Шымкент қорғасын зауыты


Алматы Мақта-Мата Комбинаты



бет4/5
Дата15.11.2023
өлшемі23,81 Kb.
#123291
1   2   3   4   5
Байланысты:
ШаРуАшЫлЫқ

Алматы Мақта-Мата Комбинаты, Озат акционерлік қоғамы — Қазақстандағы мақта талшықтарынан жіп иіріп, мата тоқитын ірі кәсіпорын. Комбинат құрылысы 1961 ж. басталып, 1965 жылдан өнім шығара бастады. 1965 ж. қуаты 123,9 мың шүйке иіретін және 2220 тоқу станогы бар 1-фабрика іске қосылды. 1968 ж. жылына 74,6 мың мақта-мата тоқитын өңдеу фабрикасы жұмыс істей бастады. 1970 ж. 119 мың ұршығы және 1922 пневмоқылышты тоқу станогы бар 2-иіру-тоқу фабрикасы іске қосылды. Комбинат 1992 ж. Алматы мақта-мата комбинаты — Озат акционерлік қоғамы болып қайта құрылып, жаңа құрал-жабдықтармен жарақтандырылды. Комбинат өнімдері Ресей, Түрікменстан, Украина, Белоруссия республикаларына шығарылады. Комбинат құрамында өндірістік құрылымдармен бірге мәдени-әлеум. салалар да бар. Олар: 1981 ж. салынған Мәдениет сарайы, еңбек даңқы мұражайы, 3 кітапхана, кәсіптік-техникум училище, жастар жатақханалары, санаторий-профилакторий, балалар мекемелері.
Алматы


«Cауле кондитерлік фабрикасы» 2017 жылы үске қосылған. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша мемлекет тарапынан несиенің пайызының субсидияланып, Даму Қоры атынан берілген кепілдік нәтижесінде құрылған. Фабрика вафли өнімдерін шығарумен және ораумен айналысады.
Жамбыл обл, Тараз


«Әулие-Ата Феникс» құс фабрикасы отандық нарықты бағындырып қана қоймай, алыс-жақын мемлекеттерге құс етін экспортқа шығарады. 2018 жылы сол кездегі «Агро­экспорт» бағдарламасымен 658 млн теңге несие рәсімдеп, Нидер­ландыдан құс өсіруге қа­жетті заманауи құрал-жаб­дықтар мен ауыл шаруашы­лығы техникасын сатып алынған. Бұл өндіріс қуатын арттыруға мүмкіндік берді. Жылына 5 мың тонна құс етін өндіріп, кейін технологияны жаңартқалы ет өндірісі 7 мың тоннаға дейін артқан. Құс фабрикасының аумағы 536 гектар жерді алып жатыр. 18 құс өсіру қорасы бар. Кәсіпорында тауық етінен 37 түрлі өнім шыға­ры­лады.
Жамбыл обл


Өскемен құс фабрикасы отандық нарықтағы құс өнімдерінің 24 % құрайды. «ҚМДБ халал» стандарты бойынша сертификатталған. «Кус-Вкус» және «UKPF» сауда белгілерімен шығарылатын «Өскемен құс фабрикасының» 85 түрлі өнім өндіреді. Құс фабрикасында «Халал Даму» мамандары тарапынан оқытылған мамандар жұмыс жасайды.
Өскемен қ




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет