CheckBox компоненті Программада CheckBox компонентінің көмегімен жасалатын ауыстырғыш, тәуелсіз
ауыстырғыштар тобына жатады. Әдетте, қажет болған жағдайда бірнеше ауыстырғыштарды
бір топқа біріктіріп пайдаланады, ол үшін контейнердің ролін атқаратын арнаулы GroupBox
және Panel және т.б. компоненттер қолданылады.
Әдетте қосымшада ауыстырғыштың күйін өзгерту үшін тышқанның сол жақ
батырмасына шертеді, яғни қандай болғанына қарамастан әйтеуір күйі өзгеретін болса, онда
CheckBox компоненті үшін міндетті түрде OnClick оқиғасы пайда болады. Бұл оқиғаны
өңдеуге арналған функция, көбінесе ауыстырғыштың күйіне байланысты белгілі бір
әрекеттердің немесе операторлардың орындалуын қамтамасыз ету үшін қолданылады.
Мысалы,
void __fastcall TForm1::CheckBox1Click(TObject *Sender)
{
if (CheckBox1->Checked = = true)
Memo1->Font->Size=10;
}
RadioButton компоненті
RadioButton компоненті тәуелді ауыстырғыштар қатарына жатады, яғни, бір
контейнерде орналасқан RadioButton түріндегі бірнеше ауыстырғыштардың біреуі
«қосылған» күйде болса, онда қалғандарының барлығы бірдей автоматты түрде
«ажыратылған» күйге көшеді.
Компонент қасиеттерін қарастырайық.