Шығыс Қазақстандық жазушы-журналист Нұржан Қуантайұлының кез келген 1 көркем туындысына әдеби талдау жасаңыз
Нұржан Қуантайұлының «Қараөзек» романына әдеби талдау
Нұржан Қуантайұлының 2001 жылы жарық көрген «Қараөзек» романын оқыған көрнекті жазушы Герольд Бельгер былайша:
“Нұржан Қуантайұлы деген жазушының барын таяуда ғана білдім. Өкінішті, әрине. Нұржанның «Қараөзек» атты романын қызыға, қарындашпен ерекше ұнаған жерлерін сыза отырып, мұқият оқып шықтым” , “Психологиялық тұрғыдан да, кейіпкерлердің жан дүниесін бейнелеп көрсетуде де, қоғамдағы қым-қуат тартыс оқиғаларды нанымды, шынайы таңдауда (сұрыптауда) да романның дөп шыққан тұстары аз емес. Баяндау машығы, тіл оралымдары, қазіргі жастардың сленгіге құрылған сөз саптауы, шымыр диалогтар көңілге қонады. Романның бұл қырына арнайы тоқталған жөн болар еді. Бұл жағын таратып айтуға менің дәл қазір уақытым жоқ.Нұржан Қуантайұлы есімді жазушының барлығына қуандым. Оның «Қараөзегін» қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар роман деп бағалаймын”деп сөз етеді.
Осылардың бәрін қаперге ала отырып, Герольд Бельгердің үзілген ойын жалғайық: “ Екі нәрсеге ерекше назар аудардым:
Бірінші, қазақ әдебиетінде бұрын-соңды сондай дәлдікпен, нақтылықпен, шынайы деталь-көріністермен бейнеленген кеңестік дәуірдегі түрме өмірінің қыртыс-қалтарыстарын нанымды және жан-жақты ашып суреттеген көркем шығарманы тұңғыш рет оқығаным. Есіме әрдайым Достоевскийдің «Записки из мертвого дома» дегені түсіп отырды. Қазақ тілінің табиғатында жоқ әрі жат ұғым-түсініктер – кормушка, гайдамак, трюм, ШИЗО, шконка, кум, бродяга, отстойка, промзона, ходка, унитаз, еж, кабур, стрела, конь т.с.с. Хақназар есімді қазақ жігітінің басынан өткен, біз сияқты оқырманға бейтаныс өмірден (бетін аулақ қылсын!) хабар береді. 1986-жылдың қанды дүрбелеңіне қатысып, Қазақ ССР-інің Қылмыстық Кодексінің 94-інші және 65-інші баптары бойынша алты жылға бас бостандығынан айырылып, күшейтілген режимдегі еңбекпен түзеу колониясына жөнелтілген Хақназар Шығайұлы Шығаевтың көрген қорлық-нәубеттерін оқып отырып, «апырай, сондай да заман болған екен-ау!», «қазақ баласы мұндайға қалай шыдап жүр?!», «осы Хақназар автордың өзі емес пе екен?» деп амалсыз таң қалып отырасыз. Өзім түмеде отырғандай әсерде болдым.
Екіншіден, «Қараөзек» - қазіргі күрделі өміріміздің бет-пердесін жұлып тастап, жан-жақты ашып, өтірік-жалғансыз айқын суреттеп, ащы шындықтың көріністерін әшкерелеп, тартысты Һәм әсерлі бейнелеген роман екеніне көзім жетті. Жас адамның зеректігіне, ойлылығына, байқампаздығына тәнті болдым, сүйсіндім. Базарлы экономиканың келеңсіздіктерін автор жіті байқаған, пайымдаған”.
«Қараөзектің» мәтіні ешқашан тұйықталмайтын, сан алуан мәндегі мәтін көптігіне құрылған.
Нұржан Қуантайұлының «ҚАРАӨЗЕК» романындағы басты идея отарлық езгі кезіндегі рухани құлдық пен тәуелсіздік дәуірінің алғашқы кезеңіндегі ұлттық құндылықтардың дағдарысы роман мазмұнының басты элементі болып табылады. Өйткені, кез келген туынды идеяны жарыққа шығару үшін жазылады да, оны түрлі әдеби амал-тәсілдермен жүзеге асыру қаламгердің көздеген түпкі мақсатына айналып, туынды бойында түрлі сипатта таңбаланады. Бұның философиялық, саяси, имандылық, ғылыми идеялардан айырмашылығы өз бойына туындыгерінің шығармашылық пафосын сыйдырып, Құрмаш, Ернар, Самал, Алдоңғар сияқты көркем образдарды өз бойына жинақтау арқылы (авторлық көркемдік жүйеге түзіп) жүзеге асатын көркем идея екендігінде.
Достарыңызбен бөлісу: |