Сынып жетекшісі қызметінің мақсаты – оқушының өзін-өзі дамытуына және өзін-өзі жүзеге асыруына, оның қоғамда табысты әлеуметтенуіне жағдай жасау. Баланың қабілеті мен оптималды даму мүмкіндіктерінің дер кезінде анықталуына, олардың қорғалуы мен қауіпсіздігіне, эмоционалдық жайлылықтарына психологиялық-педагогикалық жағдай туғызу. Тәрбиеленушілердің әлеуметтік отрада қолдана алтын өмір тәжірибесінің: қазіргі және болашақ пересек өмірінде өзін-өзі дамытудағы, өзін-өзі анықтаудағы және өзін-өзі жүзеге асырудағы білімінің, біліктілігі мен дағдыларының қайнары ретіндегі саналуан шығармашылық, тұлғалық және қоғамдық маңызды қызметтерін ұйымдастыру. Өзара байланыста тәрбиеленушілердің әлеуметтік құнды қарым-қатынасын ұйымдастыру.
Сынып жетекшісінің негізгі қызметіне жататындар: сынып ұжымы қызметін ұйымдастыру; сынып ұжымының оқу жұмысын ұйымдастыру; сыныптың оқудан тыс өмірін ұйымдастыру; оқушы тұлғасын зерттеу. оқушыларды әлеуметтік қорғау. ата-анамен жұмыс.
Сынып сағаты Орта мектептегі оқушылармен ұйымдастыратын тәрбие жұмысының негізгі форматы – сынып немсе тәрбие сагаты деп аталлоды Соның негізінде окушылар мұғалімдердің басшылығы арқасында өздерін қоршаған өмірге жүйелі қатынасын қалыптастыратын арнаулы ұйымдастырылған тәрбиелік әрекетгерге катысады. Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысында сынып сағатының алтын орны өте ерекше. Сынып сағаты - окушылардын адамгершілік қасиетін қалыптастыруда, өнер саласындағы талгам-тілектерін тәрбиелеуде, адамдар өмірінде кездесетін жағымды-жағымсыз мінез-кұлык, нормаларына, олардағы дұрыс көзкарасты калыптастыруға, елжандылык сезімдерін шындауда, сабактан тыс кезде өткізілетін тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі бір форматы болып сана лады. Сынып сағаттарын өткізу барсында оқушылардың танымдык, белсенділігі аркады, оларда іскерлік, дағды касиеттері қалыптасады.
Тәрбиенің мақсаты: Отанға сүйіспеншілік пен ахзаматтық сана-сезім негізінде өз еліне пайда келтіру ынтасын/ талабын/ қалыптастыру, саяси және құқықты қатынастар жөнінде бастапқы түсінік, сынып қоғамын басқару іс-әрекетіне мораль және құқық нормаларын негізге ала отырып араласа білу қабілетін қалыптастыру, келелі мәселелері бар күнделікті өмірге дайын, адамдармен достасып, оларды сүйе және қуана білетін, яғни барлық жағдайда да бақытты бола білетін адамның жаңа мінез-құлық моделін қалыптастыру, салауатты өмір салтын сақтау қажеттілігі туралы түсінікті қалыптастыру, адамның қоршаған ортадағы өзінің орнын түсінуге, табиғатты сақтауға ұмтылуға негізделген табиғатқа адамгершілік қарым-қатынасты қалыптастыру.
Міндеттері: Отанға сүйіспеншілік пен құрметті қалыптастыру, мемлекеттік тлді үйренуге деген ынта мен ұмтылысты дамыту, мемлекеттік рәсіздерді құрметтеуді қалыптастыру, оқушылардың Отанның қазіргісі, өткені мен келешек дамуына қатысы бар екендігін жете түсінуге ықпал ету, сынып қоғамы деңгейінде баланың әр алуан байланыстар жасау қабілеттерін дамыту, отбасында, мектепте, қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау ережелері білімін қалыптастыру, сынып өміріне белсенді түрде қатынасу тілегін қалыптастыру, өз іс әрекеттері үшін жауапкершілік сезімін дамыту, өз денсаулығының ерекшеліктері және жағдайы туралы білімін қалыптастыру, денсаулыққа зиян келтіретін деректер туралы білімін қалыптастыру, жағымды әдеттерді тәрбиелеу, спортпен шұғылдануға ұмтылушылықты дамыту, өз табиғаттың тірі бөлшегі ретінде және өзін әлемнің бір бөлігі мен ондағы орны туралы білімін қалыптастыру, табиғатты қорғаудың қажеттілігі туралы көзқарасты қалыптастыру, қарапайым экологиялық бақылаулар жүргізу дағдыларын қалыптастыру.
Сынып жетекші қызметінің мазмұны, мақсаты, міндеттері. Тәрбие жұмысын жоспарлау, жоспар түрлері
Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысы оның шәкірттерінің бойында жалпы-адамзаттық құндылықтарды қалыптастыруға негізделеді. Ол төмендегідей құндылықтарды қамтиды:
Адам-адамгершілік тәрбиесі
Отбасы-баланың бірінші ұжымы, оның тіршілік ортасының табиғилығы, сондықтан қалыпты отбасының пайда болу қажеттілігін тәрбиелеу қажет.
Еңбек-шығармашылық пен даму қажеттілігіне тәрбиелеу
Білім-шындықты және адам тұлғасын дамыту тәсілін іздеу, үнемі даму қажеттілігіне тәрбилеу
Мәдениет-мәдениетке қатыстыру, руханилылықты, адамгершілікті және интеллектуалдықты үнемі іздестіру қажеттілігін тәрбиелеу.
Отан-өз халқының тарихын құрметтеуді тәрбиелеу
Жер-планетарлық ойлауды игеру, әлемнің біртұтас бейнесін жасау, жалпы адамзаттық проблемаларға қалыпты қатынас қалыптастыру
Әлем-тіл табыса білу мен азаматтық бейбіт қарым-қатынасының хал-ахуалын жасау.
Сынып жетекшісі-тек адамзаттық құндылықтарға үйреніп қана қоймай, сонымен қатар әр баланың бойындағы бейімділігін, кәсіби икемділігін, табиғи мүмкіндіктерін ашып, сүйіспеншілік, сенім, түсінушілік және достастық хал-ахуалын тудыру білуі керек.
Сынып жетекшісінің негізгі қызметі-оқушы тәрбиесі мен оларды бір ұжымға біріктіру, өзін-өзі жетілдіруге, тәрбиелеуге және іске асыруға жағдай жасау. Ол оқушылардың жан-жақты дамуы, патриоттық сезімдерін қалыптастыру тәрбиесі туралы, еңбексүйгіштігін, ұжымшылдығын, оқу үлгерімінің жақсаруы мен тәртіптің нығаюын және еңбекке дайындығы бағытындағы жұмыстарды ұйымдастырады.
Сынып жетекшінің қызметтері:
Тәрбиелік-түзетушілік:
· мемлекеттің әлеуметтік және рухани тәжірибесіне қатыстыру
· креативті қабілеттерін дамыту
· жалпы адамзаттық құндылықтарды тәрбиелеу
· қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу
Жеке жұмыс
· психологиялық педагогикалық жұмыс
Карталары
·Тестілеу
· Сауалнама жүргізу
· Бала денсаулығын қадағлау
· Ауырған балаларға қамқорлық көрсету
· Баланың жеке денсаулық картасының талапқа сай жүргізілуін қадағалау
· Психологиялық қызметпен бірлесе жұмыс істеу
· Медициналық қызметпен бірлесе жұмыс істеу
Ұйымдастырушылық
· түрлі қоғамдық пайдалы шаралар ұйымдастыру
· оқушы, мұғалім, ата-ана байланысын ұйымдастыру
Бақылаушылық
· оқушыларының сабаққа қатысуын бақылап отыру
· оқушы үлгерімін есепке алып отыру
· оқу кабиентінің санитарлық жағдайын қадағалап отыру
· оқушылардың сырт киімдерінің талапқа сай болуын қадағалау
· тамақтануды ұйымдастыру
Коммуникативтік
- балалар арасындағы қатынастарды реттеу
- «Оқушы-мұғалім », «Оқушы-ата-ана», «Мұғалім –ата-ана» өзара тиімді қарым-қатынасын қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізу
- оқушылардың айналасындағы адамдармен дұрыс қарым-қатынас қалыптастыруына көмек көрсету
Аналитикалық
- әр оқушының жеке ерекшеліктерін зерттеу
- сынып ұжымының қалыптасуын зерттеу және талдау
- әр баланың отбасы тәрбиесі жағдайын зерттеу және талдау
Дамытушылық
· ақыл –ой дамыту ойындарын ұйымдастыру
· оқушылар үшін ДИ тәжірибесі
· ТЖ сабақтарында белсенді жұмыс түрлерін енгізу
· Халықтық, классикалық жаңашыл әдістері
Бастауыш мектеп – бұл оқушы тұлғасының, санасының дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды, қайталанбас кезең. Сондықтан бастауыш мектеп – үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы, қиын да жауапты жұмыс. Бастауыш мектеп – бұл балаға білім беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту, сөйлеу, қоршаған орта туралы дұрыс көзқарас қалыптастыру, ойын дұрыс айтуға, дәлелді сөйлеуге үйретеді.Еліміздің егемендік алуымен байланысты әлеуметтік – экономикалық және рухани салаларда көптеген өзгерістер болып жатқандығы баршаға аян. Солардың бірі – білім беру жүйесіндегі жаңа технологиялармен оқыту.
Оқушыларды шығармашылық бағытта жан – жақты дамыту – бүгінгі күннің басты талабы. Осы талап тұрғысынан алғанда оқу – тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі әдіс – тәсілдерін іздестіру жаңа технологияларды тиімді пайдаланудың маңызы ерекше. Қазіргі таңда оқытудың елуден астам технологиясы бар екенін ғалымдарымыз айтып, осылардың кейбіреуі біздің білім беру жүйемізге еніп, тәжірибемізден орын алуда. Қазіргі ұстаздар қауымының алдында тұрған үлкен мақсат - өмірдің барлық саласында белсенді, шығармашылық іс- әрекетке қабілетті, еркін және жан – жақты жетілген тұлға тәрбиелеу. Өмірдегі сан алуан қиындықтарды шеше білу тек шығармашыл адамның қолынан келеді. Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту үшін бірнеше шарт орындалуы тиіс. Олар:
1.Шығармашылық қабілетін дамытуды ерте бастан қолға алу.
2.Жүйелі түрде шығармашылық әрекет жағдайында болу.
3.Шығармашылық іс - әрекетке жағдай тудыру.
Оқушының шығармашық іс - әрекетіне жағдай тудыру дегеніміз – оқушыны ойлай білуге үйрету екені сөзсіз. Мектеп табалдырығын жаңа аттаған бүлдіршіннен шығармашылық іс - әрекетті талап етпес бұрын, оны соған үйреткен жөн. Осыған байланысты «Оқытудың жаңа технологияларын пайдалана отырып оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту» тақырыбын алдыма келелі мәселе етіп таңдап алдым. Бұл мәселені алудағы басты мақсатым – оқытудың жаңаша әдіс – тәсілдерін қолдану арқылы баланың кішкентай кезінен дүниеге өзіндік көзқарасының қалыптасуына жол ашу, шығармашылығын дамыту. Оқушының шығармашылығына бағыт – бағдар беруді ең алғаш білім мазмұнына енгізген М. Жұмабаев болатын. Ол балалардың ойларын дамыту туралы «Ойлау жанның өте бір қиын терең ісі - деп атап көрсете келіп, тәрбиеші баланың ойлап, үйренуіне көп күш жұмсау керектігін ескертеді. Шығармашылыққа баулудың, өзіндік іс - әрекетін ұйымдастырудың төмендегідей түрлері бар:
-Тақырыпты мазмұнына сай жинақтау.
-Арнайы бір тақырыпта пікірталас тудыру.
-Шығарма, шағын әңгіме құру.
-Сөзжұмбақ құру, шешу
-Қиялдау арқылы сурет салу, рөлдерге бөлу.
-Мазмұндама түрлерін жазу.
Сондай жұмыстарды үнемі жүргізу шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы талант көзін ашып, тілін байыту, қиялын ұштаумен өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізбек.
Оқушылардың шығармашылық белсенділігін қалыптастыруда сабақтарды түрлендіріп өткізудің маңызы ерекше. Мұндай сабақтардың тиімділігін атап өтсек: сабақ құрылымының ұйымдастырылуы, сыныптағы оқушылардың іс - әрекетін бақылауға қолайлылық, оқу – танымдық тапсырмаларды орындаудағы ұжымдық бірлескен әрекеттің жүзеге асуы, оқу уақытының үнемделуі.
Шығармашылық сипаттағы сабақтар түрлерін жүйелі ұйымдастыру арқылы оқушылардың танымдық белсенділігі қалыптасып, ұстазы берген ақпаратты, іс - әрекет тәсілдері мен бағалау өлшемдерін қамтитын қоғамдық және ұжымдық тәжірибе тағылымдарын игеріп қана қоймай, оқушы барлық іс - әрекетте шығармашылық бағыт ұстанады, қабілет білігін ұштай түседі. Осы орайда 4 – сынып оқушыларымен пәндерді кіріктіре отырып өткізген «Туған елге саяхат» тақырыбындағы «Шығармашылық есеп» үлгісіндегі сабағымды айта кетуге болады. Сабақ шығармашылық есеп болғандықтан, кіріктірілген сабақ ретінде барлық пәндерді ( ана тілі, қазақ тілі, дүниетану, математика, бейнелеу өнері, логикалық тапсырмалар) толық қамтыды. Әр пән бойынша берілген жекелей тапсырмалар бойынша оқушылар алған білімдерін толық көрсете отырып, топтағы жұмыс арқылы шығармашылықтарын дамыта түсті. Бұл сабақта оқушылардың логикалық ойлауы, ізденісі, өз бетімен жұмыстары, шығармашылық тапсырмаларды орындаулары айқын көрініп, оқушылардың танымдық қабілеттері, белсенділіктері дами түсті. Шығармашылық есеп сабағы кезінде оқушы өз ойларын ортаға салып, өз пікірін анық, еркін айта алады. Сабақ кезеңдерінің арасындағы байланыста жұмбақ, өлең құрастыру, ребустар шешу, логикалық тапсырмалар орындау, сурет салу тапсырмалары өте тиімді болады. Сонымен қатар ертегі сабақ, саяхат сабақ, сайыс сабағы және тағы да басқа сабақ түрлерінің оқушы шығармашылығын дамытуда атқаратын маңызы ерекше.
Қандай технологияны пайдаланған кезде де оқушының белсенділігі, мақсатқа ұмтылуы, ақпаратты өзі іздеп табуы, шапшаңдығы мен еркіндігі, шығармашылдығы, көңіл – күйінің көтеріңкі болуы қамтамасыз етіледі.
Қорыта айқанда, оқушылардың шығармашылығын, танымдық белсенділігін арттыруда шығармашылық сабақтарды өткізудің, оқушының өз бетімен ізденіп, шығармашылық ой - өрісін арттыруда алатын маңызы ерекше.
Тәрбиенің мақсаты:
Білім мен тәрбие қашан да егіз ұғым. Білім алушы шәкірттеріміздің жан – жақты дамыған, ақыл – ойы жетік, рухани құндылықтарды қадірлей білетін, адамгершілік қасиеттермен қаруланған жеке тұлға қалыптастыру.
Мектептегі оқу – тәрбие жұмысының бала тәрбиесі мен оның жан – жақты дамуына отбасы мен жанұяның, мектептің ынтымақтастығын арттыра отырып, ата – аналарға, оқушыларға оқу – тәрбие үдерісінің мазмұны мен әдістемесін таныстыру.
Балаларға салауатты өмір салтының машықтарын сіңіру және насихаттауға байланысты нақты шараларды жүзеге асыру. Оқушыларды зиянды әдеттерден сақтандыру.
Оқушылардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, экологиясы нашар аймақтармен таныстыру, жерге деген мейірім мен ықыласын, байлығы мен әсем табиғатын қорғай білуге үйрету.
Оқушылардың шығармашылықпен ойлау қабілетін, санаткерлікжәне жалпы даму көрсеткіші негізінде тілін дамыту. Отаншылдыққа, ұлттық патриотизмге тәрбиелеу.
Оқушылардың экономикалық білім негіздерін толықтыру, ата – ананы құрметтеуге, олардың еңбегін бағалауға тәрбиелеу,
Оқушыларды отбасы бюджетін үнемді, ұқыпты, дұрыс жұмсай білуге тәрбиелеу.
Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қасиеттерді айта отырып, оқушылардың әдеп әліппесі бойынша ықпал жасау
Әдет – ғұрыпты сақтайтын, дәстүрді жалғастырушы қайырымды ұрпақ тәрбиелеу. Оқушыларды адам бойындағы асыл қасиеттерді бағалай білуге, адамдармен қарым – қатынас жасау дағдыларын арттыру.
Тәрбиенің міндеттері:
Отанымыздың тарихи құндылықтарын бағалау қабілеттілігін арттыру. Отандық қорғау-азаматтық борыш ұғымын қалыптастыру.
Адами іс-әрекет жасау тәжірибесін қалыптастыру,сыртқы келбет пен күнделікті тұрмыс тіршілік дағдыларын қалыптастыру
Эстетикалық құндылықтарды өн бойына игеруге қызығушылығын арттыру,қандайда бір көркем шығарма саласында өзінің бейімділігі мен қабілетін байқап көруге ұмтылысын қалыптастыру.
Табиғат тағдыры үшін тұлғаның жауапкершілік сезімін қалыптастыру,жанашырлық сезімін қалыптастыра отырып,табиғат үйлесімін қорғауға көзқарасты нығайту
Өз туыстарының кемшіліктеріне шыдамдылық көрсетуін қалыптастыру, өзін отбасының тең құқылы бір мүшесі ретінде сезінуіне, ересек адам ретінде пікір айта алуына дағдыландыру.
Теріс әсерлерге қарсы тұра алу қабілетін қалыптастыру, дене еңбегі, психологиялық, әлеуметтік және рухани саулық туралы түсінік қалыптастыру.
Нарықтық экономиканың негізгі заңдары жайлы білімдерін қалыптастыру, жасөспірімдерінің өзіне-өзі қызмет көрсету шеберлігін және дағдыларын игере отырып көздеген мақсатына жетудегі шыдамдылықты қалыптастыру.
Шығармашылық жұмыстарда оқушы өзінің ойын білдіріп,қабылдаған шешім нәтижесін бағалай білу дағдысын қалыптастыру және өз қадірін сақтай білу және өзгенің қадір-қасиетін бағалай білу қасиетін қалыптастыру
Әрбір оқушының өзін өзі бағалау, өзін — өзі реттеу, өзін — өзі іске асыру қабілетін дамыту, өзіне деген сенім қалыптастыру, өз қадірін сақтай білу және өзгенің қадір-қасиетін бағалай білу қасиетін қалыптастыру.
Кәсіби шығармашылық танымын кеңейту,мамандықты дұрыс таңдауға бағыт-бағдар беру және адам белгілі бір еңбек іс-әрекетіне неіп,бір ізге түсуіне көмек беру.
Оқу процесінде алған білімдерін тереңірек жетілдіріп, жан – жақты дамыған, кешегіні білетін, бүгінгіні саралай алатын тұлға қалыптастыру.
3.Бала тәрбиесіндегі отбасының рөлі. Отбасы тәрбиесінің негізгі мәселелері
Отбасы – бүкіл ғасырлар бойы адам баласы тәрбиесінің негізгі құралы болып келеді. Сондықтан ол – адам үшін ең үлкен орта.
Отбасы – белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралардың сақтаушысы. Онда бала алғашқы рет өмір жолымен танысады, моральдық нормаларды игереді. Сондықтан отбасылық өмір жеке адамның азамат болып өсуінің кепілі.
Отбасы – оқыту мен тәрбие жұмысындағы мектептің одақтасы. Ол бала тәрбиесі жөнінде мектеппен тығыз байланысты болуды өте жақсы түсінеді. Өйткені бала тәрбиесінің отбасында, мектепте нәтижелі болуы осындай ынтымақтастыққа негізделеді.
Отбасы тәрбиесі – бұл қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі, мемлекет алдындағы ата – аналардың борышы. Оған дәлел: балалар мекемелері жөнінде халықтың қажеттілігін толық қанағаттандыру, балалардың еңбек, спорт лагерлерінің, жас натуралистер станцияларының, ғылыми- техникалық және көркемдік шығармашылық үйірмелерінің жүйесін кеңейту; ананы, балалық шақты қорғауға ерекше көңіл бөлу; отбасы мүшелерінің демалуы үшін санаторийлердің, демалыс үйлерінің жүйесін кеңейту; аналар жағдайын еске алып, әйелдердің халық шаруашылығына қатысуын үйлестіру [2,194-б.].
Отбасында басты мәселелердің бірі – баланың тіршілік әрекетін ұйымдастыру. Бұған баланың күн ырғағы, міндеттері, қойылатын талаптар, оның үй еңбегіне қатысуы, оқу- әрекеті бос уақытын ұйымдастыру жатады.
Бала өмірін және іс-әрекетін ұйымдастыруда негізгі жағдайлардың бірі – ұтымды ырғақ жасау. Күн ырғағы өмір тәртібі, еңбек пен демалыстың парасаттылықпен, кезектесіп өтуі, талаптарды орындау, жақсы әдеттерді қалыптастыру.
Балалардың күн ырғағы И. П. Павловтың іліміне негізделеді. Ол жұмыс қабілетін толық сақтау үшін еңбек пен демалыстың кезектесіп өтуінің қажет екендігін көрсетті. Күн ырғағы баланы жинақтылыққа, тіл алғыштыққа, дәлдікке, мұқияттылыққа үйретеді, денсаулығын нығайтады, еңбек қабілетін жақсартады. Күн ырғағын жасауда ата-ана баланың жасын, үй жағдайын, денсаулығын, мұғалімдер мен сынып жетекшілерінің кеңесін, отбасы мен мектеп ырғағының бірлігін еске алуы тиіс. Отбасында күн ырғағының негізгі элементтері – еңбек демалыс, ойын, сабаққа дайындалу, тамақтану, ұйқы т.б. дұрыс алмасып отыруы қажет. Күн ырғағын сақтау негізінде мидың үлкен жарты шарының қабында рефлекстер жүйесі (динамикалық стереотил) пайда болады. Мысалы: бала белгілі бір уақытта ұйықтауға үйренсе, оның ми қабатында тежелу процесі басым болады да тез ұйықтауға кіріседі. Сондықтан ата-аналар балалардың белгілі бір уақытта сабаққа дайындалуға, тұруға үйретулері, яғни ырғақ элементтері берік орындалуы тиіс [2,195-б.].
Сонымен, дұрыс ұйымдастырылған күн ырғағы белгілі дағдыға үйретеді, дағды әдетке айналады, ал әдет келешекке бала қажетін қанағаттандырады.
Отбасы жағдайын және баланың жас ерекшелігін ескере отырып, оны ата-аналар түрлі еңбек іс-әрекеттеріне үйретулері қажет. Бала – отбасы мүшесі, оның өз міндетін адал ниетпен орындауы – зор қуаныш. Отбасының бала еңбегіне артық салмақ түсірмей, парасатты ұйымдастырғаны жөн. Үйге берілген оқу тапсырмаларын үнемі орындап отыруға бақылау жасау, көмектесу, балаларды өз бетімен жұмыс жасай білуге үйрету.
Балалардың бос уақыты – бұл шығармашылыққа еліктеу, қызығу дүниесі. Бала бос уақытында қоғамдық пайдалы істерге, спорт ойындарына, кинофильмдерге, спектакльдерге қатысады.
Көптеген отбасыларында ата-аналардың балаларымен бірігіп серуендеуі ізгі дәстүрге айналған. Егер ата-аналар қоршаған табиғат пен өз өлкесінің көз тартарлық көрнекі орындары жөнінде әңгіме өткізсе, мұндай серуендердің танымдық маңызы зор болар еді.
Отбасылық тәрбиенің басты жағдайларының бірі – бұл ерлі- зайыптының өзара махаббатына, көзқарасының, мүдделерінің, сенімділіктерінің және ұжымдық іс-әрекеттерінің бірлігіне негізделген татулық. Мұндай ортада қиыншылықты жеңе білетін қабілетті, байсалды, ақжарқын адамдар өседі. Олар ұжымды, жеке басының қамын ойлайды, басқа адамдар үшін де өмір сүре алады.
Отбасында балалардың тәрбие процесіне табысты ықпал жасауда басқа да жағдайларды сипаттайтын белгілерді атауға болады. Ж.Б.Қоянбаев, Р.М.Қоянбаевтың пікірлерінше, оларға мына мәселелер жатады:
Отбасының этикалық құрамы және құрамы: толық емес отбасы, бір балалы, көп балалы отбасы, бір ұлттық, көп ұлттық отбасы;
Тіршілік әрекетінің және орталық жағдайлары: отбасы мүшелерінің білім дәрежесі, еңбектану, кәсіптік құрамы, бюджеті, жалпы материалдық әл-ауқаты, селолық және қалалық отбасы;
Отбасының мәдени потенцияллы: күнделікті тұрмыстың жалпы мәдениеті; күн ырғағы, демалыс, оның формалары, кітапхананы, теледидарды, музыка аспаптарын пайдалана білуі, спортпен айналысу, үйелмендік дәстүрлік мерекелер;
Ішкі отбасылық қатынастар отбасы микроклиматтарының сипаттамасы, үйелменде көзқарастың бірлігі және айырмашылығы, отбасы мүшелерінің өз міндеттеріне көзқарасы;
Қоғамға көзқарасы: еңбек және қоғамдық міндеттерге, қоғамдық тәрбие институттарына қатысы;
Отбасының тәрбиелік потенциялы: отбасылық тәрбие, қолданылатын әдістер, ата-аналардың және басқа мүшелердің педагогикалық мәдени дәрежесі Отбасының осы көрсетіліп отырған ерекше белгілерінің тәрбиелік ықпалы өте күшті, оларды тәрбие барысында ескеру қажет.
Отбасының өзіне тән ерекше функциялары бар. Олар: халық санының өсуі; адамзат ұрпағын әрі қарай жалғастыру, қажеттілік – шаруашылық функциясы, отбасының тәрбиелік функциясы отбасы мүшелерінің өзара және туған- туысқандарымен қарым- қатынас жасау функциясы [3].
Отбасылық тәрбие бірқалыпты жағдайда іске асырылып отырмайды. Тәжірибе мәліметтеріне қарағанда отбасылық тәрбиенің сәтсіздікке ұшырауының басты себебі – үлкен адамдардың педагогикалық көзқарастарының қауқарсыздығынан болады.
Біріншіден: отбасында болатын өктемдік баланы өзін-өзі билеушілігінен айырады, әрбір қадамына бақылау жасайды, ол өз күшіне, мүмкіншілігіне сенімсіз және ішкі жәй-күйі төмен болады.
Екіншіден: баланы еркелетушілік, бетімен жіберушілік, ата-аналардың бәрін кешірушілік сүйіспеншілігіне байланысты. Баланың жетегіне түсіп, еркіне жіберушілік өзімшілікке тәрбиелейді.
Үшіншіден: әке мен ананың және басқа отбасы мүшелерінің тарапынан бірыңғай талаптың жоқтығы. Осының нәтижесінде ата-аналарды немесе ересек отбасы мүшелерінің көзқарастарындағы алалықты пайдаланып, бала екі жүзді және жағымсыз нәрсеге бейім болып өседі.
Төртіншіден: ата-аналар балаларды еркімен қарым-қатынас жасаудан, өмірден аулақтауға тырысады, бөгет жасайды. Бұл баланың қалыптасуына, дамуына залалды әсер етеді.
Бесіншіден: егер әке мен ана өз баласының іс-әрекетіне немқұрайлы, жауапсыздықпен қараса, онда соны пайдаланып, кездейсоқ, күмәнді адамдармен танысуға мүмкіндік алады.
Осымен бірге тәрбие процесінде жалған беделдер де кездеседі.
А.С.Макаренко олардың бірнеше түрін көрсетті: «Басу беделі», «Мейірімділік беделі», «Сатып алу беделі», «Тақуалық беделі» т.б.
Отбасы тәрбиесінде халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан тәжірбиесін, ұлттық ерекшелігін есепке алу өте қажет. Отбасына қатысы бар адамдардың әлеуметтік орны біздің халықта өте терең жіктелген. Мысалы, ата мен әже, әке мен шеше, аға мен апа, іні мен қарындас, немере, шөпшек, жиен, жиеншар, құда мен құдағи, құда бала мен құдаша, қайын мен қайын сіңілі, жезде, бажа, т.б. жеті ата мен одан тарайтын шаңырақтар ру, жүз, т.с.с.
Адамдардың ара-қатынасын белгілейтін ұғымдар сырына терең үңілсек, адамгершілікті адамның тұлғалық жан дүниесінен орыналатын рухани байлықты байқауға болады. Адамның өмір салтын құрайтын іс-әрекет тұрғысынан қарасақ, біздің халықта бұл мәдениет әр адамның әлеуметтік орнына қарай қалыптасқан қарым-қатынастың іс-әрекеттік байлығы адам тұлғасының орынды сапалық қасиеттерінің қайнар көзі болып табылады. Отбасында, мектепте бұл қатынастар тәрбиенің пәрменді құралына айналуы қажет.
Біздің халқымыздың отбасы жағдайында жас ұрпақ тәрбиесіндегі жетекші буын ата-әже іс-әрекетінің төңірегіне шоғырланған. Себебі, отбасында әке мен шеше негізгі еңбек иелері, отбасы қажеттілігін қамтамасыз етушілер. Ал ата мен әженің өмір тәжірибесі өз дәрежесінде даналық ақыл-ойдың, орынды дүниетанымының, талғамның, денсаулық бағбанының, орынды тәртіп пен мінез-құлықтың мектебі болып табылады.
Қорыта айтқанда, күнделікті ертемен маңдайынан иіскемеген, әже бауырының ыстығын сезбей өскен бөбектің рухани жан дүниесіне нұқсан келе береді.
Өскелең жас ұрпақ – қазақ шаңырағының берік болғандығын өмірінің арқауы еткені, аға ұрпақ дәстүрінен аттамағаны жөн.
Отбасы – туысқандық байланыста болатын (күйеуі, әйелі, ата-анасы, әкесі, т.б.), бірлесіп, әлеуметтік тұрмыстық өмір сүретін адамдар. Онда мынадай функциялар жүзеге асырылады. Репродуктивтік, яғни балалардың тууы, шаруашылық-экономикалық, тәрбиелеушілік, адамгершілік-психологиялық ахуалды қамтамасыз ету; отбасындағы қарым-қатынасты ұйымдастыру; бос уақытты тиімді ұйымдастыру.
Отбасы – қоғамның алғашқы ұяларының бірі. Отбасында баланың айналасын қоршаған дүние жайлы алғашқы түсінігі, көзқарасы, сезімі, әдет- дағдылары бой көрсетіп қалыптасады.
Баланың дұрыс өсуіне қажетті жағдайлар жасау, оның орта білім алуына, мамандық, кәсіп таңдауына көмектесу, еңбекке дағдыландыру, қоғам мен өз мүлкіне ұқыпты қарауға үйрету ата-ананың басты борышы.
Баланы бүгінгі өмір талабына сай азамат етіп өсіру үшін оған жас кезінен дұрыс тәрбие беру қажет. Ата-ана өз баласының неге қызығатынын, нені жақсы көретінін, неден қорқатынын, қандай іс-әрекеттерге ынта-ықыласы барын, қандай іске бейім екенін біліп отыруға тиіс.
«Ел болу үшін бесігіңді түзе» деген ел сенімін ақтап, ата даңқын шығарар – білімді, парасатты, ұл-қыз, немере тәрбиелеу бәріміздің басты парызымыз.
«Неке және отбасы» туралы Заңда ата-аналардың балалары алдындағы міндеттері айқын көрсетілген. Мысалы, 62-бапта мыналар көрсетілген.
ата-аналар өз балаларының денсаулығына қамқорлық жасауға міндетті;
ата-аналар өз балаларын тәрбиелеуге құқығы бар және оған міндетті;
ата-аналардың басқа да барлық адамдарға қарағанда өз балаларын тәрбиелеуге басым құқығы бар;
бала тәрбиелеуші ата-аналар өздерінің қабілеттері мен қаржылық мүмкіндіктерінің шегінде оның дене, психикалық, адамгершілік және рухани жағынан дамуына қажетті өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшін негізгі жауапкершілікте болады.
Міне осы заң арқылы қоғам ата-аналардың өз балаларын тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттырып отыр.
Ата-аналардың бала тәрбиесіне қатынасы әртүрлі болатыны белгілі. Тәжірибе барысында ата-аналардың бала тәрбиесіндегі білім-іскерліктерінің қалыптасуының мынандай өлшемдері (критерийлері) анықталды: ата-аналардың балалары, мектеп, қоғамдық ұйымдар арасындағы өзара байланысы, бала тәрбиесі туралы білімді меңгеру; ондағы ата-аналардың мінез-құлқы бала тәрбиесін жақсартуға бағытталған іс-әрекеттер; балаларды тәрбиелеудегі белсенділік, ынталылық және дербестік; бала тәрбиесінде жауапкершілік қарым-қатынасын көрсету; отбасындағы тәрбиеге қызығушылық; отбасы тәрбиесіндегі іскерліктері мен дағдылары; бала тәрбиесінің қажеттігін және маңызын түсінуі.
Осы аталған өлшемдер негізінде ата-аналардың бала тәрбиесіндегі білімдерінің, іскерліктерінің, дағдыларының үш деңгейі белгіленді:
Жоғары деңгейі. Бала тәрбиесінде сапалы қолданылатын, терең педагогикалық білімі бар ата-аналар жатқызылады. Оларда мінез-құлық пен іс-әрекеттің балаларына дұрыс тәрбие берудегі бағыттылығы айқын көрінеді. Отбасындағы тәрбиеге оң қарым-қатынаста болады, оған деген жоғары саналылығымен ерекшеленеді.
Педагогикалық іскерлігі мен дағдылары мол болады, бала тәрбиесі жұмыстарына белсенді қатысады, өз бетімен білімін көтереді, көп оқиды, мұғалімдердің белсенді көмекшілері, бала тәрбиесіндегі белсенділігі, дербестік көрсетіп, оған қызығушылық танытады.
Орташа деңгей. Ата-аналардың бала тәрбиесіне байланысты білімі үстірт, жеткіліксіз, нашар ұғынады және бар педагогикалық білімін отбасы тәрбиесінде сирек қолданылады. Отбасындағы бала тәрбиесіне қызығушылығы тұрақсыз, жағдайлық, сезімдік қарым-қатынасын жасайды, баланың дұрыс дамуына, қалыптасуына жол береді. Жалпы алғанда бала тәрбиесіне байланысты іскерліктері мен дағдысы қалыптасқан, бірақ қолдануда ыждағаттылық танытпайды.
Төменгі деңгей. Ата-аналардың бала тәрбиесіне байланысты білімдері жоқ, балаларын жан-жақты тәрбиелеуге талпынбайды, ол процесті жүргізуге қызығушылығы жоқ, бала тәрбиесіне байланысты іскерлігі мен дағдысы қалыптаспаған. Балаларына немқұрайлы қарым-қатынасын жасайды, оларды дұрыс тәрбиелемейді.
В.А. Сухомлинский оқушылардың ата-аналарымен жұмыс істеудің маңызына ерекше назар аударып: «Тек ата-аналармен бірге, жалпы күш-жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бақытты беруі мүмкін», – дейді. Олай болса, отбасы мектеппен бірге тәрбиелік ортаның тұтастай негізгі ықпал ету факторларын жасайды. Сондықтан да педагогикалық әрекетте мектептің жалпы міндеттерінің көптігіне қарамастан, ата-аналармен жұмыстың маңызы ерекше орын алуы тиіс.
Балалар ұжымы туралы ұғым. Ұжым белгілері. Даму кезеңдері, нығайту жолдары.
Мектептегі балалар ұжымы туралы түсінік көптеген өзгерістерге ұшырауда. Кеңестік дәуірде балалар ұжымы десек, октябрят, пионер, комсомол ұйымдары туралы сөз қозғаушы едік. Кеңес өкіметі ыдырағаннан кейін балалар ұжымы туралы мардымды ештеңе айта алмайтын сыңай таныттың. Бұл дүрыс па? Біздің ойымызша бұл дұрыс емес. Себебі адам қоғамда өмір сүреді, қоғам арқылы дамиды, қалыптасады, тәрбиеленеді. Бала да өзінің ортасын табады. Ол — отбасы, ауладағы, балабақшадағы, мектептегі, сыныптағы жора-жолдастары. Бүгінде демократиялық мемлекет қүрып жатырмыз. Осы демократиялық қазақстандық мектептерде түрлі балалар ұйымдары бар. Осының бәрін бала және балалар ұжымдарын біртұтастықта қарағанымыз жөн. Себебі бала — ұжым мүшесі. Ұжым-тәрбиенің маңызды қүралы. Жеке адам өзінің нышанын тек ұжымда дамытуға мүмкіндігі бар. «Ұжым — ортақ бір мақсатты көздеген адамдар жиынтығы. Адамдардың ұжымға бірігуі көбіне бірлесіп жұмыс істеп, қызметтес болу нөтижесінде асады» (Қазақ Совет энциклопедиясы. — Алматы, 1974. — 5 т. 490 б.). Бүл анықтама балалар ұжымына да қатысты. Оқушылар сабақта, үйірмеде ортақ қызығушылық бағытта топтасып ұжым құрады. Бір бала отбасындағы, сабақтағы, үйірмедегі, ауладағы, т.б. бірнеше ұжымның мүшесі болуы мүмкін.
Балалар ұжымы туралы еңбек жазған ғалымдар -А.В. Луначарский, Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, С.Т.Шацкий, В.А.Сухомлинский, т.б.
Мысалы, А.В.Луначарский: «Адамды қалыптастырудың негізгі жағдайы ұжым», -десе, Н.К.Крупская: «Жеке адамның дамуы мен қалыптасуы ұжымда өтеді» деген. Олар мектептегі ңоғамдық ұйымдарға, балалардың қарым-қатынасына үлкен мән берген. Балаларды ұжымда өмір сүре және қызмет істей алатындай етіп, тәрбиелеудің қажет екенін ескерткен. Бүл ой бүгінгі күні де өз қүндылығын жойған жоқ. Н.К.Крупская мектептегі қоғамдық үйымдарға көп мән берген.
Оқушылар ұжымы үш кезеңнен өтеді. Ұжымның даму кезендерін айқындаған А.С.Макаренко. Ол балалар ұжымы дамуының мақсатына, іс – әрекеттің мазмұнына, тәртібіне, балалардың ара -қатынасы тәуелділігіне байланысты ажыратты.
Бірінші кезенде оқушылар ұжымы жеткіліксіз ұйымдастырылған топ. Сондықтан мұғалім сынып өмірін ұйымдастыру үшін жұмысты талап қоюдан бастайды. Талап іс – әрекетінің барысында орындалуға тиісті нақты міндеттер. Талап қою балаларды мінез – құлық нормасын үйрету, әлеуметтік тәжірибеге тарту. Бұл кезеңде балалар ұжымы сирек кездесетін құбылыс. Мұндай жағдайларда бастауыш сыныптарда және әр мектептен біріктірілген оқушылардың жоғары сыныптарында болуы мүмкін.
Бірінші кезең аяқталуы үшін мына мәселелерді еске алған жөн:
ұжымды нығайтуға бағытталған мақсаттарды анықтау;
ұжым іс – әрекетінің дамуы;
жеке адам арасындағы қарым – қатынас іскерлік және
гуманистік қатынастардың пайда болуы;
барлық ұжым мүшелері қолдайтын белсенділер тобының
бөлінуі;
Бұл кезеңде мұғалімнің негізгі қызметі оқушылардың ұжымдық іс – әрекетін ұйымдастыру, оларды әртүрлі іс – әрекеттеріне қатыстыру, ұжымды балаға педагогикалық ықпал жасайтын құралға айналдыру.
А.С.Макаренко ұжымды нығайту үшін тәрбие жұмысын барлық ұжымды тәрбиелеуден бастау қажет дейді.
Екінші кезенде ұжым өзін – өзі басқаруға, яғни сынып жетекшісінің ұйымдастырушылық қызметінен тұрақты ұжым органдарыно көшеді. Сондықтан бұл кезеңде белсенді топпен жұмыс істеудің маңызы зор. Мысалы, жұмысты бірігіп жоспарлау, әр түрлі оқу, қоғамдық еңбек тапсырмаларын орындау, әрбір ұжым мүшелеріне көмектесу, іс – әрекеттерін бақылау т.б.
Мұғалімнің қызметі — коммуникативті, яғни балалармен байланыс жасау, ұжымның өмірі үшін оқушылардың ынтасын қуаттау жалпы міндеттерді орындауда барлық оқушылардың күш қуатын нығайту.
Ұжымның бұл даму кезеңінде параллельді ықпал жасау принципі қолданылады, яғни тұлғаға талап қою ұжым арқылы жүзеге асырылады.
Үшінші кезең – бұдан былай белсенді топтың және ұжым іс -әрекетінің дамуымен сипатталады, онда қоғамдық өмірдегі деректерді, құбылыстарды бағалауда қоғамдық (ұжымдық) пікір пайдаланылады. Бұл саты ұжымның өрлеу кезеңі. Ұжым өмірінде, оқушылар арасында жалпы істі бірлесіп орындаудың арқасында ұжымдық, гуманистік қатынастар дамиды, демек, ұжымда тілектестік, бір — біріне ілтипатты болу сияқты болымды қасиеттер пайда болады.
Оқушылардың ұжымын құру, ұйымдастыру және дамыту.
Ұжымды ұйымдастыруды неден бастау керек? Ұжым әлеуметтік жанды тұлға. Сондықтан А.С.Макаренко: “Дұрыс тәрбиелеудің бірден – бір жолы жеке адамды тәрбиелеу деп санамаймын, бүтін ұжымды тәрбиелеу деп санаймын. Өзім де 17 жасымнан мұғалім болдым, өзімде көпке дейін ең жақсысы — жеке оқушыны ұйымдастыру, соны төрбиелеу, екіншісін, үшіншісін, оныншысын тәрбиелеу, бәрі де тәрбиелі болған кезде олар жақсы ұжым болады деп ойладым. Ал кейін мен жеке оқушымен сөйлеспей-ақ бәріне айту керек, әрқайсысы амалсыз көпшілікпен ортақ әрекетте болатындай форма жасау керек деген қорытындыға келдім. Міне сонымен біз ұжымды тәрбиелейміз, оны шыңдаймыз, оны мықты етеміз, сонан кейін оның өзі үлкен тәрбиеші күш болып алады.” — деп ұжымды ұйымдастыруды неден бастау қажеттігін түсіндірген.
Қандай болмасын ұжымды ұйымдастыру негізі оның мүшелерінің қоғамдық ортақ мақсатқа бағытталған ісі болады.
Ұжым құруды мақсат ете отырып балалар ісін ұйымдастыруда ең алдымен педагогикалық міндеттерді шешу керек: іс – әрекетті тывдау және сол істің мақсаты мен мазмұнына балаларды қызықтыру.
Оқушылар ұжымы іс – әрекеттің әртүрлі саласында қалыптасады.(еңбекте, ойында, оқуда т.б).
Талап қою ережелерінің педагогикалық негізі — талаптың бір — бірімен байланыстылығы, талап қоюға дайындық, алдын — ала ұжым ережелерін зерттеп білу, бірінші күннің зор шешуші рөлін түсіну, талап түсінікті, нанымды балалар орындай алатын, нақтылы, жігерлі түрде айтылуы, біртіндеп қиындатылуы, әр талаптың орындалу жолдары жәнесенімді, дәйекті болуы өзделінеді.
А.С.Макаренко талап қоюдыең алғашқы кездесуді жалпы оқушылар жиналысын бастаудың пайдалы,нәтижелі екенін көрсетті.
Практикалық тапсырмалар
Жеке оқушыға психолого - педагогикалық мінездеме беру үлгісін көрсетіңіз.
ІІІ тоқсанға арналған тәрбие жұмысының жоспарын жасаңыз.
Адамгершелік тәрбиесі бойынша сыныптан тыс жұмыс формасын әзірлеңіз.
Сыныпқа психолого - педагогикалық мінездеме беру үлгісін көрсетіңіз
Достарыңызбен бөлісу: |