Шығыстың аймақтық хабаршысы



жүктеу 390.98 Kb.

бет1/4
Дата31.03.2017
өлшемі390.98 Kb.
  1   2   3   4

Тоқсанына бір рет шығарылады

  

 



 

 

         



Шығыстың аймақтық хабаршысы

пСИХОЛОГИЯЛЫҚ-пЕДАГОГИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР

пСИХОЛОГО-пЕДАГОГИЧЕСКИЕ НАУКИ

PSYCHOLOGICAL AND PEDAGOGICAL SCIENCES

ӘОЖ 159.99

 

А.А. ИСЛЯМОВ

ШҚТГК, Өскемен қ., Қазақстан

ҚАЙТА ӨРЛЕУ ДӘУІРІНДЕГІ ЖЕКЕ ТҰЛҒА

 МӘСЕЛЕСІНІҢ ҚАРАСТЫРЫЛУЫ

Мақалада  қайта  өрлеу  дәуіріндегі,  сондай-ақ  француз,  ағылшын,  неміс  ағарту 

істеріндегі жеке тұлға мәселесінің қарастырылуы ұсынылған.



Түйін сөздер: қайта өрлеу дәуірі, жеке тұлға.

ПРОБЛЕМЫ ИНДИВИДУАЛЬНОСТИ ЧЕЛОВЕКА 

В ЭПОХУ ВОЗРОЖДЕНИЯ

В  статье  рассмотрены  проблемы  индивидуальности  человека  на  примерах 

французских, английских и немецких известных деятелей.

Ключевые слова: эпоха возрождения, индивидуальный человек.

 

THE ISSUES OF HUMAN INDIVIDUALITY IN THE ERA OF RENAISSANCE



The  issues  of  human  individuality  on  the  examples  of  French,  English  and  German  

people of name are considered in the article. 



Keywords: the era of renaissance, human individuality.

Жаңа кезеңге дейінгі ешбір мәдениет адам дамуын өзекті мәселе ретінде 

жеке  тұлғаның  ой-өрісін,  дарынын,  өмір  сүру  тәртібін  зерттеуді  жүргізбеген. 

Алғашқы  қадам  Италияның  қайта  өркендеу  дәуірін  алып,  XVІІ  ғасырда  өте 

күрделі  өзгерістерден  өтіп,  тек  ағарту  дәуірінде  ғана  бұл  идея  толығымен 

қарастырылып,  XІX  ғасырда  Еуропа  жерінде  өзіне  жол  ашқан.  «Жеке  тұлға» 

«persona»  ұғымы  дәстүрлі  қоғамдарда,  яғни  көне  дәуірдегі  грек-рим  театрла-

рында әртістер киетін бет жапқышты (масканы), соңынан ол әртістің өзін және 

оның орындайтын рөлін айқындаған. Римдіктерде бұл ұғым адамның әлеуметтік 

функциясын, мәнін, жағдайын анықтау арқылы қолданылған (әке тұлғасы, сот 

244


245

Региональный вестник Востока

  

 



 

 

 



        

Выпускается ежеквартально

тұлғасы және т.б.). Терминге және жеке түсінікке айналып, «жеке тұлға» деген сөз 

өзінің бастапқы мәнін өзгерткен. «Даралық» (индивидуальность) деген сөз «жеке 

тұлға» деген сөзбен бірге бұдан екі-үш жүз жыл бұрын пайда болған. Өзінділік 

туралы  арнайы  және  революциялық  түсінік,  өзінің  қажеттілігіне  байланысты 

қайбір  мәдениетке  белгісіз  болуы  мүмкін  еместігі  арқылы  биоәлеуметтік 

мүмкіншіліктерді  анықтаған.  Бұл  фундаменталдық  тарихтан  тыс  мүмкіншілік 

адамзаттық  адамдардан  тұратын  қарапайым  фактілерге  байланысты  болған. 

Бұл фундаменталдық фактілерден екі принципиалдық қорытынды шығарылған. 

Біріншіден, адам табиғаты барлық тірі жандар табиғатына сәйкес біркелкі емес 

деп тұжырымдалған. Мысалы, жеке тұлғалардың денесі, бет әлпеті, дауысы, қол 

сермеулерінде ұқсастық жоқ болса, олардың рухында, дене қызуында, мінезінде, 

іс-әрекеттерінде  де  ұқсастық  жоқ.  Бұл  әртүрлілікті  байқап  және  бір  тәртіпке 

келтіріп  әр  адамды  белгілі  бір  тұлғаға  және  дәрежеге  бөліктеуге  әрекеттер 

жасалған. Бұл жағдай ешкімді өзіндік түрде қалдырмай, олардың өзгешеліктерін 

жалпы жағдайға келтіруді іске асырған. 

Екіншіден,  жеке  тұлғаның  парасаттылығы  ой-өрісінің  дамуы,  ұлттық 

идеялармен қарулануы жеке адамның білімінен хабары бар деп саналған.  Со-

нымен  бірге  нақты  бір  түсінікке  жатпайтын,  өзімен-өзі  бір  ағыста  жүретін 

жағдай болып есептелген. Дегенмен, әрбір кіші жеке тұлға әлемдік ақыл-ойдың 

бір кіші бөлшегі бола тұрып бір бүтіндіктен жоғары саналған, себебі ол өзіне 

бүтіндікті  сіңіріп,  кейде  оған  тағы  бір  жағдайларды  қосуға  тырысқан.  Қайбір 

мәдениет болмасын бұл ой-пікірдің парадокстығына ой жүгірпеуге мүмкіншілігі 

болмаған, сонымен қатар жаппай рухтың оған деген қатынасы есепке алынған. 

Осы шеңберде ренессанстың ой-пікірі өрістей «индивид» деген түсініктен «жеке 

дара» деген түсінікке ауысқан. 

«Индивид» деген сөз әрбір жеке адамның оның өз бетінше өз тағдырын 

шеше  алмайтын,  көбею  қабілетіне  байланысты  анықталған.  Адамзаттың  ой-

өрісінің проблемаларына мән берілмеген, себебі олардың өмірі ру, қоғам, діни 

көзқараспен, бірлестіктермен тығыз байланыста болып, абсолюттік есеп жүргізу 

нүктесін талап еткен. Өмір сүрудің өзіншілдігі айқын болғанымен, бұл айқындық 

қорқынышты болған. Жалған психикалық атомарлықтан ой-пікір заттар бетінен 

адам оны тек қана жалпы тізбекке қойғанда ғана түпнұсқалы деп саналады. Бұл 

тұрғыдан шын мәнінде және дара түрде «индивидуум» болып космос не Құдай 

болып саналады [1].

Еуропаның  әлеуметтік-мәдени  модельдерінің  (ескі  дәуірдегі,  иудей-

христиандық)  тұрғысынан  алғанда  «Шығыс»  және  «Батыс»  деген  түсінік 

алғашқы пайда болған кезеңде «Мен» деген сөздің бөлектігі теріс бағаланған. 

«Мен»  деген  сөз  өзіндік  түрімен  қабылданбаған,  ол  тек  қана  мәтіннің  кейбір 

байланыстары арқылы қабылданған.

А.А. ИСЛЯМОВ. 1 (69) 2016. Б. 244-252   

 

 

 



 

                ISSN 1683-1667 



246

Тоқсанына бір рет шығарылады

  

 

 



 

         



Шығыстың аймақтық хабаршысы

Әрбір  индивидтің  альфа  және  омега  сипаттамасы  –  олардың  әлеуметтік 

және  метафизикалық  бірлестігі.  Олардың  абсолюттік  және  авторитарлық 

(өктемділік) инстанцияларын көпшіліктен бөлу мәселелері шығарылып, оларға 

қайта келіп қосылып отырған. Бұл жағдай ешкім бөлекшеніп шықпады деген сөз 

түсінікті  анықтамайды.  Дегенмен  жоғары  сатыда  тұру  қолдау  тауып  отырған. 

Бұл тұрғыда олимпиадалық ойындар «лаврасын», «агонаны» ежелгі Эллиндер 

арасындағы  жаппай  жарыстарды  Рим  «триумфын»  және  басқа  да  атақты 

азаматтарға  жасалатын  марапаттауды  және  орта  ғасырдағы  әскери,  кейінірек 

ақындар турнирлерін еске алуға болады. «Өзіншілдік» және «жеке тұлға» деген 

түсініктер жаңа кезеңде бір мезгілде (синхронды түрде) туындап, сөз тіркесінде 

пайдалану арқылы бір-бірінің синонимі ретінде қабылданып кеткен. Индивидуум 

мен  қоғамның  индивидууммен  әлемнің  мәдени,  әлеуметтік  және  логикалық 

қатынастары олардың проекциясы бола тұрып, бұл түсініктер көбінесе туыстас 

тәрізді болып көрінеді, дегенмен тереңірек қарап, оның мәніне үңілсек олар бір-

бірінен бөлек тұрады.

Бүгінгі  дәуірде  түзіліп  отырған  әлеуметтіктің  идеясына  қарасақ,  ол  – 

қоғамның  емес,  индивидтің  моделі  (нұсқасы)  және  шындықтың  түсініктеме 

бейнесімен тура өтетін адамның әмбебап идеясы. Тарих барысы жеке адамның 

тек дербестігінен, ішкі мүмкіндігінен және айбынынан ғана бақытты өмір сүруді 

қамтамасыз  етуге  болмайтындығын  анықтаған  кезден  бастап  XVІ  ғасырдың 

ортасында  әлеуметтік  идеалдың  ренессанстық  бастамасы  утопияға  айналып, 

өзіне-өзі қарсы тұратын жағдайға жеткен [2].

Француз ағарту істеріндегі адам мәселесі

Француз ағарту істері философиясында адам проблемасы өте маңызды орын 

алады. Бұл проблема негізінде ашық материализм тұрғысынан (Ламетри, Дидро, 

Гельвеций, Гольбах) немесе деизм тұрғысынан, анығырақ айтсақ, материалистік 

философияның  дейсттік  формасынан  (Вольтер,  Руссо)  шешіледі.  Француз 

материалистері адам туралы түсінікті діни-философиялық антропологияға қарсы 

қойып дуалистік түсініктемені түбімен жоққа шығарып, оның адам табиғатының 

дене, материалдық субстанциялары мен адам рухының өлмейтін материалдық 

емес жағдайларын мойындамайды. Егер де деист-философтарын алатын болсақ, 

Руссо  адамның  өлмейтіндігін  мойындап,  ана  дүниеде  оның  қылығына  қарай 

құрметтелуіне  немесе  жазалануына  сенеді,  ал  Вольтер  болса  бұл  жағдайды 

теріске  шығарып,  о  дүниеде  «құдай  шындығы»  бар  ма  деген  сұраққа  жауап 

беруден  бас  тартқан.  Адам  табиғатына  түсініктеме  беруде  Вольтер  Паскальға 

қарсы  тұрған,  оның  дуализмін  жоққа  шығарумен  қатар  философтың  адам  – 

табиғаттағы өте әлсіз және мүсәпір тірі жан, ол бір өзіндік «ойлайтын қамыс 

тәрізді» деген басты ойын мақұлдамаған. Адамдар Паскаль айтқандай мүсәпір 

және  ашулы  емес  деген.  Вольтер  Паскальдың  адамдардың  жалғыздығы  және 

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР



247

Региональный вестник Востока

  

 



 

 

 



        

Выпускается ежеквартально

еске алынбайтындығы идеясына өз тезисін қарсы қойған. Бұл тезис бойынша 

адам қоғамдық тұлға болып «мәдени қоғам» құруға тырысады деген. Вольтер 

Паскаль  адамның  ынтықтығын  эгоизмнің  «Өзін-өзі  сүюшілігін»  айыптауын 

мойындамайды,  бұл  мәселелер  Вольтер  бойынша  адам  іс-әрекетінің  бастапқы 

себептері  бола  тұрып,  адамдарды  бірлесуге  тарту  импульсі  ретінде  дамыған 

қалалар мен ұлы мемлекеттердің құрылуына әкеліп соғады дейді [3].

Адам проблемаларын материалистік тұрғыдан шешу мәселелері Ламетри, 

Дидро  және  Гельвеций  шығармаларында  айқын  түрде  орын  алған.  Олардың 

философиялық  антропологиясының  лейтмотиві  (ой-өзегі)  ретінде  адамның 

материалдық бүтіндігі саналады және олардың «жан мүмкіндіктерінің», барлық 

техникалық процестерінің, нервтік жүйе және ми арқылы туындайтын сезімнен 

бастап  ой-өрісіне  дейінгі  дененің  субстанциялық  жағдайлары  саналады.  Бұл 

көзқарасқа  сәйкес  дененің  өлімі  адамның  барлық  психикалық  қызметінің 

және  табиғи  және  заңды  түрде  жер  бетіндегі  өмірі  байланыстырылған. 

Психофизиологиялық  проблеманы  материалистік  шешу  теологиялық 

спиритизмге  және  діни-философиялық  дуализмге  қарсы  тұру  арқылы  іске 

асырылып,  өзінің  механизмімен  (тетігімен)  айрықшаланған.  Сонымен  қатар 

бұл  жағдай  ламетридің  «машина  адам»  адам  шығармасында  баяндалады  [4]. 

Дегенмен  француз  материалистерінің  механизмдерін  бірыңғай  түсінуге  және 

олардың  адамға  деген  көзқарасын  қарапайымдауға  болмайды.  Бұл  жағдай 

қарапайым механизм немесе машина ретінде қабылданбай, олар сезім, ой-өріс 

қабілетін  қалыптастыратын  табиғи  құрал  ретінде  сипатталған.  Сондықтан  да 

материалист-философтар  физиологияға  нерв  жүйелерін,  миды  психикалық 

материалдық субстракт ретінде оқып тануға ұмтылған. 

Француз материалистері Вольтерден де көбірек дәрежеде адамның сезім-

эмоциялық  табиғатын  оның  жеке  мүдделерінің  іс-әрекетіндегі  мәнін  атап 

көрсеткен. Бұл мәселе әсіресе Гельвецийға тән болған. Гельвеций туралы Маркс 

былай деп жазған: «Сезім арқылы әсер алу, өзін-өзі сүю, ләззатану және дұрыс 

түсінілген жеке мүдде моральдық негізін құрастырады. Дегенмен Гельвецийдің 

адамын барып тұрған эгоист және өзін-өзі сүюші деп қарау қателікке жатады», 

себебі ол «дұрыс түсінілген жеке мүдделер» туралы әңгіме жасап, бұл мүдделер 

жеке мүддемен қоғамдық мүдделердің байсалды түрде бір-бірімен қалыптасуын 

іске асырды. Бұндай «байсалды эгоизм» адамның «жалпы байлыққа» ұмтылуын 

жоққа шығармайды [5].

Дидро  бұл  мәселелер  бойынша  басқаша  позицияда  болған.  Ол  туынды 

моральдық  сезім  теориясын  бөлектеп,  ағылшын  ағартушысы  Шефтсберидің 

сенсуалистік  және  альтруистік  пікіріне  қосылған.  Адамға  табиғаттың 

берген  моральдық  сезімінің  көрінісі  ретінде  Дидро  оның  жақсылыққа,  өзара 

сүйіспеншілікке, бірін-бірі қолдауға ұмытылуын есептеген. Туғаннан адамға тән 

А.А. ИСЛЯМОВ. 1 (69) 2016. Б. 244-252   

 

 

 



 

                ISSN 1683-1667 



248

Тоқсанына бір рет шығарылады

  

 

 



 

         



Шығыстың аймақтық хабаршысы

болған  жақсылыққа  ұмтылу  оның  ойынша,  моральдық  тәрбиенің  қажеттілігін 

жоққа шығара алмайды. Бұл жағдай «табиғи» жақсылық жасауды дамытып, оны 

нығайтады және адамдардың жоғары деңгейіндегі өнегелілігін қалыптастырады.

Қорыта айтқанда, француз ағартушы-филологтарының адам туралы ілімі 

гуманистік және демократиялық бағытта жүріп, материалистік антропологияның 

әрі қарай дамуына өз әсерін тигізген.

Ағылшын ағарту істеріндегі адам мәселесі 

XVII-XVIII  ғғ.  екінші  жартысында  Британияның  философиялық  ой-

пікірлері  Госббстың,  Локканың,  Юмның  идеяларының  басым  түрдегі  ықпалы 

арқылы дамыған. Олардың творчествосында адам проблемалары айтарлықтай 

орын  алған.  Гоббс  Англияның  ең  ертедегі  ағартушыларының  бірі  бола  тұрып 

«адам табиғатын» олардың өмірге деген әуестілігі мен тәжірибелік мүдделерінен 

өзін  қорғаудағы  «табиғи»  ниеттерінен,  сонымен  қатар  олардың  байлыққа, 

ардаққа,  даңққа  ұмытылуына  сәйкес  сипатталған.  Гоббстың  ойы  бойынша, 

«адамдар  басқаларға  емес,  тек  өзіне  деген  сүйіспеншілігі  үшін»  іс-әрекеттер 

атқарып, міндетті түрде эгоистік мінез-құлыққа ұмтылады. Сондықтан да адамдар 

арасында бәсекелестік қатынастар және наразылықтар туындайды, оларды жою 

үшін  күшті  мемлекеттік  билік  орнатып,  барлық  азаматтарға  міндетті  айқын 

заңдар енгізу қажет дейді ол. Гоббстың саяси теориясында мемлекет қоғамдық 

келісімшарттың  өнімі  ретінде  есептеліп,  татулықтың  қоғам  мүшелерінің 

гүлденуіне  кепіл  ретінде  әр  адамға  «табиғат»  берген  құқықтарды  пайдалану 

мүмкіншілігін береді, олар – өмірге, қауіпсіздікке, мүлікке деген иелік құқықтар. 

Мемлекеттің  билігін  жақтайтын  Гоббс  азаматтардың  кейбір  бостандыққа  ие 

болуын  жоққа  шығармаған:  мекенжай  таңдау,  қызмет  түрін  таңдау,  өмір  сүру 

бейнесін және т.б. бостандықтары [8].

Гоббстан  кейін  Локк  та  мемлекетті  адамдардың  өзара  келісімінің  өнімі 

деп есептейді, дегенмен ол Гоббске қарағанда бірінші шепке құқықтық, заңдық 

критерийлерге  қарағанда  адам  мінезінің  қоғамдағы  моральдық  критерийлерін 

қояды. Локктың пікірі бойынша, тұлғааралық қатынастардың табиғи реттеушісі 

ретінде азаматтық заңдар емес, әдептіліктің нормасы (тәртібі) орын алып, олар 

«жасырын» және «үнсіз» келісім арқылы орнатылуы қажет деп есептейді. Ол 

мынадай жағдайларға көңіл аударады: адамдар «жақсылық жасауға ұмтылады», 

олардың  көпшілігі  кемшіліктерді  бұрыстай,  жақсылықты  жақтайды.  Сонымен 

қатар Локк адамдардың жақсылық істерінің олардың өзіне пайдалы екенін атап 

көрсетіп,  олардың  әлеуметтік  қатынастарды  сақтап,  нығайтуға  және  барлық 

қоғам мүшелеріне пайдалылық қажеттігін атап өтеді [1].

Юм Гоббспен, Локқа қарағанда «жаппай жақсылық жасау» принциптерін 

және адам табиғатының эгоизмін жақтаған. «Адамзаттың көп бөлігі жамандық 

пен жақсылықтың арасында жүреді», – дейді ол. Адамдар айтарлықтай эгоист 

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР



249

Региональный вестник Востока

  

 



 

 

 



        

Выпускается ежеквартально

бола тұрса да, әдетте олардың бір-біріне деген сүйкімділік ой пікірлері басым 

тұрады. 


Сонымен  қатар  қоғамда  «өзара  жақсылық  қызметтерімен  алмасу  жүріп 

отырады»,  олар  одан  әрі  әлеуметтік  қатынас  деңгейін  нығайтады.  Юм  адам 

дүниесі  табиғатын  өзіне  тән  скептикалық  мәнерде  түсіндіреді.  Адам  жанына 

материалдық емес және жойылмайтын субстанция ретінде қарау, оның пікірінше 

қиял  ғана.  Дегенмен  бұл  пікір  Юмның  психофизикалық  проблемаларды 

материалистік  түрде  шешкісі  келетінін  дәлелдемейді.  Себебі  мұндай  жағдай 

оның  адам  жанының  өлмейтіндігі  туралы  пікіріне  қайшы  келген  болар  еді. 

Ол  философиялық  скептуизмді  қолдап,  оның  қорытындысы  ретінде  оның 

агностицизмі туындаған [9].

Гоббс,  Локк,  Юмның  шығармаларында  адам  проблемасының  әртүрлі 

аспектілерінің зерттелуі, олардың дене және рухтық өмірлерінің көп түрлі болуы 

қарастырылады.



Неміс ағарту істерінде адам мәселесінің қарастырылуы

Француз  ағарту  істеріне  қарағанда  немістер  дәстүрлік  антропологиялық 

сюжеттерге  түгелімен  мойынсынбаған.  Оларда  адам  табиғаты  және  адам 

субъектілігі  туралы  ой-пікір  жоқ  болған.  Әңгіме  оларда  адамзаттық  ұлттық 

мінезі, не олардың өнегелі прогресі немесе гуманизм туралы жүрген. Дегенмен 

неміс ағарту істерінде философиялық антропология бірте-бірте философияның 

рефлексиялық  өзіндік  бір  бөлігіне  айналып,  білім  және  этика  теориясымен 

бірге  рәсімделген.  Канттың  атақты  сұрағы:  «Мен  не  білуім  қажет»,  «Мен  не 

істеуім керек», «Мен неге арқа сүйеуім керек» философиялық рефлексияға дейін 

дайындалып, адам проблемаларын қоюда күрделі түрде іске асырылған. Олардың 

ойы бойынша адам табиғатын анықтаудың басты мәселесі болып не саналады? 

Ағартушылар мынандай түсінікке келген: барлық мәселелерге қатысты ақыл-ой-

державалық қасиет, олар адам қасиетін анықтайды. Әсіресе рационалды түрде 

ертедегі Ағарту істері болған. Бұл – ой жүгірту ғасырының пікірі. Дегенмен бірте-

бірте қанағаттанбаушылық туындап, мынандай сұрақ пайда болады: «Ой-пікірдің 

шегі бар ма?». Бұндай жағдайда қажетті мәселелерді «нақтылы білім нені ой-

пікірден, интуициядан іздейді, ал алда диалектикалық ой-пікір көрінеді». Ағарту 

істерінің тағы да бір өзіне тән сипаты – тарихи оптимизм. Оның негіздемесі болып 

адамның парасаттығы есептеледі. Ал жамандық, ақымақтық іс-әрекеттер болса 

жойылуы мүмкін. Осыдан прогресс идеясы адамның шексіз жетілудің мүмкіндігі 

ретінде  «адамзат  тұқымын»  тәрбиелеуде,  олардың  әлеуметтік  жағдайын 

өзгертуде, адамның өмір сүруінің ең дұрыс жолдарын іздестірудегі мүмкіншілік 

болып табылады [2]. Прогресс идеясы – дәуірдің ең бір үлкен табысы. Неміс 

философиясында ағарту істерінің басталуы Христиан Вольфтің (1676-1754) аты-

мен  байланысты,  ол  Лейбниц  ілімін  бір  жүйеге  келтірген  және  оны  таратқан. 

А.А. ИСЛЯМОВ. 1 (69) 2016. Б. 244-252   

 

 

 



 

                ISSN 1683-1667 



250

Тоқсанына бір рет шығарылады

  

 

 



 

         



Шығыстың аймақтық хабаршысы

Вольф  Германияда  бірінші  болып  философиялық  білімнің  негізгі  саласының 

жүйесін құрған. Білімді тарату тез арада барлық өткір проблемаларды шешуге 

мүмкіндік  береді  деп  ойлаған.  Вольфтің  өзі  антропологиялық  сюжеттерге  аса 

көңіл  бөлмеген  [2].  Вольфтің  ағарту  философиясының  көрнекті  өкілі  ретінде 

өзінің  бастапқы  кезеңінде  Иммануил  Кант  есептелген  (1724-1804).  Оның 

проблемасының эволюциясынан адамның жалпы «метофизика» проблемасына 

өтуді байқауға болады. Адам қажеттілігі туралы фундаменталдық мәселелерді 

қоюдан  бұрын  Кант  Сведеборгтың  қиялына,  адам  ой-пікірінің  әлеміне, 

адамдардың  ұлттық  ерекшеліктерін  бағалауға  бір  нақты  темаға  көңіл  бөлетін 

сияқты. Ерте Канттың эволюциясы Руссоның ықпалына сәйкес жүрген Француз 

ағартушысының  кітаптары  арқылы  Кант  кабинет  оқымыстысы  көзқарасынан 

ажырап, оны адам өмірінің көп мәселелері қызықтырған. Канттың осы кезеңге 

тән  жұмысы  –  «Сүйкімді  және  көтеріңкі  сезімді  байқау»  (1764).  Бұл  трактат 

Канттың тірі кезінде жеті рет қайта басылып, оған сәнді жазушы атағы берілген. 

Бұл жұмыста адам сезімі екі категория тұрғысынан қаралады: сүйкімділік және 

көтеріңкі  жағдайлар.  Кант  адамдардың  темперамент  жағынан  ұқсас  еместігі 

туралы кейбір ой-пікірлерді айтады, дегенмен бұл мәселелерді толық зерттеуге 

ұмтылмайды.  Бұл  трактатта  Кант  ұлттық  мінез-құлықтың  ерекшелігі  туралы 

сөз  көтереді.  Бұл  әлеуметтік  психологияның  алғашқы  қадамының  бірі  болып 

есептеледі. Бұл ғылым бүгінгі күні қатаң эмпирикалық негіз қабылданған. Ерте 

Канттың замандасы – Готхольд Эраим Лессинг (1729-1781), ақын, драмматург, 

әдеби сыншы, философ «Сүйкімділік пен көтеріңкі сезімді бақылау» тезисінің 

бағдарламалық  сипаты  бар,  біріншіден,  ол  ойшының  өзіне  тән.  Оның,  біздің 

ойымызша,  нағыз  шығарма  ретіндегі  бірнеше  идеяларына  баға  берейік. 

Біріншіден,  олар:  адам  тұқымының  біртұтастығы,  оның  әр  жақты  бүтіндігі. 

Лессингтің  екінші  жемісті  идеясы:  адамзат  бұндай  бірлестікті  мойындалған 

күнде пайда болады дейді. Лессинг адамзат тарихындағы христиан дініне өте 

үлкен мән беріп, оның моральдық жағын жоғары көтерген. Жалпы сүйіспеншілік 

туралы  ілім,  өз  еркімен  жасалатын  жақсылық  әрекеттер,  философтың  пікірі 

бойынша,  христиан  дінінің  басқа  діндерді  жеңуіне  мүмкіндік  берді  дейді.  Ол 

мынандай  қағиданы  атап  айтқан  –  адамның  ой-пікірі  толық  анықтыққа  жетіп 

және жүректің тазалығын қалыптастыру үшін, алдын ала жақсылық жасауды сүюі 

керек, ой-пікір рухани мәселелерді танып білуге ұмтылуы қажет. Лессингтің ойы 

бойынша, адамзат бұл сатыда тоқталмайды. Жетілудің жаңа сатысы «Інжілдің 

мәңгілік жаңа дәуірі» келуімен байланысты дейді. Дәл осы кезеңге парасаттық 

әр  жақты  орын  алып,  адам  мінезінің  нағыз  принципі  туындайды.  Жаңа  өсиет 

тәрізді  тозады.  Үшінші  әлемдік  жағдай  бірден  пайда  болмайды.  Ол  міндетті 

түрде  алдыңғы  сатыларды  талап  етеді.  Лессингтің  парасаттықты  бірте-бірте 

туындату пікірі бүгінгі күні өзінің терең мәнін ашып, рухтың жоғарғы сатысына 

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР


251

Региональный вестник Востока

  

 



 

 

 



        

Выпускается ежеквартально

көтерілуін талап етеді. Әлемді қайта құрудың радикалдық және асығыс жасалған 

бағдарламасы  адамзатқа  көптеген  нұқсан  келтірген.  Осы  тұрғыда  ұлы  неміс 

ойшысының: «Өзіңнің көзге аса түспейтін қадамыңмен жүре бер», – деген ой-

пікірі өте таңдандырады [8].

Ерте  Кант  және  лессингтің  оқушысы  Иоганн  Готфрид  Гердердің  (1744-

1803)  еңбектері  терең  гуманистік  ой-пікірімен  сипатталады.  Студент  кезінен 

бастап ол адам философиясы проблемалары ең бір өзекті мәселе болуы керек 

деген  пікірге  келеді.  Барлық  философия  антропология  болған  жағдайда 

қандай  жемісті  мүмкіншіліктер  ашылады  деген  ол.  Гердердің  философиялық 

гуманизмінің негізі болып адам прогресінің дамуы туралы оқу болған. Бұл оқуды 

баяндаудың бірінші қадамы болып тағы бір еңбек саналады. Ол – «Адамзатты 

тәрбиелеу тарихының тағы да бір философиясы» [2]. Бұл еңбегінде Гердер адам 

тегінің пайда болуы туралы теологиялық көзқараста бола тұрып, қоғамда болып 

жатқан өзгерістердің заңды сипаты туралы терең ойлар айтады. Гердер бойынша 

гумандылық – әрбір адам басқа адамнан қорықпай өз қабілетін дамытады. Егер 

де адамдар бұндай жағдайға жетпеген болса тек өздерін ғана айыптауы қажет: 

себебі ешкім жоғарыдан көмектеспейді және қол байламайды. Халықтың барлық 

тарихы – гумандылыққа жетудегі жарыс мектебі.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Асмолов А.Г. Психология личности. – М.: Изд-во МГУ, 1990. – 367 с.

2. Асмус В.Ф. Иммануил Кант. – М.: Мысль, 1973.

3. Основы философии: учебное пособие для вузов / Рук. автор. колл. и отв. ред. 

Е.В. Попов. – М.: Гуманит. изд. центр ВЛАДОС, 1997. – 320 с.

4. Роджерс К. К науке о личности // История зарубежной психологии: 30-е - 60-е 

годы ХХ века: Тексты / Под ред. П.Я. Гальперина, А.Н. Ждан. – М.: Изд-во МГУ, 1986.

5. Файнберг Р.И. Личность и коллектив: поиск гармонии // Педагогика – 1992. – 

№1-2.

6. Maslow A. Some basis proposition of growth and self. Actualization psychology// 



Perceiving, Behaving, Becoming/ Combs A. (ed.). – Washington, 1978. 

7. Roders, Carl R. Freedom to Learn for the 80s. – Columbus-Toronto-London-Sydney: 

Ch. Merrill Publishing Company, 1983. – 312 p.

8. Лессинг и современность/ Сб. ст. – М.: Ин-т философии АН СССР, 1981.

9. Хьелл Л., Зиглер Д. Теории личности (Основные положения, исследования и 

применение). – СПб.: Питер Ком, 1998. 

REFERENCES

1. Asmolov A.G., Psihologiya lichnosti. M. Izd. vo MGU, 1990. 367 (in Russ).

2. Asmus V.F., Immanuil kant. M. MYSL, 1973 (in Russ).

3. Osnovy filosofii. Uchebnoe posobie dlya vuzov. ruk. avtor. koll. i otv. red. E.V. Popov. 



M. Gumanit. izd. centr VLADOS, 1997, 320 (in Russ).

4. Rodzhers K., K nauke o lichnosti. Istoriya zarubezhnoj psihologii. 30e, 60e gody XX 



veka. Teksty. Pod red. P.YA. Galperina, A.N. Zhdan. M. Izd.vo MGU, 1986 (in Russ).

5. Fajnberg R.I., Lichnost i kollektiv. Poisk garmonii. Pedagogika 1992, 1, 2 (in Eng).

А.А. ИСЛЯМОВ. 1 (69) 2016. Б. 244-252   

 

 



 

 

                ISSN 1683-1667 



252

Тоқсанына бір рет шығарылады

  

 

 



 

         



Шығыстың аймақтық хабаршысы

6. Maslow A., Some basis proposition of growth and self. Actualization psychology. 



Perceiving, Behaving, Becoming. Combs A. Washington, 1978 (in Eng).

7. Roders, Carl R., Freedom to Learn for the 80s. Columbus Toronto London Sydney  



Ch. Merrill Publishing Company, 1983, 312 (in Eng).

8. Lessing i sovremennost. Sb. st. M. In. t filosofii AN SSSR, 1981 (in Eng).

9. Hell L., Zigler D., Teorii lichnosti. Osnovnye polozhenia, issledovania i primenenie. 

SPb. Piter Kom, 1998 (in Russ).

ӘОЖ 37.013 




  1   2   3   4


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал