Өмір қасірет, адам қасіреттен құтыла алмайды, қасіреттен құтылудың бір ғана жолы – Сансараға (қайта туылу) арқылы жету керек. Ол үшін адам өзінің құштарлығын, нәпсісін тиып, әр түрлі әдептілік қағидаларды мойындап, жанды таза ұстауы қажет. Адам өзінің жаман қасиеттерімен күресуі керек. Сонда ол Нирванаға жетеді.
Нирвана – жанның жоғарғы рахат сезімі, өз-өзіңе үңілу, сөну дегенді білдіреді.
Джайнизм ілімі
Негізін салған Махавира Вардхамана. Джайнизм – бұл Үнді философиясында үлкен орын алады. Оның негізгі – адам жанын тән қыспағынан, құлқын құлдығынан босату. Джайнизм – материяны жансыз дүние затына жатқызады. Әрбір зат субстанция ретінде қаралады, оған материядан басқа кеністік, уақыт, қозғалыс, тыныштық кіреді. Ал жанның басты белгісі, джайнизм бойынша – сана.
Джайнизмнің басты мақсаты: адамның тіршілік мәселелері. Негізгі мазмұны – этика, адамның түрлі құштарлықтардан азат ету.
Джайнизмнің басты принципі - Ахимса, яғни ешбір тірі тіршілік иесіне зиян келтірмеу. Джайнизм білімге ерекше мән береді. Білім өз құмарлығын жеңген және оған басқаларды үйрете алатын рухани ұстаздар арқылы беріледі. Сондай-ақ білім тек ұстазды тыңдау ғана емес, өзін-өзі танып білу, мінез-құлық пен іс-әрекетті қалыптастыру.
Чарвака-Локаята
Үнді еліндегі философиялық материалистік жүйе. Олардың айтуынша, бүкіл ғалам, табиғат табиғи жолмен - дүниенің төрт негізгі элементтерінен: жер, су, от, ауадан жаралған. Бұл элементтер белсенді және әрекетшіл. Бір күйден екінші күйге ауысып отырады. Олардың өзара әрекетінен адам, сана пайда болады, ал дене өлгенде қайтадан сол элементтерге айналады.
Ежелгі Қытай философиясы
Ежелгі Қытай философиясы әлеуметтік, этикалық және саяси бағыттылықта дамыды. Ежелгі «И-цзинь» түпнұсқасында дүние бес элементтен: жер, су, от, ағаш, металлдан
Конфуций (б.з.д. 551-479ж).
Конфуцийшілдік мектеп
Ертедегі Қытай философиясянда конфуцийлік бағыт басты рөл атқарды. Оның негізін салған нақты адам – Конфуций (б.з.д. 551-479ж). Ертедегі Қытай мәдениетінің дамуында оның атқарған рөлі ерекше. Конфуций қатаң тәртіп болуын жақтады. Өз өмір – тіршілігінде Конфуций төрт принципті қатаң ұстады: