Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы


ІV тарау. C# Visual Studio-де мәліметтер қорымен жұмыс



Pdf көрінісі
бет61/180
Дата06.01.2022
өлшемі4,77 Mb.
#15026
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   180
 
ІV тарау. C# Visual Studio-де мәліметтер қорымен жұмыс 
4.1 тақырып. Деректер базасын құру негізі 
 
Деректер базасы түсінігі. Компьютерде мәтін, графикалық кескін жасауға, есептеу 
жүргізуге мүмкіндік беретін программалардан басқа көлемі үлкен ақпаратты сақтауға, 
өңдеуге және іздеуге арналған арнайы программалар да бар. Мұндай программалар деректер 
базасын басқару жүйесі (ДББЖ) деп аталады.  
 Мынадай мысалды алайық, сендердің мектептеріңде 1000- ға жуық оқушы оқиды 
делік (мүмкін көбірек шығар). Әр мектепте медициналық кабинет болады, онда оқушының 
аты-жөні, туған жылы, ұлты, жынысы, бойы, салмағы, мекен-жайы, телефон нөмірі, 
дәрігерлік екпелері туралы тіркелген медициналық карталар (кітапшалар) бар. Барлық карта 
шкафта ретсіз араласып жатыр делік.  
Қандай да болсын бір тасушыда, мысалы, қағазда, кинотаспада, магниттік дискіде 
сақталатын, арнайы ұйымдастырылған деректер жиынтығы деректер базасы деп түсіну 
керек.  
 Бір базадағы деректер өзара қисынды байланысты болуы тиіс. Бұл деректерді белгілі 
параметрлері, қасиеттері, яғни бір-біріне қатысты белгілері бойынша топтастыру арқылы 
жүзеге асырылады. 
Деректер базасын жіктеу. 
 Деректер базасы, негізінен, үш белгісі бойынша жіктеледі. 
 Бірінші белгісі - сақтаулы ақпараттың сипатына қарай деректер базасы: 
фактографиялық және құжаттық болып бөлінеді. Фактографиялық деректер базасында 
сипатталатын объектілер туралы қысқаша мәліметтер нақты белгіленген пішімде беріледі, 
құжаттық деректер базасы әртүрлі типтегі мәтіндік графикалық дыбыстық мультимедиялық 
кең көлемді ақпараттардан тұрады. 
 Екінші белгісі - ақпараттарды сақтау әдісі бойынша деректер базасы 
орталықтандырылған және үлестірілген болып бөлінеді. Орталықтандырылған деректер 
базасында бар ақпарат бір компьютерде сақталады. Үлестірілген деректер базасы жергілікті 
және ауқымды компьютерлік желілерде қолданылады және ақпараттың әр түрлі бөліктері 
бөлек компьютерлерде сақталуы мүмкін. 
 Үшінші белгісі - ақпаратты ұйымдастыру құрылымы бойынша деректер реляциялық, 
иерархиялық және желілік болып бөлінеді. Біз сендермен фактографиялық және реляциялық 
деректер базасын ғана қарастырамыз. 
Реляциялық деректер базасының құрылымы 
Реляциялық ДБ деп оны құрайтын бөліктерінің өзара байланысымен құрастырылған 
деректер базасын атайтын. Қарапайым жағдайда ол бір тіктөртбұрышты кесте болып 
табылады. Күрделі реляциялық деректер базасы көптеген тіктөртбұрыш кестеден тұрады. 
Деректері өзара әртүрлі қатынастармен байланысқан бірнеше кесте құрайық. Кестелердегі 
деректердің арасында қатынастың өте кең тарағаны және әсіресе жиі қолданылатыны 


64 
 
«объект - қасиет» типті болып табылады. Мысалы: «Сыныптағы оқушылар тізімі» деректер 
базасы кесте түрінде көрсетілген болады. 
Сыныптағы оқушылар тізімі: 
Кесте элементтері ұяшық, жол және баған болған бұрын қарастырылған кестелерден 
айырмашылығы - кестені деректер базасы немесе деректер базасының объектісі ретінде 
қарастырғанда жазба және өріс түсініктері енгізіледі. Реляциялық деректер базасындағы 
жолдар – жазбалар деп, ал бағандар - өрістер деп аталады. Кестенің әрбір өрісінің аты 
болады, мысалы, тегі (фамилиясы), аты, туған жылы; жынысы; ұлты; көзінің түсі; шашының 
түсі. 
Өрістер типтері  
 Реляциялық деректер базасында өрістердің негізгі төрт типі пайдаланылады: сандық, 
символдық, даталық, логикалық.  
 Сандық типі мәндері тек сандар: бүтін, бөлшек, ондық (масса, адам саны, 
арақашықтық және т.б) болатын өрістерден тұрады. 
 Символдық типте символдық ақпараты бар өрістер болады, бірақ символдық ақпарат 
цифрлардан да тұруы мүмкін, мысалы, реттік нөмір, телефон нөмірлері және т.б сонда бұл 
өрістерге символдық тип меншіктеуге болады (сендердің кестелеріңдегі барлық өрістердің 
типі-символдық).  
 Даталық тип өрістерінде күнтізбе күндері (кк/аа/ жжжж орысша дд/мм/гггг) болады.  
 Жаңа сабаққа орындалатын тапсырмалар: Практикум : тапсырмалар.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет