46
Терезені толықтай жабу үшін бұл терезенің оң жақ жоғарғы бұрышында Close (Жабу)
батырмасын басу керек. View (Көрініс) мәзірінде тиісті команданы таңдап бұл терезені қайта
аша аласыз.
Visual Studio әзірлеу ортасында аспаптар терезесін автоматты түрде жасыратын
функция бар, оны тақырыптың оң жақ бөлігіндегі Auto Hide (Автоматты түрде жасыру)
батырмасына шертіп іске қосуға болады. Бұл әрекет терезені бекітілген позициясынан алып
тастап, ал терезе тақырыбы әзірлеу ортасының парақшасының шетінде қалады. Автоматты
түрде жасыру қолданылған терезені қалпына келтіру үшін әзірлеу ортасының шетіндегі оның
парақшасын басыңыз. Егер терезе әрдайым ашық болғанын қаласаңыз қайтадан Auto Hide
(Автоматты түрде жасыру) басыңыз.
Терезені құбылмалы (бекітілмеген) еткіңіз келсе, терезе тақырыбына екі рет шертіңіз.
Оның парақша тақырыбынан сүйреп, бекітілмеуін қадағалап әзірлеу ортасының басқа жеріне
әкеліңіз.
Достарыңызбен бөлісу: