Үшінші апта №5,6 дәрістің тақырыбы



бет1/3
Дата16.10.2023
өлшемі39,02 Kb.
#116608
түріКонспект
  1   2   3
Байланысты:
3 Дәріс


Үшінші апта
5,6 дәрістің тақырыбы: Жоғарғы жүйке әрекеті және ерекшеліктері
Терминдер мен анықтамалар: рефлекс, рефлекстік доға, эффектор, афференттік жол, эфференттік жол, сангвиник, флегматик, холерик, меланхолик.
Тапсырмалар:
1. ЖЖ әрекеті туралы түсінік
2. Балалардың шартты рефлекстері
3. ЖЖ әрекетінің топтары
Дәрістің тірек конспектісі:
1. ЖЖ әрекеті туралы түсінік
Жоғарғы жүйке әрекетіне ми сыңарлары мен оның қыртысының қызметі жатады. ЖЖ әрекеті адам организмінің сыртқы ортамен қарым- қатынасының тиімді қалыптасуын зерттейді. Жоғары дәрежедегі қызметтер:ес,сана,ойлау,көңіл-күйі,ұйқы,түс көру,гипноз ми сыңарлары мен олрадың қыртысының негізгі қызметі болып есептеледі. Темперамент туралы ілім ерте замандарда пайда болған. Гиппократ, кейіннен Гален сияқты дәрігерлер адамдардың мінез-құлықтарының дара көріністерін бақылау арқылы солардың өз ерекшеліктерін сипаттап жазуды, түсіндіруді ойластырады. Темперамент туралы ілімнің негізін салған ежелгі грек дәрігері Гиппократ болды. Гиппократтың пікірінше, адамның тәнінде төрт түрлі сұйықтық болады: қан, шырын, сары және қара өт, олар дұрыс араласса — адамның дені сау, дұрыс араласпаса — сырқат болады. Ағзадағы сұйықтардың біреуінің басым болуы адамның темпераментін анықтайды. Сұйықтардың аттарына орайлас қойылган темперамент атаулары күні бүгінге дейін сақталып келеді. Гиппократ темпераменттер белгілі мөлшерде адамның тұрмысына, ауа райы жағдайларына тәуелді болады деп санады. Мәселен, отырып жұмыс істейтіндердің денесінде флегма жинақталса, үнемі қимыл қозғалыстағыларда — өт көбейеді, темперамент те осыған сәйкес анықталады. Гиппократ типтерді дұрыс сипаттағанымен, оларды ғылыми тұрғыдан түсіндіре алмады. Кейіннен темперамент жайлы осындай гуморальдық теориялардан басқа химиялық, физикалық, анатомиялық, неврологиялық және таза психологиялық теориялар да ұсынылды. Бірақ бұлардың бірде-біреуі де темпераменттің табиғатын толық және дұрыс түсіндірмеді. Темперамент тұлғаның барлық психикалық көріністеріне реңк беріп отырады, ол эмоция мен ойлауға, еріктік қимыл-қозғалысқа, сөздің сарыны мен ырғағына әсер етеді. Бірақ темпераментке жеке адамның моральдық тәрбиесі, әлеуметтік бағдары, әуестенуі, қызығуы тәуелді еместігін естен шығармаған абзал.
2. Балалардың шартты рефлекстері
Шартты рефлекстер тұқым қуаламайды,тек өмір тәжірибесінің негізінде,сыртқы ортамен байланыстың арқасында пайда болып отырады. Шартты рефлекстер организмнің сыртқы ортаның өзгермелі жағдайларына ьейімдейді.. Балардың шартты рефлекстерін бақылау арқылы олардың миының даму дәрежесін,ақыл-ойының дамуын бақылауға болады.
Шартты рефлекстердің пайда болуы әр адамның жоғары жүйке әрекетнің және жеке басының жүйке жүйелерінің қасиеттеріне байланысты. Әр адамның жүйке жүйесінің тұқым қуалаған жеке қасиеттері мен өмірден алған тәжірибесін ,сыртқы ортадан алған мағұлыматын,мінез-құлықтарын жоғары жүйке әрекетнің топтары деп жинақтайды. И.П.Павлов жоғары жүйке әрекетінің топтарын ми қыртысындағы қозу мен тежелудің негізгі 3 қасиетіне байланысты 4 топқа бөледі. Ол қасиеттер: қозу мен тежелудің күші,теңдігі және алмасуы. Бір адамның өзінде де әр жағдайда түрлі мінез-кұлық көрініп отырады, оны талдауда алғашқы кезде осы адамның типтік өзгешеліктері еске алынады, өйткені, мұндай жағдайларда жүйке жүйесінің түрлі типтерінде көңіл күйі түрліше байқалады. Мәселен, холерикке — көңілдің түсуі, бұрқануы, ал флегматикке — ұстамдылық, меланхоликке — өз күшіне сенімсіздік т.б. тән қасиет.Олай болса осы жағдайлар адамның типтік белгісі болып табылады. Егер адам сыртқы әсерге қалай болса солай қарайтын болса, осы әсердің өзі қандай екенін зерттеу қажет. Мұндайда кездейсоқ реакцияның типтік болып шығуы да ықтимал. Мәселен, флегматиктің ашуы мен эмоциялық күйіп-пісуі ұзақ уақыт ішінде сан рет қайталанған әсерден кейін туса, холерикте осындай жағдай бірден пайда болады. Адамның жабырқауы мен солқылдақтығы да осы тектес болады. Холериктерде бұл ұзақ зорығып жұмыс істеген кездегі қажудан туындаса, меланхоликтерде бұл жайт қарым-қатынас пен өмір жағдайының түбегейлі өзгеріске түскен кезінде немесе қысқа мерзімді күйзеліс үстінде белең береді. Осы айтылғандарды ескеру және білу — адам темпераменттерінің ерекшеліктерін ажырату үшін қажет.
3. ЖЖ әрекетінің топтары
Жоғары жүйке қызметінің негізгі қасиеттерін ашқан И.П.Павловтың ғылыми еңбегі ерекше. Ол темпераменттің осы қасиеттерінің туа үйлесуіне орай сипатталатындығын көрсетті. Ми біріншіден, барлық мүшелер мен ұлпалардың жұмысын реттейді, екіншіден, жүйедегі сан алуан бөліктердің қызметін үйлестіріп, біріктіреді, үшіншіден, ол барлық органдардың импульстарынан әсер алып отырады да осыған орай өз қызметін қажетті күйге түсіреді, төртіншіден, ол ағзаның сыртқы ортамен байланысын, бұлардың бейнелерін сәулелендіруді жүзеге асырып отырады. И.П.Павлов темперамент пен жүйке қызметінің типтерін бір-біріне балама кұбылыс деп түсінді. Кейінгі зерттеулер жүйке қызметінің типтері темперамент типтерімен ылғи сәйкес келіп отырмайтындығын көрсетті. Шындығында да, темпераментке тек жүйке жүйесінің қасиеттері ғана емес, сондай-ақ жеке адамның соматикалық (дене) құрылымдары да әсер ететіндігі белгілі. Жүйке қызметінің типін темпераменттің нышаны ретінде ұғынган дұрыс. Мәселен бір зерттеуде, біркелкі ортада, жүйке жүйесінің әлсіз типіне жататын жануарлар мінез-құлқының енжар-қорғаныстық түрі, ал күшті, жүйке үрдістері тең емес организмдерде прогрессивті мінез-құлық байқалған. Бұрын кейбір психологтар темперамент табиғатын адамның эмоциялық саласына байланысты түсіндіретін. Шындығында, темперамент тек эмоциялық жағдайлардан ғана байқалмайды, ол ақыл-ой және ерік үрдістерінен де көрініп жатады. Адам темпераментті туралы сөз болғанда жекеленген психикалық үрдістердің динамикасы жайлы айтылмайды, мұнда жеке адамның тұтас мінез-құлқы бар синдромы (жүйесі) жөнінде сөз болады. Сөйтіп темперамент — адамның жүйке қызметінің қасиеттерінен көрінетін, мінез-құлқының импульсивті-динамикалық көрінісінің жалпылама сипаттамасы болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет