Шифр: 5В030100 Пән: Жеке адамға қарсы қылмыстарды тергеу әдістемесі



Pdf көрінісі
бет48/55
Дата28.09.2023
өлшемі343,98 Kb.
#111250
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   55
қолжазудың қалыптасқандығы
(Выработанность почерка) – адамның қолжазу 
қимылының дағдысын жəне жазу техникасын меңгеру деңгейін сипаттайтын жалпы белгі. 
Қолжазудың қалыптасу түрлері: төмен, орта, жоғары деңгейде болады. Қолжазудың 
жоғары деңгейдің қалыптасуы үшін ұзақ уақыт жаттығу шараларын жүргізу қажет. 
қағаз қабығының жұқаруы
(Утоньшение слоя бумаги) – тазарту арқылы жартылай 
қолдан жасау əдістерінің біріне тəн бергілердің бірі. 
қараудың фронталды тәсілі
(Фронтальный прием осмотра) – ашық кеңістікте немесе 
үлкен тұрғын жайларда қолданып, мұнда кеңістіктің немесе тұрғын жайдың бір шетінен 
екіншісіне сызықтық бойынша жылжып, секторды (учаске, квадрат) бірінен соң бірін 
зерттеп, бір қозғалыс бетінен екіншісіне өту арқылы жүргізіледі. 
құжат бөліктерін ауыстыру
(Замена частей документа) – бірнеше парақтардан құралған 
құжаттарды (төлқұжат, инвентаризациялық кітаптар жəне т.б.) жартылай қолдан жасау 
əдістерінің бірі. Қағаздарды ауыстырудың белгілері: беттердің нумерациясындағы əртүрлі 
сериялар, нөмерлер, қағаздар, сызықтардың бояулары, жазбалар, тесу іздері жəне т.б. 
болады. 
құжаттарды криминалистік зерттеу
(Криминалистическое исследование документов) – 
криминалистік техниканың саласы, жазба қужаттарды жəне оларды жасаумен, қолдан 
жасаумен байланысты мəн-жайларды зерттейді. Құжаттарды криминалистік зерттеу 
қолжазбатанудан, автортанудан жəне құжаттарды техникоөкриминалистік зерттеуден 
тұрады. Олардың əрқайсысы объектілердің шеңберіне жəне шешетін міндеттерге 
байланысты. 
қалыптық салмақ (
Слепочная масса) – оқиға болған жерді қарау, тінту, заттарды қарау 
кезінде табылған көлемді іздерді бекіту жəне олардың ғылыми-техниқалық қуралы. 
Криминалистік техникада келесі əр түрлі қалыптық салмақтар – гипс, латекс, смэласт, 
стиракрил, альгеласт, «к» пастасы, СКТН-1 пастасы жəне т.б. бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет