Шикізат бұл алғашқы өндіріс немесе тауар өндіруде қолданылатын материалдар немесе заттар


Талшық–ұзын,жұқа және жіп секілді материал. Талшықтар майысқақ болғандықтан, оларды иірілген жіпке айналдырып, маталар жасауға болады



бет14/16
Дата07.05.2023
өлшемі0,49 Mb.
#90816
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Талшық–ұзын,жұқа және жіп секілді материал. Талшықтар майысқақ болғандықтан, оларды иірілген жіпке айналдырып, маталар жасауға болады.
Барлық талшық түрлері шығу тегіне байланысты екі топқа бөлінеді – табиғи және химиялық. Табиғи талшықтар шығу тегіне байланысты өсімдік тектес, жануар тектес, минералды болады. Талшықтар табиғи қосылыстарды өңдеу арқылы алынған жасанды және синтетикалық полимерлерді өңдеу арқылы алынған синтетикалық болып бөлінеді. Өсімдік текті табиғи талшықтарға целлюлозалық талшықтар – мақта, зығыр т.б. Ал жануар текті талшықтарға жүн және жібек жатады. Асбест талшығы табиғи минералдық талшық ретінде қолданылады.
Химиялық талшық, жасанды талшық — табиғи органикалық және синтездік полимерлерден алынатын талшықтар.
Медицина саласында полимерлік материалдардан медициналық аспаптар, арнаулы ыдыстар және дәрілік препараттарды ораушының түрлі көріністерін дайындауда қолданылады. Хирургияда жүректің қақпақтарын, стоматологиялық протездер мен көз хрустальдарын жасауда қолданылады.

27. Каучук пен резеңке өндірісі. Силиконды резинаның медицинада қолданылуы.


Каучук — эластикалық, су және электр өткізбеушілік қасиеттерімен сипатталатын табиғи немесе синтетикалық эластомерлер, оларды вулканизациялау арқылы резеңкелер мен эбониттер алуға болады.
Табиғи каучук көксағыз, таусағыз сияқты кейбір өсімдіктердің сүтті шырындарында болады. Табиғи каучукты, негізінен, Бразилияда өсетін гевея ағашынан алады. Каучук алу үшін өсімдіктің қабығын кертіп тіледі. Сол тіліктен ағатын сүтті шырынды (латексті) — каучуктың коллоидті ерітіндісін жинап алады. Сосын ерітіндіге электролитпен әсер етіп немесе қыздырып коагуляциялап (ірілендіріп) каучук жасайды. . Қазақстанда каучук өсімдіктері – көксағыз және тау сағыз өседі.
Жасанды каучук алу мақсатымен 1826 ж. ағылшын физигі М.Фарадей каучуктың молекулалық құрылысын анықтады. Жасанды каучук, этил, метил спирті, мұнай, табиғи газ, бутадиен, стирол, изобутилин сияқты органикалық заттарды полимерлеу арқылы алады. Елімізде жасанды каучукты көбінесе дивинилден алынады. Дивинил торф, ағаш сияқты органикалық заттардан алынатын спирттерден өндіріледі. Техникада жасанда каучуктың мына түрлері жиі қолдланылады – хлоропенді каучук, натрий бутадиен каучугі, силиконды каучук.
Каучук — қатты зат. Молекулалық массасы 150000—300000 шамасында. Табиғи каучуктың макромолекулалары тізбекті құрылымды, оратылып түйіншектеліп жатады. Каучуктың аса маңызды қасиеті — оның майысқақтығы. Каучук суды, газды өткізбейді және электроқшаулағыш. Ол этил спиртінде аздап ериді, ал бензин мен хлороформ сияқты еріткіштерде әуелі ісініп, сосын ериді. Температура жоғарылағанда — каучук жұмсарып жабысқақ, ал температура төмендегенде — қатайып морт сынғыш болады. Ұзақ сақтағанда, каучук қатайып кетеді. 
Резеңке – майға, әртүрлі агрессивті орталарға, үйкеліске берік, созылғыш изолятор, тербелісті тұту қабілеті күшті, беріктік шегі жоғары органикалық зат. Сондықтан резеңке басқа материалдармен салыстырғанда құндыматериал болып табылады. Каучукты вулканизациялап (вулкандап), яғни күкірт қосып қыздырып, резеңкеге айналдырады. Ол үшін каучукке күкірт пен толықтырғыштар (күйе мен бор сияқты) қосып, 130—140°С шамасында қыздырады. Күкірт атомдары каучуктың қос байланыстарының кейбіреулері бойынша қосылып, оның сызықтық молекулаларын бір-біріне "жөрмеп" байланыстырып, полимер кеңістіктік құрылымға ие болады. Кеңістіктік полимердің қасиеттері сызықтық полимерден өзгеше. Резеңке каучукпен салыстырғанда берік болады. Каучук бензинде біртіндеп ериді, ал резеңке бензинде ерімей, тек ісінеді. Каучукты вулканизациялағанда, оның массасының 2-3%-індей күкірт қосады.

  • Резеңке оған түсірілген кішігірім салмақтан оңай деформацияланатын және өз пішішіне қайта келетін қабілеті бар

  • Резеңке деформацияны білдіртпей, бірнеше рет 500-1000%-ке дейін созыла алады. Резеңкенің маңызды сипаттамасы ол оның қаттылығының аздығы

  • Жоғары су және газ өткізгіштігі, көптеген агрессивті ортаның әрекетіне төзімділігі, электроизоляциялық қасиеті резеңкені көптеген бұйымдарды жасауға көмегін тигізеді.

  • Резеңкенің беріктігі мен тозуға төзімділігін арттыру үшін оның құрамына беттік активті заттар және толықтырғыштар (күйе, кремний оксиді, титан оксиді, бор, барит, тальк) енгізіледі.

Медициналық силиконды резеңке қоспасы - пероксидтер мен олардың ыдырау өнімдері жоқ экологиялық таза материал. Каучук өзінің физикалық қасиеттерін сақтай отырып, улы емес және инертті.


Материалды денсаулық сақтау саласында қолдану ауқымы айтарлықтай үлкен - силикон түтіктері, катетерлер, қаптар, пробиркалар, препараттарға арналған тығындар, зондтар, медициналық сылақтарға арналған желім және т.б. Медициналық силиконды резеңке адам өмірін қамтамасыз ететін маңызды құрылғыларға (диализ, дренаж жүйелері, экстракорпоральды қан айналымы және т.б.) келгенде алмастырылмайды.
Медициналық силикон резеңке қоспасының артықшылықтары:

  • жоғары температура жағдайлары (-60С-тан + 300С-қа дейінгі температура айырмашылығына төтеп береді, бұл өнімдерді пеште ыдыстарды пісіру кезінде пайдалануға мүмкіндік береді);

  • пероксидті вулканизацияланған каучуктармен салыстырғанда жақсартылған физикалық-механикалық қасиеттері бар;

  • химиялық төзімділік (силиконды тағамдық резеңке биологиялық ерітінділерге, тұз ерітінділеріне, қайнаған суға, спирттерге, фенолдарға, әлсіз қышқылдарға, сілтілерге, кейбір еріткіштерге төзімді);

  • қалыпты күйде де, күшті қыздыру кезінде де улы заттардың бөлінуі болмайды;

  • ұзақ қызмет ету мерзімі, тіпті қайнаған суда жиі зарарсыздандыру.

28. Антибиотиктер туралы жалпы мәліметтер. Жіктелуі, алынуы.
Антибиотиктер (гр. autі — қарсы және гр. bіos — тіршілік) — микроорганизмдердің өсуін, көбеюін тежейтін немесе тоқтататын микробтар, өсімдіктер мен жануарлар клеткасынан алынатын органикалық зат; микроағзалармен жоғары өсімдіктермен және жануарлармен микроағзаларды және ісік жасушаларының дамуын басатын және жоятын заттар. 
Антибиотиктер микробтар мен кейбір қатерлі ісікке әсер етіп, олардың дамуын тежейді немесе жойып жібереді. Антибиотиктердің пайда болуы микробтар дүниесінде кездесетін бір-біріне қарама-қарсылық әрекетіне негізделген.
Антибиотиктер туралы ғылымның негізін қалап, алғаш көгерткіш саңырауқұлақтан пенициллин алған (1929) ағылшын ғалымы А.Флеминг болды.
Антибиотиктер – микроорганизмдердің тіршілігін тежейтін немесе оларды
жойып жіберетін қабілеті бар әр түрлі организмдер: саңырауқұлақтар,
бактериялар, актиномицеттер, жануарлар мен өсімдіктер түзетін заттар.
Антибиотиктер микробтар дүниесіндегі олардың бір тобының екінші бір тобына қарама – қарсылық әрекетіне негізделген. Микробтар өз тобынан өзге топтарға қарсы болғанымен, өз тобындыларға зиянсыз заттар бөліп шығарады. Әрбір антибиотик тек ауру қоздырғыш микроорганизмдердің белгілі бір тобына ғана жойқын әсер етеді.
Шығу тегі бойынша антибиотиктердің жіктелуі:

  • табиғи ( өсімдіктер мен жануарлар тіндерінен пайда болады)

  • жартылай синтетикалық ( табиғи молекула модификациясы арқылы алады)

  • синтетикалық (жасанды түрде өндіріледі)

Әсер ету бағыты бойынша антибиотиктердің жіктелуі:

  • антибактериальды (ішек және нейрохирургиялық инфекция, тыныс және зәр шығару жолдарының инфекциялары кезінде, эндокардит, менингит)

  • саңырауқұлаққа қарсы (тері инфекциялары, ауыз және жұтқыншақинфекциялары, микоз)

  • ісікке қарсы ( онкологиялық аурулар мен қатесіз ісіктер үшін қолданылады)

Уақыт өте микроорганизмдер антибиотиктер әсеріне тұрақты болады, оны резистенттілік деп атады. резистенттілік туындау механизмі - генетикалық мутация. резистенттілік себептері:

  • шектен тыс антибиотиктерді пайдалану

  • кейбір елдерде антибиотиктерді рецептсіз сату

  • антибиотиктерді малдың тағамына және жуғыш заттарға қосу

29. Амина қышқылдарының өндірісі. Жіктелуі, негізі қасиеттері. Медицинада қолданылуы.


Амин қышқылдары деп – карбон қышқылының молекуласындағы көмірсутегідегі сутегінің орнын амин тобы басқан органикалық қосылыстарды айтады.
Амин қышқылдарының физиологиялық маңызы өте зор, өйткені олардың қалдықтарынан ақуыздар құрылады және олардан ферменттер, витаминдер, гормондар түзіледі. Амин қышқылдарын көбінесе тривиалды (шығу тегі бойынша) атаумен айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет