Сезім туралы ұғым, жоғары сезімдер дамуы
Сезім — адамдардың бір-бірімен қатынас жасау қажеттігінен туындайтын және біртіндеп дамып қалыптасып отыратын жан қуаты. Мәселен, достық, адалдық сезімдері, адамда бірден қалыптаса қоймайтын белгілері. Ал, эмоция болса, адамның түрлі органикалық қажеттіліктеріне байланысты оқтын-оқтын туып отыратын, кейде шағын, кейде күрделі, ситуациялы көріністері. Ақыл-ой (интеллектік) сезімі адамның таным әрекетімен байланысты. Сезімнің бұл түрі – балалардық оқып білім алуға, ересектердің өз қызметіне, шығармашылық пен өнерге деген көңіл-күй қатынасы. Адамның шындықты тануға деген акыл-ой сезімі ең алдымен таңданудан басталады. Тандану кісіні әрбір нәрсенің, құбылыстың, оқиғаның мән-жайын жан-жақты танып, оларды тереңірек түсінуге жетелейді, оның ізденімпаздық әрекетін тудырады. Іздену барысында адам түрлі жорамалдардан бастап, теориялық тұжырымдар жасайды. Күмәнді жайттарды тәжірибе жетістіктерімен салыстыра отырып тексереді. Ақиқаттығы анықталған ойды қорытып, теориялық пайымдаулар туғызады. Болжамдарды анықтау барысында адамда акиқатқа қалайда қол жететіндігіне деген сенім сезімі пайда болады. Сенім оған күш-қуат беріп, көңілін көтереді. Ақыл-ой сезімі – адамның кез-келген іс-әрекетіндегі рухтандырушылык маңызы зор көңіл-күй.
Эстетикалық сезім – объективтік шындықты бейнелеп, оның әсемдігі мен сұлулығын, жарасымдылығы мен сенімділігін қабылдап, оған әсерленудегі көңіл-күй. Әсемдікті қабылдап, оған сүйсіну, ләззаттанып, рухани күшін арттыру сезімі адамның өмір тіршілігінде біртіндеп калыптасатын жағдай.
Адамның жан дүниесінің сыры қоршаған ортаға әсерленіп қана қоймай, оның құпия сырларын танып білуге ұмтылады. Мұндай әрекет адам сезімінің жоғары деңгейдегі саналы әрекетін, эстетикалық талғамы мен адамгершілік-моральдық қасиеттерін сезіне білетін көңіл-күйіне байланысты.
Жоғары деңгейдегі сезімдердің ақыл-ой (интеллектік), эстетикалық және моральдық-адамгершілік дейтін түрлері бар.
Ақыл-ой (интеллектік) сезімі адамның таным әреке-тімен байланысты. Сезімнін, бұл түрі – балалардың оқып білім алуға, ересектердің өз қызметіне, шығармашылық пен өнерге деген көңіл-күй қатынасы. Адамның шындықты тануға деген акыл-ой сезімі ен алдымен таңданудан басталады. Тандану кісіні әрбір нәрсенің, кұбылыстың, оқиғаның мән-жайын жан-жақты танып, оларды тереңірек түсінуге жетелейді, оның ізденімпаздық әрекетін тудырады. Іздену барысында адам түрлі жорамалдардан бастап, теориялық тұжырымдар жасайды. Күмәнді жайттарды тәжірибе жетістіктерімен салыстыра отырып тексереді. Ақиқаттығы анықталған ойды қорытып, теориялық пайымдаулар туғызады. Болжамдарды анықтау барысында адамда акиқатқа қалайда қол жететіндігіне деген сенім сезімі пайда болады. Сенім оған күш-қуат беріп, көңілін көтереді. Ақыл-ой сезімі – адамның кез-келген іс-әрекетіндегі рухтандырушылык маңызы зор көңіл-күй.
Эстетикалық сезім – мазмұны мен мән-мағынасы және түр-сипаты тұрғысынан ауқымы кең ұғым. Психология эстетикалық сезімді табиғат пен адам қоғамындағы әсемдіктің адамның жан дүниесінде бейнеленіп, оның мінез-құлқына, дүниетанымына ықпал етіп отыратын жағымды құбылыс, сонымен қатар көңіл-күйін шалқытып, іс-әрекеттерін өрістетуші фактор ретінде қарастырады. Өнер мен музыка, ән-күй мен көркем шығарма адамның жан дүниесін тебірентіп, өмірдің неғұрлым мазмұнды болуына әсер етеді, оны шабыттандыра түседі. Мектеп пен оку орындары түлектерін әсемдікті қабылдап, оған әсерленуге, дүниенің сұлулығынан ләззаттанып, өз дүниетанымын дамытып отыруға тәрбиелеу эстетика пәні арқылы жүзеге асады.
Адамгершілік-моральдық сезімдер қоғамның қойған талабына адамның өз мінезінің лайық не лайық еместігін сезінген көңіл-күйін білдіреді. Адамгершілік сезімі моральдық сезім деп те айтылады. «Мораль» – «морале» деген француз сөзі. Мағынасы – адамгершілік. Адамгершілік сезім қоғамның тарихи дамуына байланыс-ты. Қоғамның экономикалық жағдайы, саяси-идеялық бағдары, ондағы таптар мен топтардың әлеуметтік жағдайы – мұның бәрі адамгершілік сезім көрінісінен байқалып тұрады. Аталмыш сезімнің таптық сипаты да болады..
Адамгершілік сезімінің принципі мен жалпы негізі – белгілі бір қоғамдық – экономикалық формацияларда қалыптасып отыратын мінез-құлық нормалары. Гуманистік және демократия үстемдік ететін қоғамдағы адамгершілік сезімдер – борыш сезімі, әркімнің ез халқы алдындағы азаматтық қасиеттерін кұрмет тұтуы, әрбір адамның даралық-жекелік қасиеттерін сыйлау, үлкенге қүрмет, кішіге қамқорлық, отбасындағы өзара сыйластық және әр түрлі үлттар мен ұлыстардың, этностардың өкілдеріне деген жалпы гуманистік қарым-қатынас.
Адамгершілік сезім адамның өткен өміріндегі елестеріне, мақсат-міндеттерін жүзеге асыруы мен идеяларына және дүниетанымдық көзқарасы мен қоғамдық іс-әрекет түрлеріне байланысты болып келеді.
Сезімнің негізгі сапалары. Адам сезімдерінің ерекшелігі, сапасы тіпті жай белгілері жагынан эр алуан. Сезім ерекшеліктерінің бірі – оның полярлығында, яғни біріне-бірінің қарама-қарсылығында. Мысалы, шаттық сезім үшін – мұң, сүйсінуге – күйзелу, сүйіспеншілікке – көре алмаушылық, қорқынышқа – өжеттік жауынгерлік т.б. полярлық сезім болады.
Сезімді біздер үшін жағымды және жағымсыз сезімдер деп екіге бөлуге болады. Алғашқысы, оның әсерін басынан өткізіп отырған адам тұрғысынан алғанда, жағымды сезім болса, екіншісі жағымсыз сезім болады. Бүлардың аралығында көптеген орта аралық сезімдер болады, оларды алғашқысына да, соңғысына да жатқызуға болады. Мысалы, қорқыныш кейде жауынгерлік әсерді, өзін қорғау үшін, белсенді әрекетке дайындалуды көздейді, қорқыныш дүркірей қашуға да және батыл шабуылға да бастауы мүмкін. Жеңіс қуанышы кейде уайыммен қатар жүреді. Кейбір әсерлер соншалықгы күрделі, әр алуан болғандығынан, олардың жағымды немесе жағымсыз сезімге жататынын айтудың өзі қиьш.
Сезімдер активтігімен не болмаса пассивтігімен айғақ болуы мүмкін. Адам абыржу кезінде (мысалы, мектеп оқушысы емтихан алдында) не (шығармашылық жұмыс үстінде) ерекше өрлеуді, сезінеді, оның сезімі мұнда актив. Ал керісінше енжар болған жағдайда адамның сезімі де баяу етеді. Сезімнің активтігі оларды стеникалық етеді. Олар адамның күші мен қуатын арттырады. Керісінше, сезімнің енжарлығы оны астеникалық жағдайға апарып, адамның іс-эрекетін, қайрат-жігерін бәсеңдетеді. Стеникалық сезімдерге – өжеттік сезімді, жауынгерлік әсерді, жеңу шаттығьш жатқызсақ, ал астеникалық сезімдерге – сары уайым, үміт үзу, торығу т.б. сезімдерді жатқызуға болады.
Сезім әр түрлі дәрежедегі қарқынды да және созалаңқы да болады. Кейбір сезімдер ұзаққа созылса да, бәсең өтеді. Басқа уақытта сол адамның өзінің сезімі өте күшейіп, оны жете ойламаған әрекеттерге соқтыруы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |