Буддизм – біздің заманымызға дейінгі 4 – 5 ғасырларда діни ілім ретінде пайда болды. Буддизм христиан, ислам діндері сияқты дүниежүзілік ірі діндерге жатады. Оның негізін салған Сиддхартха Гаутама Будда(б.з.д. 623 – 524). Буддизмде төрт басты мәселе бар:
Өмір азапқа толы;
Ол азаптардың себебі бар
Азаптарды тоқтатудың мүмкіндіктері бар;
Азаптан құтылудың кезі бар.
Өмір қасірет, адам қасіреттен құтыла алмайды, қасіреттен құтылудың бір ғана жолы – Сансараға (қайта туылу) арқылы жету керек. Ол үшін адам өзінің құштарлығын, нәпсісін тиып, әр түрлі әдептілік қағидаларды мойындап, жанды таза ұстауы қажет. Адам өзінің жаман қасиеттерімен күресуі керек. Сонда ол Нирванаға жетеді.