Шығыстағы отаршылдық: отаршылдық экспансиясының типологиясы мен тарихи формалары



бет3/4
Дата23.11.2022
өлшемі20,26 Kb.
#52097
1   2   3   4
Байланысты:
Шығыстағы отаршылдық

Отарлық езгi зардаптары. ХVIII—ХIХ ғасырларда Еуропа елдерiндегi капиталистiк қатынастардың дамуы азиялық нарық үшiн күрестi, отарлық иелiктердi қанауды одан әрi күшейте түстi. Отаршылдар отарлық қанаудың жаңа әдiсiне көше бастады. Бұрынғы сауда арқылы ғана отарлау әдiсi ендi өз мәнiн жойып, онымен бiрге атақты сауда компаниялары да өмiр сүруiн тоқтатты. Отаршыл мемлекеттер ендi барлық билiктi өз қолдарына алып, бүкiл бiр елдi, тiптi бiр құрлықты тауар өткiзу нарығы мен шикiзат көзiне айналдыра бастады. Еуропалық отаршыл мемлекеттердiң отарлық саясаты капиталистiк қатынастардың одан әрi күшейiп, дамуына жол ашса, Шығыс елдерiн күйзелiске әкелдi. Шығыс елдерiнiң өндiргiш күштерi күйредi, шаруашылық өмiр салты бұзылды. Капиталистiк Батыс пен артта қалған Шығыс елдерiнiң арасында теңсiздiк пайда болды.
Отаршылдық тонау толық отарға айналған елдер үшiн ғана емес, өз тәуелсiздiгiн сақтап қалған Қытай, Корея, Жапония сияқты Шығыс Азия елдерi үшiн де өте ауыр саясат болды. Бұл аталған елдердi шетелдiк отаршылдарға елдi тонатпау үшiн «жабық есiк» саясатын ұстанып, тұйықталуға мәжбүр еттi. Сыртқы дүниеден оқшаулану саясаты бұл елдердiң дүниежүзiлiк даму деңгейiнен көп артта қалуына әкеп соқтырды.
Отарлық құлдыққа түскен елдердiң экономикасы, әсiресе ауылша руашылығы отаршылдардың мақсат-мүддесiне қарай ыңғайластырылды. Егiстiк жерлерге халықтың өзiне қажеттi өнiмдер өндiруге емес, отаршылдардың қажетiне керектi техникалық дақылдар — мақта, темекi т.б. өсiруге мәжбүрледi. Соның нәтижесiнде халықтың өмiр бойы айналысып келе жатқан шаруашылық түрi өзгердi, өндiргiш күштер күйредi, мыңдаған қолөнершiлер, шаруалар тоқырауға ұшырап, негiзгi кәсiбiнен айырылды.
ХIХ ғасырдың басына қарай отарлық нарықтар мен арзан өндiрiстiк шикiзат көздерi iрi-iрi халықаралық шиеленiстерге әкеп соқтырды. Англия мен Франция арасындағы отарлық бәсекелестiк күрестiң нәтижесiнде ағылшын буржуазиясы үстемдiкке ие болып, Шығыс елдерiндегi өз ықпалын кеңейте түстi. Азияда отарлық иелiктер үшiн ағылшын-орыс бәсекелестiгi туындады.
«Еркiн сауда» принципi жолында Англия ХIХ ғасырдың бiрiншi жартысында соғыстар жүргiздi. Осы «Шығыс мәселесi» жолында ол Франциямен және Ресеймен шиеленiстерге барды. Бұл кезеңдегi Англия жүргiзген iрi соғыстардың қатарында үндi ұлыстарын толық бағындыру әрекетiн, Иран мен Ауғанстанға қарсы «Үндiстанды қорғау» деген бетперде жамылған екiжүздi соғыстарды Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі атап айтуға болады. Ағылшын капиталистерi Қытай нарығын жаулап алу жолындағы «апиын соғыстарының» да бастамашысы болды. Қытайды отарлауға ағылшындардан басқа Франция, АҚШ, Германия, Ресей де мүдделi болды. Қытай мен оған көршi жатқан елдерге отаршылдар әртүрлi келiсiмшарттарды ерiксiз таңды. Бұл әдiлетсiз шарттар отаршыл капиталистердi ерекше жеңiлдiктер мен артықшылық құқықтарына ие еттi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет