Шығыс Қазақстанның ерте темір дәуірінің зерттелуі



Pdf көрінісі
Дата03.03.2017
өлшемі223,99 Kb.
#5649

Шығыс Қазақстанның ерте темір дәуірінің зерттелуі 

 

Қазақ Алтайы (бұл географиялық атаумен Қазақстан Республикасының 



Шығыс  Қазақстан  облысының  өлкесін айтатын боламыз) 283,3  мың  шаршы 

км  жерді  алып  жатыр,  Еуразия  құрлығының  тереңіндегі  ұлы  жазықтықпен 

шектесетін  тұсында  орналасқан.  Өңірдің  географиялық  тағы  бір  ерекшелігі 

сол  –  жер  шарының  құрлықтық  полюсы  және  Еуразияның  географиялық 

орталығы осында орналасқан.  

 

Еуразияның  көне  тарихында  Алтай  өңірі  ерекше  маңызға  ие.  Өйткені 



бұл  мөдени-тарихи  өңір  ілкі  замандардан  бері  адамзат  дамуындағы  күрделі 

үдерістермен  тығыз  байланысты.  Мұнда  алғашқы  қауымдық  құрылыстан 

орта  ғасырларға  дейінгі  кездің  өзінде  көптеген  археологиялық  мәдениеттер 

қалыптасып,  дамығандығын  археологиялық  мәліметтер  толыққанды  растап 

отыр. Алайда өңірдің ежелгі тарихы әлі күнге дейін кешенді түрде зерттелген 

жоқ.  Шығыс  Қазақстанның  ежелгі  тарихы  туралы  жазба  деректер  тым  аз 

болғандықтан,  осы  өлкедегі  соңғы  жылдардағы  археологиялық  қазба 

жұмыстарының  нәтижесінде  ғана  аздап  болсын  білуге  қол  жеткіздік.  Оның 

өзінде  әр  түрлі  дәуірлерге  жататын  мыңдаған  ескерткіштерді  қандай 

халықтар,  рулар  мен  тайпалардың  қалдырғаны  әлі  де  жұмбақ  болып  қала 

бермек.  Дегенмен,  тас  дәуірінен  бастап  түркі  дәуіріне  дейінгі  қоныс, 

қыстаулар,  жерлеу  орындары,  петроглифтер  мен  алғашқы  кен  орындары 

және  т.б  ескерткіштерге  жүргізілген  археологиялық  қазбалардан  кейін 

осынау  жәдігерлерді  тұрғызған  адамдардың  қоғамдық  құрылысын, 

шаруашылығын, наным-сенімін, материалдық мәдениетін, тіпті олардың бет-

бейнесіне дейін білуге мүмкіндік тууда [1, 13 б.].  

 

Ең  алдымен,  жазба  дереккөздеріне  тоқталсақ,  бұл  өлкенің  халқы 



туралы  мағлұматтар  антикалық  авторлардың  еңбектерінде  ұшырасады. 

Мәселен,  Шығыс  Қазақстан  мен  Алтай  өңіріндегі  ерте  темір  дәуіріндегі 

халықтардың тарихы мен мәдениеті туралы алғашқы мәліметтер Геродоттың 

еңбегінде 

кездеседі. 

«Тарих 


атасының» 

мәлімдеуінше, 

б.д.д. 



мыңжылдыктың  ортасында  эллиндіктерге  «алтын  қорыған  самұрықтар» 



мекен еткен тайпалар туралы сыбыстар да там-тұмдап жеткен [2, 270 б.]. Бұл 

мәліметтерді  көпшілік  ғалымдар  сол  уақыттағы  ірі  алтын  қоры  бар  Алтай 

тауларын  мекендеген  халықтармен  байланыстырады.  Кейінірек  Қытай 

жылнамаларында  да  б.д.д.  I  мыңжылдықтағы  қазіргі  Шығыс  Қазақстан 

өлкесін мекендеген тайпалар туралы мәліметтер пайда бола бастайды. 

 

Әуел баста, патшалық Ресей Сібірді жаулап алғаннан кейін алуан түрлі 



табиғаты, сан түрлі ғажайып ескерткіштері, өзіндік этно-мәдени үлгілері бар 

қазақ  жеріне  қызығушылық  танытқан  болатын.  Сондықтан  да  болар  орыс 

шенеуніктері  қазақ  сахарасына  уақыт  өте  ағылып  келе  бастады.  Олар 

қалдырған  ақпараттар  легі  қазіргі  таңда  ғылыми  бағыт-бағдардың  негізін 

құрап  отыр.  Сол  себепті  Қазақстанның  шығысындағы  археологиялық 


ескерткіштер  туралы  алғашқы  қысқа  мәліметтерді  біз  XVIII  ғасырдың 

саяхатшылары  мен  ғалымдары  еңбектерінен  кездестіре  аламыз.  Мәселен, 

алғашқы академиялық экспедицияға қатысушылар қазіргі Шығыс Қазақстан 

өлкесіне  1733-1743  жылдарда  келген  болатын.  Академик  Г.Ф.Миллер  Ертіс 

өзенін  бойлай  Семей  мен  Өскемен  бекіністерін  басып  өткен.  Өскеменнен 

қашық емес жердегі Ертіс жағасында Г.Ф.Миллер 1734 жылы бірнеше қорған 

мен Үлбі өзенінің оң жағалауында екі қорғанда қазба жұмыстарын жүргізген. 

Бұл  қазбалардан  көне  дәуірден  сыр  шертетіндей  мардымды  заттар 

табылмағандығына қарамастан еңбегінде: «...Болашақта бұл жерлерден әлі де 

құнды  заттар  табылар»,  -  деп  сенімді  түрде  жазып  кеткен  [3,  607  б.].  Осы 

еңбегінде  зерттеуші  Обь  пен  Ертіс  өзендері  аралығындағы  қорымдардан 

табылған заттар туралы да баяндап кеткен.  

 

Сондай-ақ,  1793  жылы  И.Сивере  Күршім  өзенінің  жоғарғы 



сағасындағы  Нарын  жотасы  етегіндегі,  Доланқара  тауы  жанындағы 

көшпелілер  дәуіріне  жататын,  иесімен  қоса  атын  да  жерлеген  екі  қорған 

туралы мәлімет берген.  

 

Ал  1768-1774  жылдар  арасында  екінші  экспедиция  жасалған. 



Патшалық  шенеуніктер  ұйымдастырған  бұл  экспедицияға  қатысушы 

П.С.Паллас,  И.П.Фальк,  И.Г.Гмелин,  Х.Барданестер  де  Ертістің  жоғарғы 

ағысындағы  ежелгі  қорғандар  туралы  мәліметтерді  жинақтайды.  Әсіресе, 

археологтар  Г.И.Спасскийдің  жүргізген  жұмыстары  елеулі  дүниелер 

қатарына  жатқызады.  Оның  ішінде  «Записки  о  Сибирских  древностях» 

еңбегін  этап  өту  керек.  «Азиатский  вестник»  және  «Сибирский  вестник» 

журналдарында  1818  және  1825  жылдары  ол  алғаш  рет  Шығыс 

Қазақстандағы  жартастағы  суреттер  туралы  материалдарын  жариялады  [4, 

28-64 б.].  

 

Қазіргі  ғылымда  Алтай  –  «скифтік-сібірлік  аң  стиліндегі  өнердің» 



негізгі қалыптасқан аймағы деген пікір орныға бастады.  

Еуразияның  ұлы  даласында  қалыптасып,  өркендеген  дала  көшпенділерінің 

«аң стиліндегі» өнер туындылары ішіндегі бірегей, қайталанбас түрі  - Берел 

ескерткіштері.  

 

1997-1999  жылдары  қасиетті  Алтай  төріне  орналасқан  Берелде 



Ә.Х.Марғұлан  атындағы  археология  институтының  көрнекті  ғалымы 

З.Самашевтың  жетекшілігімен  халықаралық  экспедиция  қазба  жұмыстарын 

жүргізді. 

 

Берел қорымындағы ең құнды, әлемдік маңызы ерекше археологиялық 



олжалар  1999  жылдың  мамыр-маусым  айларында  №  11  обаны  толығымен 

қазып,  ашқан  кезде  табылды.  Аталған  обаның  диаметрі  -  30  м-ден  астам, 

бастапқы  биіктігі  2  м-ден  асатын  үйіндісінің  сыртқы  пішіні  сопақша 


формалы болып, оның төбесінің ортасына таман тұсы төмен қарай ойысып, 

отырып кеткен.  

 

Берел қорымы Бұқтырма өзенінің оң жағасындағы биік таулы аңғарда 



(теңіз деңгейінен 1100 м), Ақ Берел өзенінің Бұқтырмаға құяр мүйісінен орын 

тепкен  Берел  ауылынан  оңтүстік-батысқа  қарай  7-8  км  жерге  орналасқан. 

Солтүстік-шығыстан онтүстік-батысқа қарай созылып жатқан аңғардың ені 2 

км-ден  асады.  Аңғардың  бас-аяғы  қайың,  балқарағай  самырсын,  шырша 

аралас  орманмен  көмкерілген  Алтайдың  Кемпір,  Қайнар,  Қарашоқы,  Бетеу 

деп  аталатын  жоталарымен  қоршалған,  табиғаты  ерекше  көркем  жер. 

Алтайдың  табиғи  климаттық  жағдайына  және  көне  Алтай  көшпелілерінін 

жерлеу  салтына  байланысты  ондағы  көптеген  ірі  «патша  обаларында»  жыл 

бойы жібімейтін мәңгілік тоңның болуы себепті қабірге бірге қосып көмілген 

әр  түрлі  органикалык  заттар,  адам  мен  жылқының  мүрделері  ешқандай 

бұзылмай, шірімей сол қалпында сақталатын болған.  

 

Таулы  Алтайдағы  (Ресей  жерінде)  мұндай  мәңгілік  тоң  басқан 



обаларды алғаш рет әйгілі археологтар М.П. Грязнов пен С.И.Руденко 1929, 

1947-1949  жж.  Пазырық  қорымынан  ашқан  болатын.  Кейін  1950-1954  жж. 

С.И.Руденко  мұндай  ескерткіштерді  Тұяқты,  Башадар  қорымдарынан  да 

ашып  зерттеді.  Ал  1990  ж.  Ресейдің  Новосібір  археологтары  да  Қазақстан 

шекарасының іргесінен Алтайдың Үкек таулы үстіртіндегі (бұрын Қазақстан 

территориясына тәуелді болған) Ақ алақа, Құтырғантас обаларынан мәңгілік 

тоң астында мұздап қатып мумияланган адам және жылқы мүрделерін тапты. 

Соңғы  он  шақты  жыл  аясында  Қытайдың  Синь-Цзян  өлкесінің  бірсыпыра 

аудандарынан  қола  және  ерте  темір  дәуірінің  ескі  қорымдарынан  да  қатып-

семіп,  мумияланган  адам  мүрделерінің  табылуы  кездейсоқтық  емес.  «Алтай 

кереметі»  деп  аталып  кеткен  мұндай  тоң  басқан  обаларға  алғаш  рет  1865 

жылы  Қазақстанда  (Берелде)  атақты  ғалым  В.В.Радлов  қазба  жұмыстарын 

жүргізіп, оны 1959 жылы С.С.Сорокин зерттеп, аяқтаған.  

 

Академик  Радлов  археологиялық  ескерткіштерді  зерттеуде  шынайы 



ғылыми әдістерді пайдалана отырып, ол тек ежелгі Шығыс Қазақстанды ғана 

емес, сонымен бірге бүкіл Қазақстанды зерттеуге зор үлес қосты. В.В.Радлов 

1862  жылы  Семей,  Сергиополь  (Аягөз)  маңында  археологиялық  зерттеу 

жұмыстарын  бастаса,  1865  жылы  12  мамырдан  9  тамызға  дейін  Берел 

даласында  ежелгі  көшпелілердің  7  қорғанына  қазба  жұмыстарын  жүргізеді 

[5, 186-189 б.].  

 

Шығыс Қазақстанда алғаш рет ғылыми мақсатта академик В.В.Радлов 



XIX  ғасырдың  60-шы  жылдарының  басында  Семей  өңірінде  қазба 

жұмыстарын  жүргізіп,  қола  дәуірінің  бес  қорымын,  Шүлбі  өзені  бойынан 

мыс  балқытатын  пеш  қалдықтарын,  кен  қазу  орындарын  тапты.  Өз 

зерттеулерінің  нәтижесінде  алғаш  рет  Шығыс  Қазақстанның  археологиялық 

ескерткіштерін дәуірледі.  


 

Шығыс  Қазақстанның  тарихи-мәдени  ескерткіштерін  зерттеуде  Орыс 

географиялық  қоғамының  Омбыдағы  Батыс  Сібір  бөлімі  мен  Семейдегі 

бөлімшесі  маңызды  роль  атқарды.  Семейге  жер  аударылған  Е.П.Михаэлис 

қаланың  мәдени  өмірінің  өзгеруіне  үлкен  үлес  қосты.  Ол  А.А.Леонтьев, 

П.Д.Лобановскийлермен  бірге  1883  жылы  Семейде  алғаш  рет  музей  және 

кітапхана  ашты,  бір  айдан  кейін-ақ  ол  кітапханаға  Абай  Құнанбаев  келіп, 

Е.П.Михаэлиспен танысып, таныстықтары достыққа ұласады.  

 

Көне мәдениет ескерткіштерін жинауда, тарихи-мәдени ескерткіштерді 



тіркеуде,  қамқорлыққа  алуда,  қазба  жұмыстарын  жүргізуде  Н.Я.Коншин, 

В.Никитин,  ағайынды  А.Н.  және  В.Н.Белослюдовтар,  Ф.Н.Педащенко, 

А.В.Андриановтар елеулі жұмыстар атқарды. 

 

Көп  жылғы  өлкетанушылық  жұмыстарының  нөтижесінде  ағайынды 



Белослюдовтар  өз  үйлерін  музейге  айналдырды.  Онда  Шығыс  өңірінің 

геологиясы  мен  минералогиясы,  палеонтологиясы  мен  антропологиясы, 

археологиясы  мен  этнографиясы,  нумизматика,  суреттер  галереясы  сияқты 

бөлімдері  болған.  Археология  бөлімінің  озінде  ғана  600-дей  экспонат, 

нумизматика бөлімінде мыңдаған алтын, күміс, мыс монеталар болған.  

 

1910 жылы В.И.Каменский Қызылсу озені бойындағы Кіші Қойтастан 



табылған  қола  дәуірі  қорғандарына  қазба  жұмыстарын  жүргізу  нәтижесінде 

бай мағлұматтарға кенеледі.  

 

Жүйелі  түрдегі  мақсатты  археологиялык  зерттеулер  Шығыс 



Қазақстанда  1935  жылдан  Ленинград  Ғылым  Академиясының  қолдауымен 

жүзеге  асты.  С.С.Черниковтың  басшылығымен  1947  жылы  Өскемен  және 

Бұқтырма  су  электр  станциялары  құрылысының  басталуына  байланысты 

мақсатты  қазба  жұмыстары  қолға  алынып,  оған  Ш.Уәлиханов  атындағы 

тарих, археология және этнология институты да қатысады.  

 

Шығыс  Қазақстан  жерінде  археологиялық  зерттеу  жұмыстарының  өте 



кеш басталуына байланысты. бұл өлке өте аз зерттелген деп айтуга болады. 

Соғыс  жылдарынан  кейін  1947  жылдан  бастап  Шығыс  Қазақстандағы 

археологиялық  зерттеулер  жүйелі  сипатқа  ие  болады.  1949  жылы  Шығыс 

Қазақстан ЛОИА АН СССР экспедициясы Шілікті даласына археологиялық 

барлау  жүмыстарын  бастайды.  Соның  нәтижесінде  Шілікті  ауылында  51 

қорғаннан  түратын  сақ  дәуіріне  жататын  ең  үлкен  обалар  тобы  ашылды. 

Обаның солтүстік батысынан оңтүстік шығысқа дейінгі алып жатқан көлемі 

8 км. Соның ішіндегі 13 қорғанның диаметрі 100 м, ал биіктігі 8-10 м. Қалған 

қорғандардың  диаметрі  20-дан  80  м  дейін  жетеді.  Осы  жердегі  орталық 

қорғанынан б.з.д. V ғасырдың екінші жартысына жататын хайуанат стилінде 

жасалынған  алтын  қапсырма  және  тағы  да  басқа  материалдар  тапқан.  Бұл 

арнайы  экспедициялық  топ  өз  жұмысын  1952,  1961-1962,  1971  жылдары 



аралығында  жүргізеді,  алайда  соңғы  қазба  барысында  алғашқы  қазбаға 

қарағанда аса бағалы бұйымдар өте сирек кездесіп отырды [6, 11 б.].  

 

Шығыс  Қазақстан  экпедициясы  1950  жылы  Ертіс  өзенінің  оң 



жағалауында Самар ауданы Қызыл ту ауылы маңындағы ерте темір дәуірінің 

қорғандарына  қазба  жұмыстарын  жүргізді.  Ертіс  бойындагы  басқа 

қорғандардан  сыртқы  түрімен-ақ  бірден  ерекшеленетін  1947  жылғы  барлау 

жүмыстары кезінде аныкталған 54 қорғаннан түратын топырақ үйінділі Усть 

Бөкен  қорымында  1956  жылы  б.з.д.  V-ІV  ғғ.  мерзімделетін  22  қорған 

қазылды. Нәтижесінде бұл қатардағы жерлеу орындарының тайпа көсемдері 

Шілікті, Ақсуат алқабындағы зәулім қорғандарда жерленгендігіне, сондай-ақ 

бұл  қорғандардың  скиф  қорғандарына  ұқсастығына  назар  аударады.  Осы 

жағынан Геродоттың скифтер шығыстан батысқа қарай қоныс аударған деген 

мәлімдемесіне  жаңаша  көзқараспен  қарау  керектігін  айтады.  Көңіл 

аударарлық жайт бір қорғанда да жылқыны қоса жерлеу ғұрпы кездеспеген. 

Бұл ескерткішті пазырық және құлажорға мәдсниеттерінен жерлеу ғұрпы мен 

тұтыну  бұйымдары  жағынан  нақты  айырмашылығы  бар,  әрі  көп  жағынан 

ұқсастығы бар Шығыс Қазақстанның ерте көшпелілерінің этникалық тобына 

жатқызды.  

 

1959  жылғы  С.С.Черниковтың  басшылығындағы  археологиялық 



экспедицияның  алдына  қойған  максаты  1949  жылы  басталған  Шілікті 

қорымы және Шаған оба қорымын нақтылай зерттеу болып табылды. 

 

1955  жылы  Шүлбі  ГЭС-і  аумағындағы  археологиялык  барлаулар 



барысында  Уба-Форпост,  Пьяный  Яр,  Қарашат,  Пролетар  қорғандарының 

археологиялық  карталары  жасалды.  Қазақстан  Ғылым  Академиясының 

тарих,  археология  және  этнология  институты  Шүлбі  археологиялық 

экспедициясының  палеолит  отряды  ашқан  (Ж.  Таймағамбетов.  1982,  1983, 

1987 жылдар) Шүлбі ГЭС-інің су басу аймағын зерттеу кезінде жер бетінен 

жүздеген  тас  құралдарының  табылуы  қазба  жұмыстарын  жүргізуге  негіз 

болды. Мәдени қалдықтар жердің босаңдау жамылғы қабаттарында 35-40 см 

биік  астыңғы  террасада,  Шүлбі  өзенінің  Ертіске  құяр  сағасындағы  қыратта 

табылады.  Қазбаның  жалпы  көлемі  100  шаршы  метрден  асады.  Құралдар 

жасауға  шикізат  ретінде  қара,  сұр,  жасылдау  түсті  кремний  жынысты  ұсақ 

жұмыр тастарды, халцедонды және тау хрусталін пайдаланған. Шүлбі тұрағы 

мен  ондағы  қазба  жұмыстар  көрінісін,  табылған  заттарды  профессор 

Ж.К.Таймағамбетов  Әл-Фараби  атындағы  Қазақ  ұлттық  университетінің 

тарих факультеті жанынан өзі ұйымдастырған дүние жүзі бойынша санаулы 

музейлердің  бірі  болып  табылатын  «Қазақстанның  палеолит  музейінде» 

жинастырған.  

 

1960-70 жылдары  Өскемен  педагогикалық институты  (Ф.Х.Арсланова) 



және  Шығыс  Қазақстан  облыстық  өлкетану  музейі  (А.А.Чариков) 

қызметкерлерінің  зерттеу  жүмыстары  нәтижесінде  Жоғарғы  Ертіс  бойының 

археологиялық ескерткіштерінің тізімі толықтырылды.  

 

Соңғы 


15-20 

жылда 


Әл-Фараби 

атындағы 

Қазақ 

ұлттық 


университетінің 

тарихшы-археолог 

ғалымдары 

(Ә.М.Оразбаев, 

Ә.Т.Төлеубаев, Ж.К.Таймағамбетов, Ғ.Қ.Омаров, т.б.) Шығыс Қазақстанның 

көне  дәуірін  зерттеумен  айналысуда.  Ол  археологиялық  экспедиция 

жүмысына  Шәкәрім  атындағы  Семей  мемлекеттік  университетінің 

зерттеушілері мен студенттері ат салысуда. 

 

Шығыс Қазақстан облысы, Қатонқарағай ауданындағы Берел ауылына 



таяу жерде орналасқан ертедегі темір дәуірінің ескерткіштерін тұрақты түрде 

зерттеуге  1997  жылдан  бастап  Ә.Х.Марғұлан  атындағы  археология 

институтының  3.  Самашев  басқарған,  құрамында  еліміздің  бірсыпыра 

ғылыми-зерттеу  институттары,  университеттері  және  Шығыс  Қазақстан 

облыстық  тарихи-өлкетану  мұражайының,  сондай-ақ  Францияның  Орталық 

Азиядағы  археологиялық  миссиясының  мамандары  мен Италияның  Легабуе 

атындагы  ғылыми-зерттеу  орталығын  қатыстыра  отырып  ұйымдастырылған 

халықаралық  экспедиция  кірісіп,  әлемдік  маңызы  бар  археологиялық 

ескерткіштер тапты [7, 6 б.].  

 

Ғылым 



Академиясының 

Ә.Х.Марғұлан 

атындағы 

археология 

институтының  тағы  бір  топ  зерттеушілері  (С.Сұңғатай,  А.А.Ковалев, 

А.А.Тишкин,  М.Б.Слободзян,  т.б.)  1998  жылдан  бері  Шығыс  Қазақстанның 

Күршім  ауданында  қола  дәуірінің  Айнабұлақ,  Бұлғар  табыты  қорғандарын 

зерттеуде.  

 

Аттары  аңызға  айналған  «алтын  корыған  грифтер»  аримаспылар, 



аргийпейлер, исседондар және басқа да аталмыш мәдениетті жасаушылардың 

Алтай  өңірі  мен  оған  жақын  аумақтардағы  орындарын  дәл  анықтауда  осы 

күнге  шейін  бірауыздылық  жоқ.  Осылайша,  Берелден  табылған  бірегей 

олжалар  біз  қарастырып  отырған  дәуірдегі  Қазақ  Алтайы  тұрғындарының 

мәдениеті  мен  өнерінің  биік  деңгейде  болғанын  айғақтайды.  Ата-

бабаларымыздың  бай  мұрасын  зерттеу  –  өте  қиын,  әрі  жауапты  іс,  десе  де 

зерттеушілердің  тынымсыз  еңбегінің  тамаша  зейнетінің  болары  да  сөзсіз. 

Біздер  үшін  көне  көшпелілердің  өнері  қазіргі  кездегі  түркі  халықтарының, 

олардың  ішінде  қазақтардың  бейнелеу  өнері  мен  қолданбалы  қолөнерінің 

түпкілікті үлгісі болғаны өте маңызды. Б.д.д. 1 мыңжылдықтың соңы (б.д.д. 

4-1  ғғ.)  ең  алғаш  Құлажорға  ауылының  жанынан  табылған  ескерткіштерде 

тіркелген  жерлеу  рәсімінің  жаңа  формаларының  өмірге  келуімен 

сипатталады.  Осы  кезеңнің  бастапқы  кезінде  өлгендерді  тас  жәшіктерге 

салып, аттың немесе оның бір мүшелерін қоса көметін болған.  

 

Бұйымдардың бір ерекшелігі - қыш және ағаш ыдыстардың аса көптігі. 



Құмыраларға  қызыл  бояу  жүргізілген,  тері  ыдыстардың  тігістерін 

имитациялайтын  мәнерлеп  жабыстырылған  жұмыр  білікпен  әшекейленген, 

табандық  үстіндегі  түрлері  қола  қазандарды  еске  түсіретін  қыш  ыдыстар 

көзге ерекше түседі. 

 

Бұл  мәдениеттің  төркіні  пазырық  тектес  ескерткіштерде  анық 



байқалады,  яғни  оны  жасағандар  жергілікті  тайпалық  топ  болған,  сонымен 

қатар  зерттеушілер құлажорғалық  мәдениетте  ғұндық  сипаттардың  нышаны 

бар екенін көрсете келе, оның б.д.д. 3-1 ғғ. солтүстік ғұндардың ықпалында 

болған халықтар тұрған Жетісуда табылған олжалармен ұқсастығын атайды. 

Құлажорғалық  мәдениеттің  соңғы  кезеңдегі  (б.д.д.  2  ғ.  -  б.д.  алғашқы 

ғасырлары)  дамуында  жерлеу  рәсімі  мен  жерүсті  һәм  көр  ішіндегі 

құралымдарда  Жетісуда  табылған  үйсіндік  ескерткіштерге  ұқсастық 

байқалады,  бұл  кейбір  зерттеушілерге  оңтүстік-шығыс  халықтарының  бір 

бөлігінің  ғұндардың  қысым  көрсетуінен  Шығыс  Қазақстан  өңіріне  қарай 

ығысқаны  туралы  сөз  қозғауға  сеп  болды.  Шығыс  Қазақстанның 

археологиялық  (ерте  темір  дәуірі)  ескерткіштерінің  хронологиялық  және 

этникалық  атрибуциясын  түбегейлі  шешу  алдыңғы  уақыттың  міндеті. 

Халықтардың ұлы көшінің уақытындағы ескерткіштерді зерттеу осы тарихи 

кезеңдегі әлеуметтік-саяси жағдайды бағамдауға болатынымен өзекті.  

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 

1. Омаров Ғ. Күршімнің археологиялық ескерткіштері (зерттелу тарихынан) 

// Қазақ тарихы. – 2013 жыл. – № 3, 13 б.  

2.  Геродот.  История  в  девяти  книгах  /  Пер.  Стратановского  Г.А.  –  М.: 

«Наука», 1972.- Т. IV. – 270 б.  

3. Миллер Г.Ф. История Сибири. – М.,-Л. 1937. Т. 1. – 607 б.  

4.  Спасский  Г.И.  Путешествие  по  Сибири.  Путешествие  по  южным 

Алтайским горам в 1809 г. // Сибирский вестник. - 1818. - Ч.ІІІ. - 28-64 бб.  

5. Радлов В.В. Из Сибири: страницы дневника – М., 1989. – 186-189 бб.  

6. Черников С.С. Загадка золотого кургана. М., 1965. – 11 б.  

7.  Нұрғалымова  Г.С.  Шығыс  Қазақстанның  көне  тарихы  мен  мәдениеті: 

тарихи-географиялық зерттеу. – Алматы, «Арыс» 2002. – 6 б.  

 

Д.Т.Шашенов,  магистрант,  ғылыми  жетекші  С.У.Жауымбаев  т.ғ.к. 

профессор.  Қарағанды  облыстық  тарихи-өлкетану  музейінің  бөлім 

меңгерушісі. Қарағанды қ

darhanshashenov@mail.ru



 

 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет