Шыѓыс ќазаќстан облысыныњ білім басќармасы



бет59/59
Дата07.01.2022
өлшемі0,72 Mb.
#19796
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   59
Механикалық есте сақтау көп рет қайталау арқылы сыртқы байланыстарды нығайтуға негізделген.

Мағыналық есте сақтау жаңа мағлұмат пен бұрыннан таныс мағлұматтар арасында және соңғы мағлұмат бөлшектері арасында мағыналы байланыс жасауға негізделген.

Мағыналы есте қалдыру. Материалды жақсы ұғып, терең түсініп мағыналы байланыстарын,маңызды қатынастарын анықтай отырып еске түйіп қалу мағыналы есте қалдыру


5. Флегматик тип иесіне мінездеме беріңіз

Флегматик. Флегматик темпераменті сезімнің болымсыз білінуімен сипатталады; флегматикті өзі үшін байсалды кәдуілгі күйде шығарып әкету оңайға түспейді; ол жүріс-тұрысы мен сөзінде сылбыр, оның мимикасы онша айқын емес, қимылдары сараң. Флегматик эмоциялық қозуы әлсіз болады, қызуланып желікпейді, елеуреп ашуланбаqды, көңіл-күйлері байсалды, орнықты қалпында ұзақ сақталады, баяу өзгереді, жарқырап қуануы да, жабырқап қайғыруы да қиын, аз қозғалады, сылбыр, керенау қимылдайды, сезім күйлерін, дене қимылдарын білдіріп тұрмайды, мимикасы, өзге қимылдары мәнерсіз. Бірсарынды монотонды сөйлейді. Кісімен араласып жақындасуда мардымсыз, іске ырғалып-жырғалып барып кіріседі. Іс-әрекетін байсалды, тиянақты орындайды, бастаған ісін қадағалап істейді, аяқтап шығады. Флегматик байсалды, баяу, орнықты болады. Кісіге үйірлігі аз, өзі ешкімге тиісіп, соқтығыспайды. Біреу жанжалға шақырса, есебін тауып жалтарып кетеді, тыныштықты жақсы көреді. Көңіл көтеретін сауыққа да әуес емес, бөтен кісіге міндет артып өкпелемейді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет