ХІІІ ғасырда Еуразия картасының өзгеруіне әсер еткен оқиға? Шыңғыс хан империясының күшеюі
Б.з.б. І мыңжылдықта Ұлы Даланың шығысында көшіп қонды, кейін Ұйғыр қағанаты ыдырағаннан кейін қазіргі Моңғолияға қоныс аударды? Моңғолдар
Моңғол тайпалары аталды?
Қытайда: моңғол-татарлар
Русьте: татарлар
Ескі еуропалық картада: Тартария немесе Татария
Темичун өмір сүрді? 1155-1227 ж.
Темучиннің әкесі? Есугей батыр қият тайпасының көсімі
Есугей қайтыс болды? Татарлар мен болған шайқаста (бұл татар 3 сұрақтардағы татарларға қатысы жоқ)
1203-1204 ж. моңғолдар талқандады. Найман, керейіт, меркіттерді
Моңғол империясы құрылды? 1206 жылы құрылтайда (Темучин Шыңғысхан атағын алды)
Моңғол империясының алғашқы ұлы ханы. Шыңғысхан 1206-1227 ж.
Моңғолдардың орталығы? Қарақорым қаласы
Чингоның қасиеттері- оның бойында жауынгерге тән қасиеттер болды, ұзын бойлы, алып дене бітімі, күш, алғыр ой, қайтпас жігерлік болды, дінге қысым жасамады
Мен өз бетінше жүрген ұсақ билеушілерді, мұқтаждықта және езгіде жүрген адамдарды бағындырдым, мен оларды жинап бітұтас еттім-деді? Шыңғыс хан
Моңғол империясының басты заңы? Жасақ-Яса
Жасақ екі бөлімнен тұрды:
1. Шыңғысханның нақыл сөздері
2. Әскери азаматтық заңдар
Монғол жері үш әскери әкімшілікке бөлінді? Оң қанат, сол қанат, орталық қанат
Әр аймақ бірнеше түменнен тұрды, ал түмен? 10 мың жауыңгерден тұрды
1215 жылы Шыңғыс хан жаулап алған империя? Солтүстік Қытайдағы Цзинь империясы
Цзинь империясын жаулап алғаннан кейін қолға түсірген қарулар? От лақтырғыш және қабырға бұзатын қарулар
Моңғолдардың жаулап алған жерлердегі биліктерін ұзақ уақыт сақтап отыруының сыры? Дінге қысым жасамауы
Моңғол шапқыншылығына дейін Ертіс пен Дунай аралығында өмір сүрген тайпа? Қыпшақтар
Моңғолдар 1218 жылы Жетісуда талқандады? Найман ханы Күшлікті, сүйтіп Жетісу жерін өз территориясына қосты
1218 жылы моңғолдар діни қысым жасамау ұраны мен соғыссыз басып алған Жеісудағы қала. Баласағұн
Тарыхта «Қайырымды, жуас қала» атағын алды? Баласағұн қаласы
Отырар опаты болған жыл. 1218 ж.
Моңғол шапқыншылығына дейін Иран, Мәуереннахр Оңтүстік Қазақстанда билік еткен мемлекет? Хорезм
Шыңғыс хан Хорезм мемлекетіне керуен жіберді? 1218 жылы
Шыңғысханның жіберген керуенін қырып салды? Отырар билеушісі Қайырхан
Отырар билеушісі Қайырханның керуенді қиратуы? Отырар опаты деп аталды
1219 жылы Шыңғыс хан 150 (200) мың әскермен жорыққа аттанды? Хорезмге
Хорезмге аттанған Шыңғыс хан әскері бірнеше бөлікке бөлінді
Шағатай мен Үгедей-Отырарды 6 айда басып алды
Жошы- Сырдың төменгі ағысына жіберілді
Шыңғыс хан мен Төле негізгі әскерді алып- Бұхараға аттанды
1220 жылы Жошы басып алған қалалар?
Сығанақ- 7 күнде
Ашнас- 15 күнде
Жент- соғыссыз басып алды
1220 жылы Шыңғысхан басып алды. Бұхара мен Самарқанд қалаларын
Шыңғыс хан әскеріне қиян-кескі қарсылық көрсетіп жеңілген қала? Ходжент
Моңғолдарға қиян-кескі қарсылық көрсеткені үшін толық жойылған қалалар. Отырар, Ашнас, Сығанақ
Моңғолдарға соғыссыз берілген қалалар. Жент, Баласағұн
Шыңғыс хан Хорезмді жаулап алды? 1219-1221 жылы
Моңғолдардан жеңілген Хорезм шахы қашып кетті? Иран жеріне қарай
Моңғолдар Хорезм шахын қуу барысында Кавказ жерінен бір-ақ шықты, ол жақта кімдердең қарсылығына тап болды? Батыс қыпшақтар мен орыстардың бірлескен әскеріне
Моңғолдар қыпшақтар мен орыстардың бірлескен әскерін талқандады? Калка өзені бойында
Моңғолдар Қазақстан жерін толықтай басып алды. 1219-1224 ж.
1224 жылы Шыңғысханның әмірі жүрді? Амурдан Әмударияға дейін
Шыңғыс хан қайтыс болды. 1227 ж.
Ұлыс- Шыңғыс ханның балаларына бөліп берген жерлері
Жошы ұлысы: Ертістен Еділге дейінгі жерлер, Дешті Қыпшақ, Арал бойы, Сырдың төменгі ағысы
Шағатай ұлысы: Онтүстік және Онтүстік Шығыс Қазақстан, Жетісу Шығыс Түркістан
Үгедей ұлысы: Жетісудың солтүстік шығыс бөлігі
Төле ұлысы: Моңғолия жері
Қазақ жерін қамтыған ұлыстар. Жошы, Шағатай, Үгедей ұлыстары
Жошы, Шағатай, Үгедей ұлыстарының түйіскен жері: Жетісу
1-часть Продолжение следует
Достарыңызбен бөлісу: |