ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІ
КАЗАХСКОЕ ЯЗЫКОЗНАНИЕ
ƏОЖ 811.512.122:81`38.
Х.М.Нұрмұқанов, Қ.Ж.Балапанова
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
Х.ЕСЕНЖАНОВТЫҢ «АҚ ЖАЙЫҚ» ТРИЛОГИЯСЫНДАҒЫ ТЕҢЕУЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ,
СЕМАНТИКА-СТИЛИСТИКАЛЫҚ СИПАТЫ
Статья посвящена структурному и семантико-стилистическому анализу сравнений в трило-
гии Х.Есенжанова «Ак Жайык». Характеризуются такие виды сравнений, как метафора,
эпитет, гипербола, литота.
The article is devoted to the structural and semantic-stylistic analysis of comparisons in H.Esen-
zhanov's trilogy «Ak Zhaiyk». Such kinds of comparisons, as a metaphor, an epithet, a hyperbole, a li-
tota are characterized in the article.
Өзге де көркем тəсілдер сияқты, теңеудің де негізгі қызметі — жарыққа шығарылатын ойды өз-
геге бейнелі, суретті жеткізу. Ал бейнелілік, суреттілік табиғаты жайында академик-жазушы З.Қабдо-
лов: «Əр сөздің түп-төркіні — зат, сурет, образ… Потебня айтқандай, сөздің бір кезде өзінің бейнелі
«қалпын бастан кешіргені» даусыз. Мысалы, тастау деген сөз тасқа байланысты қимылдан, тонау
тонға байланысты əрекеттен… бүйрек бүйірге байланысты суреттен шыққан əр сөз өзара қатар түзеп,
тіркес құрғанда, бір түрлі бір қиял жетпес қызық айнаға айналып, оның бетіне ақиқат шындықтың өз-
геше айшық-өрнегі, сурет-сəулесі түседі. Образдылық осылай пайда болады», — деп пайымдайды
1
.
Біз бұл мақаламызда көркем сөз шебері Х.Есенжановтың осындай сипатқа ие құдіретті қалай
пайдаланғанына, онымен қандай келісті өрнектер түзгеніне жасаған барлауымызда аңғарғандарымыз
туралы баяндамақпыз.
Профессор Т.Қоңыров өзінің «Қазақ теңеулері» атты еңбегінде теңеудің семантика-стилистика-
лық мəнін айқындайтын амалдардың ең негізгілерін атап көрсетеді. Олар: метафоралық, эпитеттік,
синекдохалық, гиперболалық, литоталық теңеулер
2
. Амалдар деп отырғанымыз теңеудің семантика-
стилистикалық топтарымен келіп ұштасады. Бұл топтар теңеудің семантика-стилистикалық мəнін
аша түсетін нəрселер болып табылады. Профессор Т.Қоңыров атап өткендей, əр теңеудің өзінің
стильдік жүгі мен көркемдік мұраты түрлі-түрлі амалдар арқылы жүзеге асырылады. Осы топтағы те-
ңеулер көркемдеу тəсілдерінің басқаларымен ұштаса, сабақтаса келіп, солармен жымдаса, араласа,
қорытыла келіп, жаңа тұрпаттағы образ жасайды. Бұған тірек болатын нəрсе — теңеулік образ. Бұл өз
кезегінде бірде метафоралық, бірде эпитеттік қызмет, енді бірде метонимиялық немесе синекдохалық
қызмет атқарады да, соның нəтижесінде теңеу бейнелі сипатқа ие болып, көркемдік бояуы құлпыра
түседі. Бұлай болмаған күнде, біздіңше, теңеу бейнелілік, көркемдік сипатынан айрылып, жай теңеу-
лік конструкция ретінде ғана ұғынылады.
Енді Қоңыровтың айтқанын дəлелдей түсу үшін жоғарыдағы топтарды жеке-жеке қарастырып
өтейік.
1. Метафоралық теңеулер
Алдымен метафора дегеніміз не? «Қазақ тілінің стилистикасы» кітабында оған: «Метафораның
ең басты стильдік ерекшелігі — бейнелілігі, ойды бейнелі түрде жеткізетіндігі. Ол сондықтан да көр-
кем əдебиет стилінде жиі қолданылады. Əрбір жазушы образ жасауда осы метафоралық сөз қолдану
тəсіліне көбірек барады. Метафора əрбір ақын, жазушының сөз қолдану қабілетімен, жеке өзінің ғана
шеберлігімен тығыз байланысты», — деген анықтама беріледі
3
.
58
Метафоралық теңеулердің жасалу жолы — жалпыға мəлім ауыс мағына. Мысалдар келтірейік:
1. Бұлардың атты казак солдаттары екенін Əмір бірден аңғарып, ілкі сəтте жүрегі аттай тулап
кетті (2-т., 333-б.). 2. Қасында Сороканың қара қабанындай қорсылдап хорунжий отыр (2-т., 43-б.).
3. Тап осы тұрған жерде біреуін мылтықпенен басып салсам, онда ана басқалары дүрліккен иттей бү-
кіл деревняні басына көтереді (2-т., 39-б.).
Бұлардағы метафоралық теңеулер: аттай тулады, қара қабандай, дүрліккен иттей. Айта ке-
тейік, бұлар, бір жағынан, тұрақты теңеулер. Мысалдағы жүрегі аттай тулап кетті метафоралық
теңеуін талдайтын болсақ, Ол келтірінді мағынада қолданылған. Мұнда жүректің қатты дүрсілдеп со-
ғуы аттың тулауына ұқсатылады. Ал шындығында, жүректің ешқашан аттай туламайтыны белгілі.
Метафоралық теңеулер көбінесе адамның жан дүниесін, іс-əрекетін суреттеуде көптеп қолданылаты-
ны байқалады.
Қара қабанындай қорсылдап хорунжий отыр деген метафоралық теңеудің шошқа, қабандарға
байланысты қолданылатыны белгілі. Ал жоғарыдағы теңеуде бұл адам əрекетін бейнелеуге қолда-
нылған, яғни надан хорунжий қабанның осы белгісімен сипатталып отыр. Оның жиіркенішті бейнесі,
топастығы, айуандық іс-əрекеті дəл бейнеленіп тұр. Демек, надан хорунжийдің қара қабанша қорсыл-
дауынан оның ақ пен қараны, жақсы мен жаманды ажырата алмайтын айуандығы айқын аңғарылады.
Метафоралық теңеулерде белгінің ауыс мағынада қолданылуы нəтижесінде жалпы мағына өткірле-
ніп, образ айқындық ажарланып, құлпырыс табады.
2. Эпитеттік теңеулер
Бұлардың метафоралық теңеулерден негізгі айырмашылығы — көркем анықтауыш ретінде қол-
данылатындығы. Мысалы: 1. Ешбір қарсылықсыз, илеген терідей, қолға жұп-жұмсақ тиген еңгезер-
дей казакты Иван, тұрып кететіндей, жерге етпетінен салып тіземен түйгіштей түсті (2-т., 24-б.).
2. Үріккен қойдай шоғырын жазбай шапқан үш солдат бөлек кетті де, көк аттың үстіндегі Абылаев
пен қасқа айғырлы Бақы бір бөлек кетті (2-т., 344-б.). 3. Қақпадан ішке қарай жалаңаш балтыры
қайың қазықтай, өзі аппақ, өзі тіп-тік аяғын жерге қадап басып, тəкаппар кеуделі, шошақ мұрынды
таразы бір аққұба қыз кіріп келе жатты (3-т., 81-б.).
Жоғарыдағы эпитеттік теңеулердің барлығы да суреттеліп отырған заттар мен құбылыстардың
бейнелі мүсіні, көркем портреті болып табылады. Метафоралық теңеулерде адамның іс-əрекеті дина-
микасы сезім тілімен суреттеліп, олардың психологиялық болмысы ашылса, ал эпитеттік теңеулерде
адамның көру, қабылдау қабілетіне ерекше əсер етіп, детальдар, портреттік сипаттамалар тартымды
суретке айналады. Мəселен, жалаңаш балтырдың қайың қазықтай эпитеттік теңеуімен суреттелуі —
авторлық соны сипаттама.
3. Гиперболалық теңеулер
Гипербола ойды бейнелеп суреттеу үшін қолданылатын стилистикалық фигуралардың бірі бо-
лып табылатыны мəлім. Бұл дүниедегі заттар мен құбылыстардың шындық өмірдегі мөлшерін барын-
ша өсіріп, үлкейтіп көрсету арқылы суреттелмек оқиғаны бейнелі етіп көрсетеді. Мысалы: 1. Бірақ
қара жіппен құлағына асып қойған үлкен шеңберлі пенснесі, шоқпардай мұрны, сақал, мұртын қыр-
ған ат жақты беті екінші бөлменің нақ төрінде отырған орны — тап Меңдікерейдің түсіндіргеніндей
болғансын ғана оған қағазын ұсынған (2-т., 281-б.). 2. Пішен болған жерде соны болатыны мəлім
емес пе, айғырдай бір сарқасқа сона сол қолдағы торы аттың қарақұсша шүйіліп, жұқа шабының ас-
тына бір кіріп, бір шығып, қайта шүйіліп, қайтадан сүңгіп, маза бермей-ақ қойды (2-т., 243-б.). 3. Бір
заман су бетінде бала көрінді, аздан кейін баланы көтерген Тойекеңнің бақандай-бақандай қолдары
да көрінеді, бірақ өзі жоқ (1-т., 195-б.). 4. Түксиген қырма сақалы да қара, беті де қара, əрі томардай
қолдары жуан (3-т., 285-б.). 5. Ушығып келісаптай болып кеткен білек бүгін аздап ісігі қайтып қа-
лыпты (2-т., 268-б.).
Мысалдардағы шоқпардай мұрны, айғырдай бір сарқасқа сона, бақандай-бақандай қолдары, то-
мардай қолдары, келісаптай білегі деген гиперболалық теңеулер адам портретін жасауға арналған.
Мұндағы теңеулердің барлығы көру қабілетіне негізделіп, адам дене мүшелерінің ерекше бір əсер ту-
ғызатын өрнекті суреттері жасалған. Мəселен, мұрынның шоқпардай, қолдардың бақандай-бақандай,
білектің келісаптай т.с.с. болуы — шындық өмірде кездеспейтін құбылыс. Бұлар жай асыра сілтелген
суреттер емес, олар мейлінше бейнелі, көркемдік заңдылыққа бағындырылған ажарлы суреттер.
Гиперболалық теңеулер сонымен қатар тек адамдарды суреттеу ғана емес, басқа да заттарды
бейнелеу үшін кеңінен қолданылады. Солардың бірі — жан-жануарлар мен шыбын-шіркейлер. Шын-
дық өмірде айғырдай бір сарқасқа сонаның кездеспейтіні мəлім. Солай бола тұра аталмыш сона ора-
59
сан зор келбетке ие болып кеткен. Өйткені бұларды былайша суреттеу шығарманың образдылық,
көркемдік мақсатына бағындырылған. Гиперболалық теңеулер де қазақ теңеулер жүйесінен мол орын
алатын теңеулер тобы болып табылады. Гиперболалық əдіс — теңеудің көркемдік сапасын арттыру,
образдылық қасиетін жақсарту. Мұндай теңеулерде гиперболалық жəне теңеулік мағына жымдаса бі-
рігіп, бір бүтін сурет жасауға қатысады.
4. Литоталық теңеулер
Литота — гиперболаға қарама-қарсы стильдік фигура. Ол суреттелетін зат пен құбылыстың бір
белгісін мейлінше кішірейтіп көрсетеді де, сол арқылы бейнелі ойға, көркем өрнекке құрылған сурет-
тер жасайды. Литотаның бұл қасиеті литоталық теңеулерде де сол қалпында сақталып, теңеулік бей-
нені мейлінше ажарландыра түседі. Мысалы: 1. Қурай ұстаған кішкене Қали шыжымдап шыққан əл-
сіз түтіні бар түймедей мұржалы кепеге жақындап қалған екен (3-т., 34-б.). 2. Бас-аяғы он адам сыяр-
лық шошайған гауптвахтаның бір қозы оқшау бөлмесінде екі күн ессіз жатты (3-т., 127-б.). 3. Жолда-
ғы түскен үйдің қатыны да бір көгермегір екен, көздей тостағанмен жас саумалдан ауыз тигізді де
қойды (2-т., 261-б.). 4. Ең құдай иді дегенде қасық басындай қос берендік нан мен бір алақан май
(2-т., 262-б.).
Бұл литоталық теңеулердің көркемдігі, бейнелілігі, əсерлілігі жағынан гиперболалық теңеулер-
ден айырмасы жоқ. Олардың бір-бірінен өзгешелігі бірі барынша үлкейтіп, зорайтып суреттесе, екін-
шісі мейлінше кішірейтіп, ұсақтап бейнелейді. Бұлардан туатын эмоционалды-экспрессивті əсер бір-
дей. Екеуі де əсірелеп суреттеудің ұтымды тəсілдері болып табылады.
Сонымен, қорытындылай келе, автор шығармасында көркемдегіш тəсілдерді орынды қолдана
білген. Шығармадағы теңеулердің құрылымдық, семантика-стилистикалық сипаты туралы бұрын сөз
етілмеген.
Əдебиеттер тізімі
1. Қабдолов З. Əдебиет теориясының негіздері. — Алматы, 1970. — 19-б.
2. Қоңыров Т. Қазақ теңеулері. — Алматы: Мектеп, 1978. — 18-б.
3. Балақаев М., Томанов М., Жанпейсов Е., Манасбаев Б. Қазақ тілінің стилистикасы. — Алматы, 1974. — 85-б.
С.И.Жапақов, С.Х.Жұбанова
Қазақ ұлттық аграрлық университеті, Алматы
«АЯЛЫҚ БIЛIМ» ЖӨНIНДЕ ҰҒЫМДАР МЕН ПАЙЫМДАУЛАР
Авторы статьи рассматривают проблему «фоновых знаний» в современном языкознании.
Останавливаются на познавательной, культурной, исторической функциях языка, раскрыва-
ют методы изучения фоновых знаний, дают их определение на казахском языке.
The authors of the article examine the problem of «background knowledge» in the modern linguistics,
stop on cognitive, cultural, historical functions of language, open methods of studying of background
knowledge, give their definition on Kazakh language.
«Аялық білім» деген күрделі ұғым бірте-бірте қазіргі лингвистиканың зерттеу объектісіне айна-
лып келеді. «Білім аясы» деген объективті құбылыстың бар екенін зерттеушілердің көбі дерлік
мойындайды. Бұл құбылыс ХХ ғ. соңғы он жылдықтарында лингвистиканың зерттеу объектісіне ай-
нала бастады. Аялық білімнің түп мəні белгілі бір халықтың тұрмыс-тіршілігі, шаруашылығы, мəде-
ниеті мен тарихы жайында түсінігі жоқ адам сол этностың тілін білгенімен де «түсіне» алмайды де-
генге саяды. Тілді «білу» бар да, «түсіну» бар.
«Тілді білу» лингвистикалық компетенцияға жатады. Аялық білімге танымдық дүниелер, атап
айтқанда, мифология, діни фольклор, ертегі, ауызша, жазбаша əдеби үлгілер, діни шығармалар мен
бұрынғы жəне қазіргі классикалық шығармалардағы əлеуметтік мəдени сипаты бар құндылықтар,
60
сондай-ақ аса маңызды тарихи оқиғалар мен тарихи тұлғалар т.б. жатады. Түптеп келгенде, мəтінді
тілдік тұрғыдан білу жеткіліксіз, оның дəуірін, айналасын, уақиғаның болған жерін, денотаттар əле-
мін, яғни əлеуметтік мəдени контексті, білу мəтінді тереңірек тануға септігін тигізеді. Мұндай ақпа-
рат мəтін түзушіге де, мəтін қабылдаушыға да ортақ болған жағдайда мəтіндегі кодтың жүйесі əлде-
қайда жақсы ашылады. Аялық білім лингвистикалық я болмаса филологиялық мəнділік пе, аялық бі-
лім тілдік экспликациясы арқылы жүзеге аса ма, əлде импликация түрінде беріле ме? Біз бұл жерде
шешімі даулы көрінетін аса күрделі проблеманың мұндай қырларына тоқталып жатпаймыз. Аялық бі-
лімді əлеуметтік мəдени мəндегі ұжымдық білім деп түсінеміз.
Тілдік ұжым мүшелерінің бір-бірімен тілдік қарым-қатынас жасауында коммуниканттардың тіл-
ді білуі «жеткілікті» болып шықпайтыны, коммуникация үшін тағы да бір «белгісіз» құбылыстың бар
екені айқындала бастады. Антуан Мейе халықтың тарихы мен мəдениетін білмей, тілін түсінуге бол-
майтынына назар аударса, Эдуард Сепир тілді сол тілді тұтынушы өзімен тығыз байланыста қарау ке-
ректігіне көңіл бөледі, ал Хауген қостілдік жағдайында тілдік акцент болатыны сияқты адамдар ара-
сындағы əдеп моделінде де мəдени «акцент» болатынын еске салады. Қазақ тіл білімінің тарихында
тілден тысқары құбылыстардың тілдік қарым-қатынасқа əсері А.Байтұрсынұлының, Қ.Жұбановтың
зерттеулерінде де бар.
Сөйтіп, тілдік қарым-қатынасқа, я болмаса белгілі бір мəтін түзуде немесе мəтiн қабылдауда
ерекше бiр феноменнiң бар екенi айқындала бастады. Бұл мəселе ең алдымен тiлдiң кумулятивтiк де-
ген iргелi теориялық ұғымның лингвистика ғылымында iрге тебуiне мықтап əсер еттi. Тiлдiң аса ма-
ңызды танымдық, мəдени, тарихи, тəжiрибелiк т.б. құндылықтарды жинақтауын бiз оның кумулятив-
тiк қызметi деп бiлемiз. Тiлдiң кумулятивтiк қызметiнен туындайтын нəтиже қазiргi немiс, ағылшын
лингвистикасында бұл ұғым сол тiлдiң сөзiмен аталады (фоновое знание). Қазақ лингвистикасында
бұл ұғым Н.Уəлиұлының ұсынысымен жəне оның ғылыми жетекшiлiгiмен қорғалған диссертациялар-
да аялық бiлiм деген терминмен атала бастады. Тiлдiң қоғамдық өмiрдегi аса маңызды ақпараттарды
жинақтаушы, саралаушы, сақтаушы, оларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткiзушi қызметiн ешкiм жоққа шы-
ғармайды. Бiрақ мəселенiң теориялық, ғылыми принциптерi жағына келгенде қазiргi лингвистикада
шешiлмеген өзектi проблемалар көп. Солардың негiзгiлерi аялық бiлiм лингвистикалық мəндiлiк пе
əлде жалпы филологиялық құбылыс па? Егер когнитология индивидтiң, тiлдiк ұжымның санасында-
ғы «бiлiмдер жүйесi» дейтiн принциптi мойындасақ, аялық бiлiмнiң когнитивтiк құрылымындағы ор-
ны қандай болмақ? Аялық бiлiмдi тiлдiң теориялық моделiнде қалай көрсетуге болады. Аялық бiлiм
тiлдiк бiрлiктерде (лексика, фразеологияда) «өмiр сүре» ме əлде мəтiнде «өмiр сүре» ме?
Сондай-ақ аялық бiлiм тiлдiк экспликация емес, импликация түрiнде жүзеге асады деген пiкiрдi
ұстанамыз. Яғни, басқаша айтқанда, «айтылған сөзде» айтылмаған мəн (смысл) жатады. Айтылған
сөздiң мағыналық өрiсiнен тысқары жатқан «кеңiстiктi» аялық бiлiм деп ұғамыз. Эпикалық шығарма-
лардың белгiлi бiр үзiгiн алып қарасақ, осындай семантикалық кеңiстiктi сезiнемiз.
Бұл жерде бiз жоғарыда аталған ғылыми теориялық мəселелердi талдауға арнайы тоқталмаймыз.
Лингвистика теориясында бұл мəселелердi арнайы тереңдете қарастырып жатқан зерттеулер аз емес.
Бiз өз мақаламызда лексика-фразеологиялық бiрлiктердiң эксплициттi мағыналарынан басқа, яғни
вербалды мағыналарынан басқа, бейвербалды компоненттер болады жəне вербалды, бейвербалды
компоненттер когнитивтiк сана-сезiмнiң құрамына кiредi деген теориялық принциптi ұстанамыз. Бұл
ғылыми принцип В.Г.Костомаров, Е.М.Верещагиндердiң концепциясына негiзделген континистика-
лық теория деп аталады. Континистикалық теория бойынша тiлдiң лексика-фразеологиялық бiрлiкте-
рi əлеуметтiк қоғамдық мəнi бар бiлiмдердi «тiркеушi» жəне «сақтаушы» болып табылады. Дегенмен
континистикалық теорияны сынайтын көзқарастың да бар екенiне қарамастан, бұл теориялық негiздi
ұстануымыздың себебі, бiрiншiден, байырғы мұралар тiлiндегi лексика-фразеологиялық бiрлiктердi
ұжымдық бiлiм «қоймасы» ретiнде когнитивтiк тұрғыдан қарастыруға өте қолайлы. Өйткенi «фразео-
логиялық бiрлiктердiң iшкi құрылымы этнос болмысына қатысты бағалы мағлұматтар мен құнды де-
ректердi өз бойында сақтай алатындығымен мəндi»
1
. Екiншiден, қазақ тiл бiлiмiнде лексика-фразео-
логиялық бiрлiктердi бiлiм «қоймасы» ретiнде арнайы қарастыратын азды-көптi зерттеулер де жоқ
емес.
Тiлдiк таңбалар арқылы кодқа салынған танымдық ақпарат кейбiр тiлдiк бiрлiктерде айқын көрi-
нiп тұрады. Ал кейбiр таңбадағы танымдық ақпаратқа кодты арнайы ашқанда ғана қол жеткiзуге бо-
лады. Семiздiң аяғы — сегiз, қара тұяқ т.б. фразеологизмдердiң iшкi формасы ашылғанда ғана, мəде-
ни ақпарат алуға болады. Фразеологиялық мағынаға архитиптiк мағына, еркiн тiркестiк мағына негiз
болады. Олардан туындайтын мағына деривативтiк (фразеологиялық) мағына болып табылады.
61
Кодқа салынған мəндiлiктер жүйесiнде аялық бiлiмге қатысты ақпараттар ерекше орын алады.
Мұндай кодты ашу, талдау, салыстыру басқа да мəтiндерден контекст iздеу арқылы жүзеге асады. Қа-
зақ тiл бiлiмiнде екi түрлi əдiс қалыптасқан тəрiздi: 1) фразеологиялық бiрлiктердiң тасаланған «iшкi
формасын» ашу арқылы ақпараттар алу əдiсi; 2) «контекст iздеу» əдiсi арқылы ақпараттар алу. Акаде-
мик Ə.Қайдаров, профессор Е.Жанпейiсов, С.Сəтенова т.б зерттеушiлер фразеологиялық бiрлiктердiң
тасаланған iшкi формасын ашу əдiсiн сəттi қолданады. Мəселен, Ə.Қайдаров «Тысяча метких и образ-
ных выражений»
2
атты сөздiгiнде iшкi формасы тасаланған фразеологиялық бiрлiктердiң кодқа са-
лынған мəдени-танымдық мазмұнын былайша ашады: Қайда барса да — Қорқыттың көрi = «Куда
бы ни шел — всюду могила Коркута».
Поговорочный фразеологизм связан с именем Коркыта, или Қорқыт Ата («Коркут, или дедушка
Коркут»), одного из легендарных предков тюркских народов, считающегося «мудрым патриархом,
вещим певцом и прорицателем» (В.В.Жирмунский, «Книга моего деда Коркута». — М.-Л., 1962.).
Фразеологизм-поговорка возник на основе бытующей легенды о Коркуте, который якобы боролся за
человеческое бессмертие. Несмотря на то, что смерть всюду готовила ему могилу, он чудесным обра-
зом избегал ее и прожил по легенде 295 лет, увековечив тем самым свое имя. В одних легендах (у
А.Радлова) его как святого обожествляли казахские бахши, в других (у А.Машанова) он считается
современником аль Фараби, его ровесником и т.д. Фразеологизм-поговорка в казахском языке упот-
ребляется в переносном смысле тогда, когда человеку необходимо выразить свое недовольство, воз-
мущение по поводу того, что всюду его одинаково подстерегают неприятности, разочарования, нера-
достные вести или события. Фразеологизм вводится в предложение в основном без структурных из-
менений при помощи соединительной словоформы дегендей.
Атымтайдай жомарт
≅
«символ щедрости». Фразеологизм (досл. «щедрый как Хатым из пле-
мени тай») является калькированным переводом из арабского языка, в котором «Хатым» и «Тай»
превращены в одно слитное имя — Атымтай (в казахском звучании), а жомарт — «щедрый» — в
устойчивое определение этого щедрого, доброго человека в арабском мире. Это же сочетание стало
символом щедрости в арабском мире. Это же сочетание стало символом щедрости всех подобных
Атымтаю людей и в казахском обществе. Пример: Ақылсыздың еш сөзi мақал болмас. Атымтайдай
жомартпын десе-дағы (ІТФС, 62). — «Никогда слова глупца не станут крылатыми, если даже себя
он назовет щедрым Хатымом из племени Тай».
Фразеологиялық бiрлiктердiң тасаланған iшкi формасын арнайы саралау, талдау арқылы ашу,
ондағы бiр кезде кодқа салынған əртүрлi ақпараттарды алуға мүмкiндiк бередi. Профессор Е.Жан-
пейiсов сай күлүк, қулық бие фраза тiркестерiнiң iшкi формасын этимология жасау арқылы былайша
ашады: «Кулуг — герой, богатырь; по отношению к лошади — отборный конь. Ср.: каз. кулук таi —
«молодой жеребенок», бiд кулук кулындады — «кобыла первый раз ожеребилась» (РСл, II, С. 979).
Подобные сочетания употребляет в своих произведениях и М.Ауэзов: Биыл қулық құлындайтын
едi — «В этом году должно была ожеребиться в первый раз»; Қулық тор биенiң қасына «Рядом с ко-
былой, которая должна ожеребиться в первый раз». Семасеологически ближе к данной форме каз. қу-
лықты, кирг. қолукту «невеста, молодая жена молодого мужа» (Юсл, С. 399). М.Ауезов в своей пьесе
«Қара қыпшақ Қобыланды» эту лексему употребляет именно в значении «молодая жена, невеста, воз-
любленная»: Аңсағаны жалындап Қулықтысы Қортқа едi»; Қылдай белi бұралған, Талшыбықтай
оралған Қулықтысы Қортқасын Қарқ қызыққа кенелт дейд».
Учитывая, что сай ~ саi в турецком, туркменском, киргизском и некоторых других тюркских
языках выражает значение здоровый, честный, сильный выдающийся, знаменитый, можно было бы
квалифицировать сəй ~ сай в каз. сəйгүлiк / сайгүлiк, кирг. сай күлүк, сай тулпар, сай будан как
тюркское слово. Но в тюркологии известны данные, говорящие не в пользу этого предположения. Ис-
ходя из сказанного, нетрудно возвести сəй/сай в сложном слове сəйгүлiк / сайгүлiк / сайкүлүк, сай
тулпар, сайбудан к китайскому цзи. Китаизмы в них являются, как правило, первыми из слагаемых
компонентов и выступают, как и маньчжурские компоненты, чаще всего в сокрашенном виде…
маньч. гилуқ морин «аргамак», гилуқ< кит. цзи «скакун» + маньч. [ку]лук «выносливый конь».
Второй компонент — күлүк в казахском языке употребляется вне связи с сəй / сай, т.е самостоя-
тельно: Арам дауға келгенде Жел жетпейтiн күлүк бол (Дулат) — доcл. «В своих нечестных поступ-
ках превращается в скакуна, которого не в силах догнать ветер»; Астында көп жүгiрер күлiк бар
(Шалкиiз) — «Он ехал на скакуне, способном преодолеть далекое расстояние»
3
.
Бұл этимологиялық талдауды тек «жалаң» этимология деп түсiнбеу керек. Мұндай талдау, бiр
жағынан, өз кезiндегi мəдени қоғамдастық кодқа салған қазiргi кездегi тiлдiк ұжым үшiн «жабық»
қалған мəдени ақпараттарды ашу болып табылады. Фразеологизмдердiң iшкi формасын ашуды, бiр
62
есептен, этимологиясын ашу деп түсiнемiз. Алайда К2К2 типiндегi фразеологизмдердiң тасаланған
iшкi формасын ашу, этимология жасауға қоса байырғы кездегi тiлдiк қоғамдастыққа тəн лингвомəде-
ни ақпарат алу дегенге де саяды. Фразеологизмнiң тасаланған iшкi формасында мəдени ұлттық сте-
реотиптер, мифологиялық, позитивтi-логикалық танымның iздерi жатады.
Сондай-ақ С.Сəтенованың зерттеулерiнде фразеологиялық бiрлiктiң кодқа салынған интеллекту-
алдық ақпараттар жүйесi былайша ашылған: Аузын үрiп, аяғын сырып, табанын қырып пісiру деген
тұрақты тiркес жаңа туған төлге немесе балаға қатысты айтылады. Кейде төл өзiнiң енесiнен тонымен
бiрге туылады. Ол кезде енесi тонды тiстерiмен қиып, оның iшiндегi төлдi шығарады. Сонан соң төл-
дiң тынысы тарылып қалмас үшiн аузына үрлеп ауа жiбередi. Бұл əсiресе «Қобыланды батыр» жы-
рында қыз Қортқаны жаңа туған төлдi қалай құтқарып алғандығын суреттеуде жақсы көрiнедi. Бұл
тұрақты тiркестiк коннотативтiк мағынасы: баланы тəрбиелеудегi ата-ананың балаға деген қамқорлы-
ғын немесе малға деген қарым-қатынасты бiлдiредi.
Қара тұяқ болу. Жаңа туған қозының тұяғы жұмсақ, əрi ақ түстi болады. Уақыт өте келе ол қа-
тайып мықты болады жəне бiрте-бiрте қара түске ене бастайды. Осылай жас төлдi дене мүшелерi бе-
кiп, қоршаған ортаға бейімделеді. Осы белгiлер негiзiнде адамдарға қатысты «қалыптасу», «белгiлi
бiр кезеңдiк мақсатқа жету» т.б деген ассоциативтi мағына қалыптасады. Бұл тұрақты тiркес жаңа ту-
ған қозыға қатысты аялық бiлiмнiң негiзiнде жасалған
4
.
Ш.Сейiтова «Өсiмдiкке байланысты тұрақты тiркестердiң этнолингвистикалық сипаттамасы» ат-
ты зерттеуiнде К1К2, К2К2 типiндегi: Шашыратқы беру, бетiн шиедей қылды, жалбызды жерде
жан қалар, сабан салып жiберу, дəрмен дару, қылша мойным талша, күшала жеген иттей т.б. фито-
нимдiк фразеологизмдердiң iшкi формасын ашу арқылы алынған едəуiр лингвомəдени ақпараттарды
көрсеткен
5
. Мысалы, жалбыз сөзiнiң қатысуымен жасалған тұрақты тiркестердi: жылан жалбыздан
қашады, жалбыз аузын ашады; көлден кетсе, жалбыз мұң, елден кетсе, жалғыз мұң»; жалбызды
жерде жан қалар; айналайын, жалбызым, қасиетiңдi бiлгенде, өлмес едi жалғызым; тауға бiткен
аңдызым, суға бiткен жалбызым т.б. деп көрсетедi. Бұл тұрақты тiркестердiң қалыптасуына жалбыз
өсiмдiгiнiң ерекшелiгi, яғни өзiне тəн иiсi болатындығы, сулы жерде өсетiндiгi жəне оның емдiк қа-
сиетi, тiрек болып тұр. Айналайын, жалбызым, қасиетiңдi бiлгенде, өлмес едi жалғызым тiркесiнде
жалбыздың емдiк қасиетiн кейiнiрек, баласы шетiнеп кеткесiн барып байқаған адамның өкiнiшi жа-
тыр.....Мысалы, ыстығы көтерiлiп, демiн əрең алып жатқан жас баланы су бойынан əзiрде жұлынып
əкелiнген жалбызға бiрнеше сағатқа орап тастаса, ыстығы қайтады. Ылғалды жерде өсетiн өсiмдiк
адам бойындағы ыстықты тартып алатынын ата-бабамыз ерте уақыттан бiлген. Ата-мекенiнен жырақ-
та қайтыс болған адамды ата қонысына əкелу кезiнде күн ыстық, жер шалғай болса, мəйiттi қалың
етiп жалбызға ораған. Осылай етiп əкелiнген мəйiт əлденеше күн ыстықта жолда болса да тиiстi жерi-
не бұзылмай, иiстенбей жеткен. Осылай жалбыздың ғана емес көптеген өсiмдiктердiң де бойына тəн
қасиеттерiнiң барлығын саралап, өз өмiрiнде пайдалана бiлген халықтың өз тiлiмен бiрге туып, бiте
қайнасқан бiртұтас дүние екендiгi осы орайда айқын көрiнедi»
5
. Фразеологиялық бiрлiктердегi кодқа
салынған мұндай ақпараттар байырғы тiлдiк қоғамдастықтың ұжымдық тəжiрибесiнен мол ақпарат
бередi.
Контекст iздеу арқылы кодқа салынған ақпараттарды ашу əдiсiн профессор Р.Сыздық жəне
Н.Уəлиев сəттi қолданған. Керiктi қалмақ батырлары мiнетiнiн, қазанатқа қарама-қарсы антонимдiк
мағынада жұмсалатыны тəрiздi ақпараттарды Р.Сыздықова контекст iздеу тəсiлi арқылы көрсетедi.
Күдерi белбеу, күдерiден басу тағып, ерулiге қарулы, ала балта, байсал табу, күн жайлату, астана
жұрт деген фразеологиялық бiрлiктерде кодқа салынған мəдени ақпараттарды Р.Сыздықова кон-
текст iздеу тəсiлi бойынша ала бiлген
6
.
Лексикалық, фразеологиялық бiрлiктерде кодқа салынған ақпараттарды (аялық бiлiмдi) анықтауда
«лұғат құру» (тезаурус құру) əдiсi де қолданылады. Сол əдiстi қолдану арқылы жазған мақаласында
Н.Уəлиев қамшы лексемасын түпқазық етiп ала отырып, оған қатысты байырғы тiлдiк ұжымның когни-
тивтiк санасындағы эпикалық ұстанымды, эстетикалық талғамды, мифологиялық, эмпирикалық пайым-
дарын объективтендiретiн əртүрлi лексика-фразеологиялық бiрлiктердi жүйелеп көрсетедi. Қамшы —
өте көне заманнан берi қолданылып келе жатқан құрал. Сондықтан қамшы төңiрегiнде айтылатын
əртүрлi əдет-ғұрып, салттық ерекшелiктер (мысалы, «қамшы тастар» тəрiздi) жиi кездесiп отырған.
Сондай-ақ ертеректе «үйге қамшыны бүктеп алып кiру» əдептiлiктi байқатады деп есептеген
7
.
Бұлардың iшiнде қоғамдық сананың позитивтi логикалық, ғылыми логикалық түрi басым болған
сайын мифологиялық ойлаумен байланысты түрлерi көмескi тарта бастайды. Бұлай тек бейақиқат дү-
ниеге, яғни мифологиялық санаға ғана, байланысты емес, ақиқат дүниенiң ой-санада бейнеленуiнде
де болады. Ақиқат дүние туралы, оның үзiктерi туралы бiр кезде маңызды болған ақпарат кейiннен
63
маңызын жоғалтуы мүмкiн, сөйтiп, когнитивтiк санада бiрте-бiрте көмескi тарта бастайды. Бiрақ ког-
нитивтiк санадан өшкенмен, тiлдiк бiрлiктерде, əсiресе фразеологизмдерде, мақал-мəтел, афоризм, қа-
натты сөздер т.б. прецеденттi мəтiндерде сақталып қалады.
Əдебиеттер тiзiмi
1. Уəлиев Н.М. Кейбiр этнографизмдердiң лексика-семантикалық аясы // БжҒМ ҰҒА хабарлары. Тiл, əдебиет сер. — 2000.
— № 2. — 194-б.
2. Кайдар А.Т. Тысяча метких и образных выражений. — Астана: Бiлге, 2003. — С. 197.
3. Жанпейсов Е. Этнокультурная лексика казахского языка. — Алматы: Наука, 1989. — С. 9–11.
4. Сатенова С.К. Образно-фоновая основа устойчивых выражений, образованных на основе лексики скотоводства в ка-
захском языке: Автореф. дис. … канд. филол. наук. — Алматы, 1990. — С. 31.
5. Сейiтова Ш.Б. Өсiмдiкке байланысты тұрақты тiркестердiң этнолингвистикалық сипаттамасы: Филол. ғыл. канд. …
дис. — Алматы, 1999. — 85–125-б.
6. Сыздық Р. Сөздер сөйлейдi. — Алматы: Cанат, 1994. — 45-б.
7. Батырлар жыры. II-т. — Алматы: Жазушы, 1986. — 26-б.
Д.А.Əлкебаева
Əл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы
Достарыңызбен бөлісу: |