмаға қатысты
ақпаратты қамтиды. Шешім файлы бір немесе бірнеше жобаларға қатысты ақпаратты
қамтиды. Егер
шешім
бір
жобаны
қамтыса,
онда (.vbproj) жоба
файлының
ашылуы (.sln) шешім файлының ашылуы сияқты бір нәтижені береді болады. Бірақ, бірнеше
жобаларды қамтитын шешім үшін сіз шешім файлын ашуыңыз қажет.
Достарыңызбен бөлісу: