Шығыстағы отаршылдық: отаршылдық экспансиясының типологиясы мен тарихи формалары


Англия мен Голландияның отарлау саясаты



бет2/4
Дата23.11.2022
өлшемі20,26 Kb.
#52097
1   2   3   4
Байланысты:
Шығыстағы отаршылдық

Англия мен Голландияның отарлау саясаты. ХVII ғасырдың басында Батыс Еуропа елдерiнiң iшiнде сауда және отаршылдық саясат жүргiзуде Голландия алғашқы орынды иемдендi. Оның отарлық иелiктерi Оңтүстiк және Солтүстiк Америка құрлығында, Индонезия мен Цейлонда орналасты.
Ағылшындар мен голландықтар теңiздер мен мұхиттар кеңiстiгiнде, дүниежүзiлiк саудада өз үстемдiктерiн орнату үшiн бәсекелестiк күреске шықты. Сауданы нығайту мақсатында олар отарлық иелiктерiнде сауда факторияларын дамытты.
ХVI ғасыр бойында Англияда бiрнеше iрi сауда компаниялары пайда болды. Олар дүниенiң әр түкпiрiмен сауда байланыстарын жүргiзді. ХVII ғасырдың басында солардың iшiндегi ең мықтысы атақты Ост-Үндi компаниясы болды. Бұл компания, негiзiнен, Үндi мұхиты арқылы сауда жүргiзетiн едi.
Ост-Үндi компаниясы Англиядағы «мемлекет iшiндегi мемлекет» сияқты ерекше құрылым болды. Бұл компанияның өз әскерi, флоты, мыңдаған әкiмдерi, сауда агенттерi мен аудармашылары болды. Осындай Ост-Үндi тектес компаниялар Голландияда, Францияда да пайда болды. Бұл компаниялардың арасында отарлық иелiктер үшiн, саудадағы үстемдiк үшiн бәсекелестiк күрес үлкен соғыстарға, әскери жанжалдарға ұласып отырды.
Ағылшын, француз, голланд, Ост-Үндi компаниялары бастаған Шығыс елдерiн отарлау әрекеттерi көптеген мемлекеттер мен халықтарды тәуелсiздiгiнен айырып, отар елдерге, кейбiрiн жартылай отар елдерге айналдырды.
Әрине, Шығыста еуропалық экспансияға қарсы тұратын және шетелдiктердiң баса-көктеп кiруiнен бас сауғалаған елдер сақталып қалды. Қытай, Жапония, Корея және Вьетнам үкiметтерi өздерiнiң мемлекетiн шетелдiктер үшiн жабық деп жариялады. Бiрақ Батыс отаршылдары бұл елдерге түрлi тәсiлмен, жанама жолдармен енуге ұмтылды. Экономикалық қанау арқылы еуропалықтар кейбір Шығыс елдерiнiң саяси дербестiгiн, әскери күштерiн сақтай отырып, өз қолдарына алды. Бұған Осман империясын сыртқы саудасымен толық қаратуы дәлел бола алады.
XVII—XVIII ғасырларда Ресей де отаршылдық саясатқа бет бұрып, халықаралық саясаттағы мәртебесi өсе бастады. Ресейлiк отаршылдардың Шығысқа жылжуы бiршама ауқымды болды.
VII—XVIII ғасырлар бойы ресейлiк әскери қызметтегi адамдар, казактар және шаруалар бiртiндеп Сiбiрдi игердi, ал 1784 жылы алғашқы орыс елдi мекендерi Аляскада да пайда болды. Амурда Ресей басқыншылары Қытаймен қақтығысқа түсіп, XVII ғасырдың соңында орыс-қытай шегарасы белгіленді. Сiбiрдi отарлау Ресейдiң аумағын екi есе дерлiк ұлғайтты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет