Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқу-методикалық кешені Бет 1 Барлығы 30
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқу-әдістемелік кешені
Мамандығы:
Құқықтану
Шифр:
5В030100
Пән:
Жеке адамға қарсы қылмыстарды тергеу әдістемесі
Глоссарий
Идентификациялық белгілер
–
арқылы объектінің қай текке, топқа жататындығы
анықталады. Жалпы белгілер бір текті объектілермен сипатталады.
Антропометрия
–
қылмыскерлерді криминалистік /қылмыстық/ тіркеуге алу жүйесі.
Тіркеуге алынатын адамның белгілі бір дене мүшелерін өлшеу нəтижесі
арқылы тіркеу
картасына енгізу. А-ны – қолданудағы ұқсас əрекеттер 1863 жылдан кейін Ресейде
жүргізілді. А. негізін қалаушы Бельгия статисті А.Кетле: «Дене мүшелерінің
көлемі бір-
біріне сəйкес келетін екі /бірдей, ұқсас/ адам жоқ жəне нақты белгілі бір жаста адам
сүйегінің ұзындығы өзгермейді» - деп санады. Париж полициясының шенеунігі
/чиновнигі/ А.Бертильон антропометриялық тіркеу жүйесінде
толық зерттеу жұмысын
1879ж. жүргізді. Ол – статист Кетленің антропометриялық негізіне сүйене отырып, адам
денесін өлшеудің 11 түрін жүргізуді көрсетіп /бойының, отырған кездегі денесінің
ұзындығына,
бойының ені мен көлеміне, құлағының, қолының,
саусағының, табанының
ұзындығына жəне кеудесінің көлеміне жəне т.б. байланысты/, өлшеу нəтижесін
арнайы
тіркеу карточкасына енгізуді ұсынды. Бұл өлшеу қорытындысының жиынтығы адамды
идентификациялау құралы қызметін атқарды. Бертильон 1881ж. өз жүйесін
«Антропометрияны тəжірибеде қолдану» - деген кітапшасында ашып көрсетті. 1882ж.
антропометрия париж полиция
префектурасында сынақ, тəжірибе жүзінде жүргізілді.
Дактилоскопиялау
– тірі адамның немесе өліктің барлық саусақтарының таңбаларын
түсіру. Алғашқы кезде Д. үшін бетіне бапалық бояу жағылған шыны пластина жəне
резеңке білік пайдаланылған, қазіргі кезде арнайы бояу құрамдары пайдаланылады.