Шифр: 5В030100 Пән: Жеке адамға қарсы қылмыстарды тергеу әдістемесі



Pdf көрінісі
бет55/55
Дата28.09.2023
өлшемі343,98 Kb.
#111250
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55
морфологиялық белгілер
(Морфологические признаки) – объектінің ішкі жəне сыртқы 
құрылысын көрсететін белгілер (мыс:, қол папиллярлы өрнектерінің белгілері). М.б. 
көбінесе сараптамалық зерттеулерде пайдалынады. 
маман
(Специалист) – тергеуге жəне сот əрекеттеріне маман ретінде қатысу үшін іске 
мүдделі емес, дəлелерді жинауда, зерттеуде жəне бағалауда, сондай-ақ техникалық 
құралдарды қолдануда жəрдем көрсету үшін қажетті арнаулы білімі бар адам. 
материалдарды сараптамаға дайындау
(Подготовка материалов для экспертизы) – 
сарапшылық зерттеу объектілері – сараптама жүргізуге қажетті материалдарды (заттай 
дəлеледемелер, үлгілер, алғашқы мəліметтер) жинау, дайындау жəне рəсімдеу бойынша іс 
жүргізу мен техникалық əрекеттердің жүйесі. 
найза
(Штык ; пол. sztych кесілген) – автомат, винтовка ұңғысының ауызғы жағына 
жалғастырып жасаған кесетін, жаныштайтын суық қару. Найзаның түрлері: қырлы, сүйір, 
ажаратылмайтын жəне найза пышақ. 
нақты бір қылмысты тергеуді жоспарлау
(Планирование расследования конкретного 
преступления) – тергеу жоспарлауының негізгі түрі. Жоспарлау үстінде тергеушінің 
міндетті түрде ескеретін шартты принциптері: жоспардың индивидуалдығы, нақтылығы, 
серпінділігі, жоспарланған шаралардың іске асу айқындылығы, заңдылығы жəне 
қолайлылығы. Жоспарда қолданатын шаралар ғана қарастырылып қоймай, сонымен қатар 
істі нақты орындау мерзіміде қарастырылуы қажет. 


Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқу-методикалық кешені Бет 30 Барлығы 
30
Бригадалық тергеу əдісі кезінде құрама жоспар құрылады жəне əрбір тергеуші үшін жеке 
жоспар құрылады. 
ойдағы бейне бойынша идентификациялау
(Идентификация по мысленному образу) – 
криминалистік идентификацияның бір түрі. Ойдағы бейне бойынша идентификациялау 
мəні, кей жағдайда бір объект немесе субъект бар, белгілерде бар, ал екінші объектінің
субъектінің белгілері де жоқ. Ол тек қана ойда. Сондықтан да ойындағы белгі бойынша 
нақты сол объектте соны анықтау, көзбен көріп салыстыру. Мыс: қылмыскерлердің 
бетөəлпетін жəбірленуші ойында сақтап қалады, кейіннен көзбен көріп нақты сол 
қылмыскер ме, жоқпа соны сəйкестендіреді. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет