Шымкент қ. Байтұрсынов көшесі, 7/7, №209 аудитория, «Жалпы дәрігерлік практика №2» кафедрасы. Электрондық мекен-жайы: morfo_farm@mail.ru.
Пәннің саясаты және шаралар:
Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ медицина мамандықтарының «Медициналық мамандықтардың білім беру бағдарламасы» талаптарына сәйкес интерндерге медициналық білім беруде қолданылатын бағалау әдістері құзыреттілік бағыт идеологиясына сәйкес келеді және WFME, LCME/CACMS, AMC, GMC талаптарына, сондай-ақ BEME, AMEE жетекшіліктеріне негізделеді.
Медициналық мамандықтардың білім беру бағдарламасы шеңберінде бағалаудың келесі екі түрі қолданылады: 1. Формативті бағалау оқыту үдерісімен бірге жүреді, оның мақсаты - студенттің құзыреттіліктерін дамыту болып табылады. Мұндай бағалау әдісі студенттің білім алу үрдісін бақылауға, студенттің немесе оқу бағдарламасының кемшіліктерін анықтауға, ал анықталған жағдайда оны оқу үрдісінің соңына дейін түзетуге мүмкіндік береді. Бұл бағалау әдісі, сонымен қатар білім беру әдісі болып табылатыны сондықтан. Мысалы: Студенттің кері байланыс жасауы және студенттің өзін-өзі бағалауы. 2. Суммативті бағалау әдісі оқытудың соңында қолданылады. Оның мақсаты - оқытудың нәтижесіне жеткендігін анықтап, құжатқа енгізу. Мысалы: қорытынды сабақ, аралық бақылау, емтихан.
Университеттің оқу үдерісін ұйымдастыру және емтихан регламентінің 7 бабына сәйкес интерндердің сабаққа қатысуы міндетті. Интерндердің сабаққа келмеген күндері, әрбір семестр бойынша жеке есептегенде жалпы оқу бағдарламасындағы сағат мөлшерінің 10% аспауы тиіс. Денсаулығы бойынша сабаққа келмеген күндері осы пайыздық шектеу ішіне кірмейді. Денсаулығы туралы анықтамасы университет клиникасына немесе АИ–да үш күнде тіркеліп, сабаққа деканаттан өтеуге рұқсат қағазымен келуі тиіс. Себепті жіберген сабақтарын блокқа дейін өтеуі қажет. Интерн сабаққа қатыспаған кезде өтілген тақырыптарды және пән оқытушысы тарапынан берілген тапсырмаларды өз бетінше орындауы қажет. Сабаққа келмеген интерндер үшін өтілген сабақ қайталанбайды. Интерн семестр соңындағы немесе оқу жылы соңындағы емтиханға кіруі үшін, денсаулығына байланысты сабақтан қалған күндерін есептемегенде, пән бойынша аудиториялық сабақтардың ең кемі 90%-на қатысуы қажет. Сабақтарға қатыспауына немесе өтпелі балл жинай алмауына байланысты емтиханға жіберілмейтіні туралы, сессия басталмас бұрын пән оқытушысы тарапынан интернге хабарланады. Сессия басталмас бұрын кафедра меңгерушісінің ұсынысы негізінде ол интерн деканат тарапынан емтиханға жіберілмейді.
Достарыңызбен бөлісу: |