Шыѓыс ќазаќстан облысыныњ білім басќармасы


Қиял туралы ұғым, түрлері, жасалу жолдары, дамуы



бет16/59
Дата07.01.2022
өлшемі0,72 Mb.
#19796
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   59
Байланысты:
Психология

Қиял туралы ұғым, түрлері, жасалу жолдары, дамуы


Қиял — сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының субъективтік образдарын қайтадан жаңартып, өндеп, бейнелеуде көрінетін, тек адамға ғана тән психикалық процесс: «...барлық жан қуаттарын (рухани күштерді) тек қиял ғана өзіндік сақталатынсөзімдік заттарды модельдендіре алады» (әл-Фараби). Адамда қиял пайда болған кезде ми қабығында бұрын жасалған уақытша байланыстар түрлі комбинацияларға түседі де, жаңа нәрселердің бейнесі туып отырады. Уақытша байланыстарды қайта жасап, өндеу процесінде екінші сигнал жүйесі шешуші рөл атқарады. Адамдардың қиялына тән кейбір ерекшеліктерді төмендегіше топтастыруға болады:

  1. әр адамның қиял ерекшеліктері оның жеке қызығулары мен қасиетгеріне, алдына қойған мақсатына байланысты болып келеді. Бүл арада суды аңсап шөлдеген жолаушының қиялы мен екі-үш күннен кейін емтихан тапсыратын студенттің машинасының тетігін жетілдіруді ойлап жүрген инженердің қиялын салыстырып көруге болады;

  2. қиялдың мазмүны мен формасы адамның жас және дара ерекшеліктеріне де, білім тәжірибесіне де байланысты. Мәселен, көргені де, түйгені де көп, өмір тәжірибесі мол, әр тарапты білімі бар ересек адамның қиялы мен енді ғана өмірге аяқ басайын деп түрған жеткіншектің қиялын бір өлшемге салуға болмайды;

  3. қиял адамның өскен ортасына, этностық ерекшелігіне, табиғат, жер-су қоршауына байланысты да көрініп отырады. «Жаратылыстың қүшағында,—деп жазады М. Жүмабаев, — меруерт себілген көк шатырдың астында, хош иісті жасыл кілем үстінде, күнмен бірге күліп, түнмен бірге түнеп, желмен бірге жүгіріп, алдындағы малымен бірге өріп, сары сайран далада түрып өсетін қазақ баласының қиялы жүйрік, өткір, терең болуға тиісті».

  4. қиял адамның барлық психикалық құбылыстарымен ұштасып жататын процесс. Мәселен, алға қойған мақсатты жоспарлап, жүзеге асырудың жолдарын іздестіру қиялсыз мүмкін емес. Бұл - қиялдың ерікпен байланысына жақсы мысал. Қиялдың ойлау процесінде алатын орны ерекше. Өйткені ойлау белсенділігі адамды шығармашылық әрекетке жетелейді. Ал ондай әрекет қиялдың өте күшті дамуын қажет етеді. Ойлау мен қиял бір-бірімен тығыз байланысты. Жан қуаттарының осы екеуі де мәселені шешуге, сұраққа жауап беруге қатысады. Бірақ қиялда мәселені шешудің өзіндік ерекшелігі болады. Қиял — мәселені суреттеу, жанды көрініс арқылы шешсе, ойлау оны тірі суретсіз жалпылай, ұғым, пікір, тұжырым түрінде шешеді;

  5. адам қиялы еңбек процесінде, іс-әрекет үстінде жарыққа шығып, дамып отырады. Мұндағы негізгі шарт: саналы мақсаттың болуы, болашақты болжай алу, істейтін еңбектің нәтижесін күні бүрын көре білу, яғни оны өңдеп, өзгертіп, елестете алу — адам қиялына тән негізгі белгілер. Қиялда адамның дүние жөніндегі әр түрлі таным-түсінігі әртүрлі формада қиюласып, жаңа сапаға ие болады. Қиял бейнелері адам қажеттігінен тәуелді бола түрып, оны белсенді кызметке итермелейді,творчестволық ісіне күш-жігер қосады. Қиял тек теориялық және практикалық қызметте ғана емес ол адамның бүткіл рухани өмір жүйесінде елеулі орын алады. Кісінің өмір жолы, жеке басының ойдағыдай дамуы, даралық қасиеттері, іс-әрекетінің қүрылымы, өмір салтының қалыптасуы мүнсыз мүмкін емес. Адам санасының жануар психикасынан басты айырмашылығы адамда ойлаумен қатар қиял әрекетінің олғандығында.

Қиял активпассив болып екіге бөлінеді. Қиялдық бүтіндей пассивтік түрінің шегі - Түс (физиология). Түс көрудің физиологиялығын жан-жақты түсіндіріп берген И. П. Павлов болды. Ұйқы кезінде ми клеткаларының бәрі тежелмейді, кейбір бөлімдері қозу жағдайында болып жүмыс істей береді. Мидың мүндай бөліктерін «күзетші пункт» деп атайды. Осы «күзетші пункттердең біздің бүрын қабылдаған, көрген, естіген, қолға үстап, дәмін татқан заттарымыздың бейнелері мида қайтадан «тіріледі». Түсте небір ақылға сыйымсыз образдардың жасалатыны белгілі. Өйткені бүл кезде мидағы сигнал жүйелерінің арасындағы байланыс әлсірейді, мүнда негізінен бірінші сигнал жүйесі ғана қызмет істейді. Екінші сигнал жүйесінің қызметі толық тежелуге үшырайтындықтан, адамның ойлау қабілеті өте төмен болады. Сөздік сигаалдардың әсер етпеуі мида кездейсоқ образдардың пайда болуына жағдай жасайды да, соның нәтижесінде түске қайдағы «кереметтер» кіреді. И. М. Сеченов осындай түстерді «болған әсерлердің болып көрмеген қиысулары» деп сипаттаған. Түсте реалдық образдар мен нәрселердің фантастикалық түрде қосылуынан ғажайып образдар жасалады. Үйқы кезіндегі осындай ғажап фантазиялық бейнелер де өмірде бар нәрселердің жиынтығынан қүралған. Бұлардың негізі — адамның ояу кезіндегі басынан кешкен оқиғалары, ойы мен мақсаты, тілегі мен арманы, естіген-көргендері, істеп жүрген қызметі, басқалармен қарым-қатынасы т. б. үйқыдағы адамның түс көруіне себепші болатын фактілердің есебі жоқ. Мәселен, ми клеткаларына көшедегі транспорттың тарсылы да, ағаш жапырағының сылдыры да, иттің шәуілдеп үргені де, есіктің ашылып-жабылуы да әсер етіп отырады. Тіпті организмнің ішкі мүшелерінің (жүрек, өкпе, асқазан т. б.) жүмысына бір жайсыздық түссе, бүл да адамның түсіне қай-қайдағы бірдеңелерді кіргізеді. Мәселен, үйқыдағы адамның жүрегіне бір салмақ түссе, оның жүрегі қатты соға бастайды. Осыған орай адам мынадай түс көреді. Өзін қуған біреуден қашады, бүдан ол ентігіп, булығады да. Түс көрудің мазмұны адамның, көбінесе, қызығуына, талғамына орайлас келіп отыратындығы да шындықпен жанасымды факт. «Егер иттің түсіне сүйек кірсе, саудагердің түсіне ақша кіреді» деген мақал да біздің осы пікірімізді қуаттайды. Өмірде ешбір естімеген, көрмеген нәрселер түске кірмейтіндігін ғылым дәлелдеп отыр. Мәселен, іштен соқыр болып туған адамның түсіне көзге көрінетін «бейнелер кірмейді, оның басқа сезім мүшелері арқылы (иіс, дәм, есіту т. б.) қабылдаған нәрселері еніп отырады. Егер соқырлық кейінірек пайда болса, онда сол адамның түсіне бүрын көзімен көрген заттарының бейнелері кіре береді. «Барлық адамдардың түсі, -деп жазды И. П. Павлов, — бірінші сигналдардың бейнелі, нақты және эмоциялық түрде жандануы». Актив қиялдың ерекше бір түрі — арман


  1. Ерік туралы ұғым. Жеке адамның ерік сапалары

Ерік ұғым ретінде, болмыстық құбылыс ретінде да тарихи сипатқа ие. Ежелгі және орта ғасырлық дүние ерік құбылысын бүгінгі түсінігіміздей танып білмеген (Г.Л.Тульчинский) мысалы: ежелгі қоғамда адам еркі жөнінде тіпті сөз болмаған оның орнына даналық мұраты ұғымын қолданған. Адамның қылық әрекеттері табиғат пен өмірдің ақыл бастауларынан және логика қағидаларынан бағынады деп түсінген. Осыдан Аристотельдің пайымдауынша әрқандай әрекет логикалық қорытындылардан туындайды. Ал өзінің «Никомахов этикасы» еңбегінде «дәмдінің бәрін жеу керек» және бұл алма дәмді деген пікірлер санада, бұл алманы жеу керек деген қорытынды ой пайда етпейді адамның бірден сол алманы жеп қою әрекетіне келтіреді »деп жазған. Ерік табиғатынан болған мұндай көз қарас қазіргі күнде жоқ емес Ш.Н.Чхарташвили мақсат пен саналы тану интеллектуалды әрекеттер категориясынан туындаған деумен еріктің өзіңдік сипаты барлығына шек қояды. Сондықтан ғылымға жаңа бір ерік териминің еңдірудің қажетті жоқ екенің дәлелдеуге тырысады. Жеке адам қасиетті сипатында ортағасырлықтарға да таныс болмаған мұны сол уақыта қоғамда орын алған экзорис жыншайтан қуу үрдісінен алуға болады, бұл үрдісте адам шылғыйда еңжар астама күйде талынып, сыртқы әсерлер жинайтын ұя ретінде бағаланған. Ол заманда ерік дербес жасайтын нақты қайырымды не жауыз құбыжық күштер түріне еңген құбылыс деп есептелген. Бұл тынсым қандай да мақсаттар белгілеуші ақылға ие деп түсіндірілген осы күштерді тіпті нақты періште мен шайтан есімдерін білуге дейін танудан адамның шын қылық әрекетінің мәнін түсінуге болады. ерік табиғатын бұл түсіндірудің себебі сол заманда қалыптасқан қоғамының адамның әркет қылығының негізі оның өзіңде екенің мойындамауддан. әр адам бабалардан жеткен нәсілдіктің ізі ғана деп қабылданған. Мұндай сипаттан қауымның кейбір м үшелерінің ажаратырылуға құқы болған . мысалы: бабалар аруағы және ол дүниемен тілдесетін бақсы балгер, от пен металды бюағындыпған темірші өзін қооғамға қарсы қойған қанішер т.б. Ерік бостандығын біржақты асыра дәріптеу нәтижесінде экзистенциялизм немесе тіршілік философиясы пайда болды. Экзистенциялизм (М.Хайдектер, К.Ясперс, Ж.П.Сартр, А.Камю т.б.) ерікті тәуелсіз сыртқы әлеуемттік әсерлерге қатысы жоқ құбылыс деп таниды. Мұндай пайымның негізі қоғамдық байланыстар мен қатынастардан әлеуметтік мәден и ортадан бөлек дерексізденген адам. Дүниеге қандайда бір күшпен келіп қалған адамның өмірі мағынасыз болады. Мұндай адам қоғам алдында ешқандай инабаттық міндеттері мен жауапкершіліктері жоқ, осыдан ол адаммгершіліктен жұрдай намсыз, өзбетімен кеткен, тартыну дегенді білмейді. Қандай да қалып тәртіп ол үшін жоюлу бас байлыққа түсу көзі Ж.П.Сартр пікірінше нағыз адамгершілік бір ғана көрінетін реттестірілмеген қандай да қоғамдық мекемелер талаптарының шеңдерімен оқшауланбаған өздігінен туындайтын себебсіз әлеуметенуге қарсылық әрекеті. Ерік бостандығын асыра мадақтаудан экзистенциялистер адам болмысының жалпы негіздері ойлары жөнінде дәлел айта алмай адамды өз өмірінің мәні мақсаты жауапкершілігінен айыратын қоғам тарих мәдениетке қайшы келетін жауыздық ақылдан аулақ тұңқиығына бірақ түсірді.

Ерік – адамның өз мінез - құлқын саналы түрде меңгере алу қабілеті. Адамды әр алуан әрекеттер мен іске бағыттайтын нәрсе – мақсат қою, соған талпыну. Мұны психологияда ниет (мотив, себеп) деп атайды. Адамның іс - әрекеті екі түрлі. Оның бірі – еріксіз әрекеттер. Мәселен, жөтелу, көздін жұмылып - ашылуы, шашалу, түшкіру т.б. Мұндай әрекеттерде белгілі мақсат не ниет жоқ. Екінші – ерікті әрекеттер, қозғалыстар. Мысалы, жерге түсіп кеткен затты көтеріп алу. Бұл – мақсатты қозғалыс. Адамның мақсатты қозғалыстары әрқилы кедергілер мен қиыншылықтарға ұшырап отырады. Алайда, алдына қойған белгілі мақсатын орындау үшін оны ерікті әрекетімен жеңіуге ұмтылады.

Еріксіз әрекеттердің физиологиялық негізі болып табылатын шартсыз байланыстар тізбегі – инстинкт әрекеті ырықсыз орындалады. Психологияның табиғи – ғылыми негіздерін қалаған И. М. Сеченов пен И. П. Павловтың ілімі ерікті әрекеттердің негізі – мұндағы материялдық процестер, сыртқы әсер мен мидың уақытша байланыстары, шартты рефлекстер деп түсіндіреді. Сеченев ерікті әрекеттердің физиологиялық механизімін зерттей отырып, адамның ассоцациялық рефлекстердің жиі қайталану жолымен өзінің қимылдарын жіктеп ажыратуға бейімделетіндігін және сол рефлекстер арқылы қимылдарын тоқтататын қабілеттілерді игеретіндігін дәлелдейді. Ал Павлов ерікті әрекеттердің механизімін жоғары жүйке қызыметінің барлық зандарына бағынатың, шартты ассоциациялық процесс деп анықтайды.

зінше талдау және тану процесі. Бірде индивидтің өз ойларының мазмұнына шоғырланадыратын қабілетпен теңестіріледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет