Шығыстың аймақтық хабаршысы


Қ.М. НАҒЫМЖАНОВА, Б.К. КУРМЕТОВА



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата31.03.2017
өлшемі0,74 Mb.
#10933
1   2   3   4

Қ.М. НАҒЫМЖАНОВА, Б.К. КУРМЕТОВА

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Өскемен қ., Қазақстан

ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ТАҢДАУ ЖӘНЕ МҰҒАЛІМНІҢ 

КӘСІБИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІ 

Бұл  мақалада  мұғалімнің  кәсіби-педагогикалық  құзыреттілігін  жетілдірудегі  

оқыту технологияларын дұрыс таңдау тиімділігі қарастырылады. Бұл технология тек 

ақпарат  беру  ғана  емес,  құбылысты  түсіндіру,  дәлелдеу  және  логикалық  қорытынды 

жасауға  негізделеді.  Оқыту  стратегиясы  мен  технологиясын  таңдаудағы  кәсіби 

міндеттердің шешімі оқушының тұлғалық сапасының дамуынан көрініс табады. 



Түйін сөздер: оқыту стратегиясы, оқыту технологиясы, инновация, педагогикалық 

құзыреттілік.

 

ПРОФЕССИОНАЛЬНО-ПЕДАГОГИЧЕСКАЯ КОМПЕТЕНЦИЯ 



УЧИТЕЛЯ И ВЫБОР ТЕХНОЛОГИИ ОБУЧЕНИЯ

В  данной  статье  рассматривается  эффективность  выбора  технологии  обучения 

для совершенствования профессионально-педагогической компетентности учителя. Эта 

технология направлена не только для предоставления информации, но и основывается 

на разъяснении, доказательстве, обосновании и логическом выводе какого-то явления. 

Решение  профессиональных  задач  в  выборе  стратегии  обучения  и  технологии, 

отражаются в развитии личностных качеств у школьника.

Ключевые  слова:  стратегия  обучения,  технология  обучения,  инновация, 

педагогическая компетенция.

PROFESSIONAL-PEDAGOGICAL COMPETENCE OF THE TEACHERS 

AND CHOICE OF TECHNOLOGY TRAINING

This article discusses the effectiveness of the choice of technology training for improve 

professional and pedagogical competence of the teacher. This technology is aimed not only to 

provice information but also based on clarification, proof, justification and logical conclusion 

of the phenomenon. The decision of professional problems in the choice of learning strategies 

and technologies are reflected in the development of personal qualities of the student.

Keywords: training strategy, learning technology, innovation, pedagogical competence.

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР



253

Региональный вестник Востока

  

 



 

 

 



        

Выпускается ежеквартально

Педагог  тудыратын  сыртқы  шараларды  оқушы  өзінің  жеке  іс-әрекетімен 

жүзеге асырады. Оқыту іс-әрекетін басқару – оған белгілі дәрежеде талап қою, 

педагогтің таным белсенділігін арттырып, шығармашылығын дамытатын және 

инновациялық білім беру және инновациялық білім беру ортасын жасау. 

Мұғалімінің иновациялық іс-әрекеті – өз қызметіне жаңа технологияларды 

енгізуі. Білім беру жүйесінде қазір технологиялардың сан алауан түрлері бар.

Оқыту  технологияларын  таңдау  үшін  педагог  педагогикалық  үрдіс 

факторларын ескеру қажет деп көрсетеді Д.В. Чернилевский. Ол факторлар:

– біліктілік сипатына енген кәсіби іскерліктерді меңгертуге арналған оқыту 

іс-әрекетін ұйымдастыру мүмкіндіктері; 

–  педагогикалық  үрдістегі  оқыту  ақпараты  функциясы  (оқыту, 

диагностикалық бақылау);

– оқыту ақпаратының мақсаттылық белгісі (танымдық, әрекеттік типте);

–  оқушылардың  мүмкіншілігі  (әдістемелік  біліктілік  деңгейі,  оқыту 

процесінің әдістемелік техникалық жабдықталуы);

– уақыт мүмкіндігі ( ұзақтығы – 45 мин артық, қысқа уақыт көлемі – 45 

минуттан кем) [1].

Материалды  түсіндіру  әдісін  таңдау  әдістерінің  тиімділігі  өз  кезеңінде, 

оқыту мақсатына жету мүмкіндіктеріне байланысты болады. 

Оқытудың басты мақсаты – материалдарды түсіндіруде білім мазмұнының 

объектісі  мен  әрекеттерін  және  студенттердің  логикалық  шығармашылық 

іскерліктерін  дамыту.  Бірінші  мақсатқа  білім  мазмұнын  түсіндіру  –  дайын 

білімді  хабарлаудағы  тиімді  әдістемелерге  ақпараттық  және  проблемалық 

мазмұндау жатады. Басқа да жағдайларда, егер білім мазмұны нақты әрі толық 

болса, басқа әдістемелерге қарағанда түсіндіру әдісі жиі қолданылады. Сонымен 

қатар  белгілі  мөлшерде  логикалық  іскерліктерді  дамытуға  жағдай  жасалады, 

өйткені мазмұнды айқындауда репродуктивті қажеттілік қарастырылған. Бірақ 

логикалық  іскерліктерді  белсенді  дамытуда  және  қандай  да  шығармашылық 

тәсілді дамытуда дайын білімді хабарлауға жағдай жасалмайды. 

Екінші  мақсатқа  жетуде  баяндау  әдістемесінің  мүмкіншіліктері  жоқтың 

қасы. 

Педагогикалық  әрекетте  неғұрлым  жоғары  нәтижеге  педагогикалық 



шеберліктің  жоғары  деңгейіне  жеткен  педагогикалық  дарынды  мұғалімдер 

жетеді.  Заманауи  зерттеушілер,  ең  алдымен,  академик  И.А.  Зязюн  мұғалімнің 

құзыреттілігі  деп  педагог  тұлғасының  шығармашылық  белсенділігінің 

педагогикалық  әрекетінің  жоғары  деңгейін  түсінген,  нақтырақ  айтсақ  – 

рефлексивті негізде кәсіби әрекетінің жоғары деңгейінің өзін-өзі ұйымдастыруды 

қамтамасыз  ететін  тұлға  қасиеттерінің  кешені.  Бұндай  маңызды  қасиеттерге 

Қ.М. НАҒЫМЖАНОВА, Б.К. КУРМЕТОВА. 1 (69) 2016. Б. 252-259 

 

 



                ISSN 1683-1667 

254

Тоқсанына бір рет шығарылады

  

 

 



 

         



Шығыстың аймақтық хабаршысы

мұғалім  тұлғасының  педагогикалық  бағыттылығы,  педагогикалық  қабілеттер 

және  педагогикалық  техника  жатады.  Тұлға  құрылымындағы  педагогикалық 

құзыреттілік – бұл жүйе құрушы факторы ізгіліктік бағыттылық болып табылатын 

өзін-өзі  ұйымдастыруға  қабілетті  жүйе.  Кәсіби  шеберліктің  іргетасы  кәсіби 

құзыреттілік  болып  табылады  (өзін-өзі  ұйымдастырушы  жүйенің  тұтастығын 

қамтамасыз ететін әрекеттегі жоғары кәсібиліктің негізін құрайтын бағыттылық 

пен  кәсіби  білім);  педагогикалық  қабілеттер  өзін-өзі  жетілдіру  жылдамдығын 

қамтамасыз етеді; білім мен қабілеттерге сүйенген техника педагогикалық әрекет 

құрылымын үйлестіре отырып, мұғалімнің ішкі әлеуетін табуға мүмкіндік береді 

[2]. 

Заманауи мектептің жұмыс тәжірибесі мұғалім қажетті ақпаратты анық және 



дұрыс жеткізіп қана қоймай, жаңа, сонылы идеяларды ойлап тауып, жүзеге асыра 

білуі,  мәселелі  педагогикалық  жағдаяттар  мен  міндеттерді  шешудің  дәстүрлі 

емес түрлерін таба білуі, яғни ойлау креативтігін меңгеруі тиіс. Педагогикалық 

шығармашылық  пен  оған  болашақ  мұғалімдерді  дайындау  ерекшеліктерін 

зерттеу  мәселесіне  В.А.  Кан-Калик,  Н.В.  Кичук,  М.П.  Лещенко,  Л.А.  Хомич, 

С.А. Сысоева және тағы басқалардың зерттеулері арналған. С.А. Сысоеваның 

[4]  зерттеуінде  әлеуметтік  және  моральдық  сананың  жоғары  деңгейі, 

ойлаудың  ізденістік-түрлендіруші  стилі,  дамыған  интеллектуалды  логикалық 

қабілеттер (талдау, түсіндіру, негізгіні көре білу біліктілігі), мәселені көре білу, 

шығармашылық фантазия, дамыған қиял, ерекше тұлғалық сапалар (балаларға 

деген  сүйіспеншілік,  бас  пайдасын  ойламау,  батылдық,  кәсіби  әрекеттегі 

тәуекелге  дайын  болу,  мақсатқа  бағыттылық,  білуге  құмарлық,  өз  бетінділік, 

табандылық,  энтузиазм),  ерекше  түрткілер  (өзінің  «Мен-ін»  жүзеге  асыруға 

қажеттілік, басқалардың мойындағанын қалау, шығармашылық қызығушылық, 

шығармашылық үрдіс, өз еңбегіне әуестенушілік, педагогикалық еңбектің нақты 

жағдайында  неғұрлым  жоғары  нәтижеге  жетуге  ұмтылыс),  коммуникативтік 

қабілеттер,  өзін-өзі  реттеуге  қабілеттілік,  жалпы  мәдениеттің  жоғары  деңгейі 

сияқты  педагогикалық  құзыреттілік  белгілерін  анықтады.  Зерттеушінің 

анықтаған  педагогикалық  құзыреттілік  белгілерін  болашақ  мұғалімдер  мен 

мұғалім-практиктерді бағалау мен өзіндік бағалау үшін, сонымен қатар осының 

негізінде өзін-өзі жетілдіру бағдарламасын жасау үшін пайдалануға болады.

Демек, педагогикалық креативтік шығармашылық ізденіске, педагогикалық 

міндеттерді  стандартты  емес  шешуге  қабілеттілікті  ұйғарады  және  ойлау 

жылдамдығы (өнімдік) мен ойлау икемдігі, сонылық білуге құмарлық, нақтылық 

пен батылдық сияқты өлшемдермен сипатталады. Ойлау жылдамдығы (өнімділігі) 

деп бір уақыт бірлігінде пайда болған идеялар санын түсінеді. Қарама-қарсы сапа 

– өнімнің аздығы. Ойлау икемдігін жылдам және іштей аз күш жұмсап бір идеядан 

екіншісіне  көшу  қабілеттілігін;  бір  контексте  алынған  ақпаратты  екіншісінде 

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР


255

Региональный вестник Востока

  

 



 

 

 



        

Выпускается ежеквартально

қолдануға болатынын көре білу қабілеттілігі сипаттайды. Бұл – жақсы дамыған 

көшіру (транспозиция) дағдысы. Икемділік оқып зерттелінетін бір құбылыстан 

екіншісіне  оңай  көшу  біліктілігін,  шешу  әдістерінің  статистикалығын  жеңе 

білу, дұрыс емес болжамнан өз уақытында бас тарту, интеллектуалдық тәуекел 

мен  парадокстерге  дайын  болу  біліктілігін  қамтамасыз  етеді.  Қарама-қарсы 

сапа  –  енжарлық.  Сонылық  жалпы  қабылданғаннан  ерекше,  парадоксалды, 

күтпеген шешімдерге келу, идеяларды ойлап тауып, жүзеге асыру қабілеттілігін 

анықтайды.  Ол  бірізді  логикалық  талдау  кезіндегі  байқалмаған  барлық 

байланыстар мен тәуелділіктерді тұтас көрумен байланысты. Қарама-қарсы сапа 

– дәстүрлік. Әуестенушілік, таң қалу қабілеттілігі барлық жаңаға ашықтық пен 

қызығушылық ретінде түсініледі. Қарама-қарсы сапа – немқұрайлық. Батылдық 

белгісіздік  жағдаяттарында  шешім  қабылдау,  өз  шығарған  қорытындыдан 

қорықпау  және  өзінің  табысы  мен  абыройын  тәуекелге  сала  отырып,  оларды 

аяғына дейін жеткізу қабілеттілігін ұйғарады. Қарама-қарсы сапа – пайымдай 

алушылық. 

Сәйкес ғылыми әдебиеттерді талдау негізінде педагогикалық креативтілікті 

білдіретін негізгі өлшемдер жасалады.

1  Педагогикалық  әрекеттегі  шығармашылық  тұрғыны  жүзеге  асыруға 

қабілеттілік (креативтік): ойлау жылдамдығы (бір уақыт бірлігінде пайда болатын 

идеялар саны); жылдам және іштей аз күш жұмсап, бір идеядан екіншісіне көшу 

қабілеттілігі;  идеяларды  тауып  жүзеге  асыру,  жалпы  қабылданғаннан  ерекше, 

парадоксалды,  күтпеген  шешімдерге  келу  қабілеттігі  (мұғалім  үшін  –  оқыту 

мен  тәрбие  әрекетінің  жаңа  формалары,  әдістері,  құралдарын  іздеу);  идеяның 

сезімталдығын  түйсіну;  таң  қалу  қабілеттігі;  белгісіздік  жағдаяттарында 

шешім  қабылдау,  өз  шығарған  қорытындыдан  қорықпау  және  өзінің  табысы 

мен  абыройын  тәуекелге  сала  отырып,  аяғына  дейін  жеткізу  қабілеттігі;  жаңа 

сонылы көрнекіліктерді құрауда көрінетін икемді бейнелі ойлауға қабілеттілік; 

сөздік  ойлау  икемдігі,  ашық  бейнелі  тіл,  оқушыларды  өз  әңгімесімен  баурай 

білу,  жаңаны  таңдаудағы  таңдай  білуі;  ойлаудың  ізденістік-түрлендіруші 

стилі;  шығармашылық  фантазия,  дамыған  қиял;  жағдаятты  мәселелік  көру; 

«тыныштықты бұзу» қабілеттілігі; сүйікті әрекетіне терең ену; өнертабыстарға, 

шығармашылыққа  ұмтылыс;  жұмбақтар,  парадокс,  суырып  салмалыққа 

қызығушылық; зейінін жылдам аудару.

2  Шығармашылық  педагогикалық  тәжірибесін,  құзыреттілікті  үнемі 

дамытуға  қабілеттілік;  кәсіби  құзыреттілігін  жетілдіру  тілегі,  жаңа  білім  алу, 

педагогикалық  әрекеттің  сәйкес  біліктілігі  мен  дағдысын  дамытқысы  келу 

тілегі;  шығармашылық  ізденісте  жаңа  білімді  жылдам  табу  және  меңгеру,  өз 

кәсіби ой-өрісін кеңейтуге қабілеттілік; педагогикалық іс-әрекетпен байланысты 

сұрақтар  мен  мәселелерді  мақсатты  ұмтылыспен  оқып-білу  біліктілігі; 

Қ.М. НАҒЫМЖАНОВА, Б.К. КУРМЕТОВА. 1 (69) 2016. Б. 252-259 

 

 

                ISSN 1683-1667 



256

Тоқсанына бір рет шығарылады

  

 

 



 

         



Шығыстың аймақтық хабаршысы

педагогикалық әрекет тәжірибесін байытудан ләззат алу сезімі, сонымен бірге 

кәсіби  құзыреттіліктің  ары  қарай  өсуінің  шарты  ретінде  жетістік  деңгейіне 

шығармашылық көңілі толмауы.

3  Педагогикалық  әрекеттің  шығармашылық  стратегиясын  қалыптастыру 

және  жүзеге  асыру  қабілеттілігі:  педагогикалық  әрекет  тәжірибесін  жүйелі 

байытуға деген табанды қажеттілік; оқыту мен тәрбиелеудің басты мәселелерін 

шешуде  терең,  жүйелі  білімді  өз  бетінше  қалыптастыру  қабілеттілігі; 

сәйкес  бағдарламаның  мақсаты  мен  оны  құрудың  негізінде  шығармашылық 

педагогикалық  әрекеттің  икемді  стратегиясын  жасау  біліктілігі;  маңызды, 

күрделі педагогикалық мәселелерді шешу мақсатымен өз тәжірибесін ұтқырлау 

немесе жылдам қосымша құзыреттілікке ие болу қабілеттілігі; шығармашылық 

кәсіби тапсырмаларды шешудегі жауапкершілік сезімі.

Мұғалімнің педагогикалық құзыреттілігі оның өн бойында дамиды және 

оның  педагогикалық  шеберлік  шыңына  шығу  жолындағы  шешуші  фактор 

болып табылады. В.О. Сухомлинский тек шығармашыл мұғалім ғана оқушыда 

білімге  деген  құштарлықты  оятуға  қабілетті  екенін  ескерткен,  сондықтан 

әрбір  педагогке  кәсіби  құзыреттіліктің  басты  көрсеткіші  болатын  креативтікті 

дамыту қажет. Объективті және субъективті сипаттағы өнім жаңашыл сипатта 

болса, кез келген әрекет шығармашыл болады. Педагогикада ондай өнім жаңа 

оқу технологиялары, оқыту мен тәрбиелеудің формалары, әдістері, мұғалімнің 

педагогикалық шеберлігінің өсуі болады.

Логикалық  және  шығармашылық  іскерліктерді  дамыту  дедуктивті  өргізу 

мен эвристикалық ізденіс әдістерін қолданғанда тиімді болады. Бірақ бұл әдіс 

оқытушылар  мен  студенттердің  көп  уақытын  алады.  Әсіресе,  эвристикалық 

ізденіс арқылы түсіндіру әдісі. Сондықтан да қажетті материалды түсіндіруде 

басқарылатын  эвристикалық  ізденіс  әдісін  шығармашылық  ойлауды  дамыту 

мақсатында қолдану керек.

Дедуктивті өргізу көп уақыт алса да, мүмкіндігінше дайын білімді баяндау-

дан гөрі жалпылау ретінде үнемі қолданылуы қажет. Материалдарды түсіндіру 

үшін  барлық  әдістер  қолданылуы  керек,  бірақ  әртүрлі  жиілікте.  Ең  бастысы, 

дедуктивті өргізу, ақпаратты және проблеманы мазмұндау, эвристикалық ізденіс 

әдістемесі  материалдың  15-20%  түсіндіруде  қолданылады  да  шығармашылық 

ойлауды дамытуда маңызды және міндетті рөл атқарады. 

Инновация – жаңа, жаңалық, өзгеріс деген ұғымдарды береді. Инновация 

құрал ретінде және жаңалықты енгізу процесі дегенді білдіреді. Педагогикалық 

процес – мақсатқа, мазмұнға, оқыту мен тәрбие түрлеріне, оқытушы мен студент 

іс-әрекетін ұйымдастыруға жаңалық енгізу.

Инновациялық  бағдар  –  оқытушының  кәсіби  педагогикалық  мәдениетін 

қалыптастыру  іс-әрекетін  ойлап  табу,  меңгеру,  педагогикалық  жаңалықтарды 

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР


257

Региональный вестник Востока

  

 



 

 

 



        

Выпускается ежеквартально

оқыту практикасында қолдану, инновациялық аймақ тудыру.

Инновациялық  бағдардың  педагогикалық  іс-әрекетте  қажеттілігі 

төмендегідей:

1) әлеуметтік-экономикалық өзгерістер білім беру жүйесінің әдіснамасын 

оқыту процесін ұйымдастыру технологияларын түбегейлі өзгерту қажеттілігін 

тудыруда.  Инновациялық  бағдарлылық  білім  беру  жүйесінің  жаңарту  құралы 

болып табылады.

2)  білім  беруді  ізгілендіруді  нығайту,  білім  жүйесіндегі  түрлі  өзгерістер 

үнемі жаңаны ұйымдастыру формаларын, оқыту технологияларын қажет етеді;

3)  педагогтердің  педагогикалық  жаңалықтарды  меңгеру  және  қолдану 

факторының өзіне қарым-қатынастарының өзгеруі.

Оқу-тәрбие  процесі  мазмұнының  қатаң  регламентіне  тек  педагогикалық 

әрекетте  дәстүрлі  әдіс-тәсілдерді  пайдалануға  ғана  мүмкіндік  береді.  Егер, 

бұрын  инновациялық  іс-әрекет  жоғарыдан  ұсынылған  жаңалықтарды  қолдану 

болса, қазір таңдау зерттеушілік мүмкіндікке ие.

В.Д.  Шадриков  іс-әрекеттің  функционалды  жүйесінің  келесі  негізгі 

компоненттерін ұсынады (функционалды блоктар):

– іс-әрекет мотиві;

– іс-әрекет мақсаты;

– іс-әрекет бағдарламасы;

– іс-әрекеттің ақпараттық негізі;

шешім қабылдау;

– тұлғаның маңызды іс-әрекеттерін қозғаушы жүйе [5].

Оқыту  процесінде  бұл  блоктарды  меңгеру  арқылы  кәсіби  іс-әрекетінде 

пайдаланылады.  Аталмыш  іс-әрекет  блоктары  жан-жақты.  Олар  педагогтің 

оқытушылық іс-әрекетінің пәндік мазмұнын игереді.

Педагог  іс-әрекетінің  құрылымын  іс-әрекеттің  психикалық  кезеңдеріне 

байланысты талдауға болады: болжау, шешім қабылдау, орындау, бағалау және 

бақылау.  Оқыту  процесінде  педагогке  басты  назарды  іс-әрекеттің  рефлексивті 

кезеңінде  жоспарланған  және  шығарылған  әрекеттерді  талдау,  коррекция  мен 

өзіндік бақылау, өз әрекетін нәтижеге байланысты бағалау керек. Осы процесс 

оқу-педагогикалық жүйені қадағалауға мүмкіндік тудырады.

Педагог  іс-әрекеті  кәсіби  міндеттерді  шешуге  бағдарланады.  Шешім 

мақсатты айқындаудан, іс-әрекет мотивіне түрткі болудан басталады. Мақсаттылық 

–  іс-әрекеттің  алғашқы  кезеңі,  екінші  кезең  –  іс-әрекет  бағдарламасын 

жоспарлау, жобалау. Іс-әрекет бағдарламасын құру үшін, қандай әрекеттер және 

қандай  оқыту  процесінің  афференттік  синтезінен  өткізу  қажет.  Нәтижесінде 

әрекет  бағдарламасы  –  педагог  іс-әрекетінің  моделі  пайда  болады.  Іс-әрекетін 

бағдарлау  педагогтің  интеллектуалдық  қабілетіне  байланысты,  қандай  білім 

мен іскерліктерді игерген, педагогтің кәсіби міндеттерін эвристикалық жолмен 

Қ.М. НАҒЫМЖАНОВА, Б.К. КУРМЕТОВА. 1 (69) 2016. Б. 252-259 

 

 



                ISSN 1683-1667 

258

Тоқсанына бір рет шығарылады

  

 

 



 

         



Шығыстың аймақтық хабаршысы

шеше алуы, оқыту технологияларын қаншалықты меңгергендігіне байланысты 

айқындалады. Іс-әрекеттің бұл кезеңі педагог компетенттілігінен шешіледі.

Кәсіби іс-әрекет құрылымы өзгеріссіз қалып, мазмұндық жаңаруға түседі. 

Оқытылатын  пән  ерекшелігі  оқу  ақпараты  құрамына,  әрекетіне,  ал  таным 

ғылыми-зерттеу әдістеріне әсер етеді.

Оқыту  технологиялары  өзара  бір-бірімен  тығыз  байланыста  болуы, 

жүйелі мақсатқа жетуді көздеуі керек. Әр технологияның өзінің ерекшелігі бар. 

Егер  проблемалық  технологиялардың  міндеттері  мен  диалогтық  формалары, 

эвристикалық  тәсілдер,  ал  ақпараттық  технологияларда  танымдық  логикалық 

тәсілдер  басты  орын  алады.  Ал  түсіндірмелі  көрнекілік  технологиялар  оқыту 

технологиясы  болып  табылады.  Оның  негізгі  сипаты  –  оқушыларға  ғылыми 

факторлар мен заңдылықтарды үйрету. 

Оқушылар  білім  алуда  өзінің  тұлғалық  мәнділігін  бейімделуден  өтудің 

терең ғылыми мазмұнын меңгереді.

Педагог  жұмысы  тұтас  психологияны  жүзеге  асырумен  ғана  емес, 

оқытудың  технологиялық  әдістері  мен  тәсілдерін  меңгеруден  де  тұрады. 

Мысалы,  лекция,  әңгіме,  түсіндірудің  ортақ  белгілері  –  ақпаратты  жеткізудің 

монологиялық  құрылысын  ақпараттық  хабарлау  болғанымен,  оқу  материалын 

ақпарат  құрылымында,  логикалық  мазмұндаудың  да,  проблема  қою  мен  оны 

шеше білуді де, ақпараттың логикалық блоктарын монтаждауда эвристикалық 

процедуралар жасау.

Сонымен  қатар  ақпараттық  хабарлау  лексикалық  және  риторикалық 

тұрғыда тура және кері байланыста құрылады.

Технологияларды педагогикалық монтаждау келесі критерийлер негізінде 

құрылады:

–  ақпараттық логикалық құрылымы (ақпараттық технологиялар, міндеттер, 

проблемалар және т.б.);

–  ақпарат көлемі және оқытудың дидактикалық бірліктерінің ақпараттық 

көлемі;


–  таным процесінің өнімді деңгейі;

–  оқыту белсенділігі;

–  білім беру және дамытушылық тиімділігі;

–  технология бейімділігі;

–  оқушылар мен жұмысы істеудегі синхрония;

–  оқушыларға ақыл-ой және дене-күшіне жүктемені өлшеу.

Сонымен,  қорыта  келе,  кез  келген  технология  кез  келген  педагогтің 

қолданылуында  тиімді  нәтижеге  жеткізе  бермейді.  Мұғалімнің  кәсіби-

педагогикалық  қызметінде  жеке  шығармашылық  концепцияның  қалыптасуын, 

жеке  бастың  педагогикалық  құндылықтар  мен  технологияларды  меңгеруін, 

педагогикалық  жаңалықтарды  іске  асыру  процесін  өздігінен  ұйымдастыру, 

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР



259

Региональный вестник Востока

  

 



 

 

 



        

Выпускается ежеквартально

жаңалықтарды енгізуде мұғалімнің өзіндік жеке стилінің болуы, инновациялық 

ортаның қалыптасуы, инновациялық типтегі мектептерде өтілетін эксперимент-

терге қатыстыру, жоғары оқу орындарында жаңа технологияларды қолдану жол-

дарын меңгертуді қажет етеді. 

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ



1.  Левина  М.М.  Технологии  профессионального  педагогического  образования: 

учеб. пособие для студ. пед. учеб. заведении / М.М. Левина. – М.: Издательский центр 

«Академия», 2001. – 272 с. 

2.  Шадриков  В.Д.  Проблемы  системогенеза  профессиональной  деятельности  / 

В.Д. Шадриков. – М., 1982. – С. 31.

3.  Архангельский С.И. Учебный процесс в высшей школе, его закономерные ос-

новы и методы / С.И. Архангельский. – М., 1980.

4.  Митина Л.М. Учитель как личность и профессионал / Л.М. Митина. – М., 1994. 

– С. 98-99.

5.    Янушкевич  Ф.  Технологии  обучения  в  системе  высшего  образования  / 

Ф. Янушкевич. – М., 1984.

REFERENCES

1.  Levina M.M., Tehnologii professionalnogo pedagogicheskogo obrazovaniya, ucheb. 

posobie dlya stud. ped. ucheb. zavedenii. M., Izdatelskij centr Akademiya, 2001, 272 (in Russ).

2.  Shadrikov V.D., Problemy sistemogeneza professionalnoj deyatelnosti . M., 1982 (in 



Russ).

3.  Arhangelskij S.I., Uchebnyj process v vysshej shkole, ego zakonomernye osnovy i 



metody. M., 1980 (in Russ).

4.  Mitina L.M., Uchitel kak lichnost i professional. M., 1994 (in Russ).

5.   Yanushkevich F., Tehnologii obucheniya v sisteme vysshego obrazovaniya. M., 1984 

(in Russ).

ӘОЖ 159.922.8



Н.Н. НҰРМҰХАМБЕТОВА, К.Ш. КОККОЗЕВА 

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, 

Өскемен қ., Қазақстан

КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ 

ҚЫЛМЫСТЫҚ МОТИВАЦИЯСЫ

Мақалада кәмелетке толмаған жасөспірімдерге психологиялық анықтама берілген. 

Оларды қылмысқа итермелейтін факторлар көрсетілген. Жасөспірімдердің қылмыстық 

әрекетінің алдын алу шаралары айтылған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет