Шифр: 5В030100 Пән: Жеке адамға қарсы қылмыстарды тергеу әдістемесі



Pdf көрінісі
бет2/55
Дата28.09.2023
өлшемі343,98 Kb.
#111250
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55
Байланысты:
Глоссарий

Криминалистук жоспарлау
– бұл тергеушінің сарапшы, маман, сот, прокурор
адвокаттың/ тергеудің белгілі бір кездеріндегі туындаған жағдайларға, жиналған айғақты 
дəлелдемелерге негізделген қылмыстың түрі, оның болу тетігі жəне қылмыстың басқа да 
мəн–жайлары жөніндегі ой–пікірі. Болжаудың типтік, жалпы, жеке жəне т.б. түрлері 
болады. Тергеуші болжаудың дұрыстығын тексеру үшін ревизия, аудит жəне т.б. тексеру 
шараларын ұйымдастырып, тергеу əрекетінің жоспарын құрады. 
Криминалистика
– қылмыс механизмінің заңдылығы, қылмыс жəне оған 
қатысушылар туралы ақпараттың пайда болуы, дəлелдемелерді жинау, зерттеу, бағалау 
жəне пайдалану, осы заңдылықтарды түсініп оған сүйене отырып, қылмысты ашуды
тергеуді жəне алдын–алуды ғылыми қамтамасыз ететін арнайы əдістер мен тəсілдер 
туралы ілім. 
Қылмыстың тәсілі
– криминалистік сипаттаманың ең маңызды элементтерінің бірі. 
Қылмыскердің қылмысты жасауға дейінгі жəне кейінгі объективті жəне субъективті 
айқындалған жүрісөтұрыс жүйесі. Сырттан із қалдыру арқылы қылмысты ашу жəне тергеу 
үшін маңызды мəнөжайларды анықтауға мүмкіндік береді. Қылмыстың тəсілі 
жинақтаушы түсінік ретінде өзінде келесі элементтерді: дайындау тəсілін, қылмыстың 
іздерін жасыру тəсілін жинақтауы мүмкін. 
Қылмысты жасау тәсілі
– криминалистік сипаттама элементі, қылмыс тəсілінің орталық 
буыны. Қылмыстың объективтік жағында əрқашанда тəуелсіз орын алады. Оның 
информациялық маңыздылығы қылмыскердің эрекеттерінен тыс көрініс табуда 
түйінделеді. Қылмыс жасаудың типтік тəсілін білу, тез жəне дұрыс қылмысты ашудың 
оптималды тəсілін таңдау, тактиқалық тұрғыда дұрыс тергеу əрекеттерін жүргізуде 


Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқу-методикалық кешені Бет 2 Барлығы 30
көрінеді. Мысалы: ұрлық, кісі өлтіру кезінде оқиға болған жерді қарау, бөтеннің 
тапсырылған мүлкін иелену кезінде жауап алу жəне т.б. 
Қылмыстық топ
– алдын ала бірлескен қызмет үшін біріккен тұлғалардан тұратын, оның 
қатысушылары арасында оны құру, басқару жəне қылмыстарды тікелей жасау бойынша 
функциялары ажыратылған тұрақты бірлестік. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет