Ежелгі Қытай философиясы (б.з.д. 6-5 ғғ. пайда болды) мифологиялық ойлаудан басталады, оның негізі – әлемді билейтін ең биік күш – Аспан. Сондықтан Қытай философиясы – көк пен жерді, аспан мен адам арақатынасын қарастырады. Ежелгі Қытай философиялық бағыттарының бәріне ортақ мәселелер: адам, оның бойындағы ізгілік пен зұлымдық.
Қытай философиясы ежелгі заманда жарық көрген кітаптармен тікелей байланысты. Бұлар «Өлеңдер кітабы» (Ши-цзин), «Тарих кітабы» (Шу-цзин), «Өзгерістер кітабы»(И-цзин), «Әдет-ғұрып кітабы» (Ли-цзи) және шежіре «Чунь-шо» әрбір сауатты қытайдың дүниетанымдық көзқарасының негізін құрайтын «Бес кітаптан» (У-цзин) тұрады.