Үшінші деңгейдің емтихан сұрақтары 1-вариант Қайсысы мұғалім тұлғасының «білім беру сызбаларына»


Аталған мүмкіндіктердің қайсысы оқыту үшін бағалауды қолдануда мұғалімге Блум таксономиясы ұсынатын мүмкіндіктерді сипаттайды



бет39/61
Дата28.02.2023
өлшемі367,95 Kb.
#70440
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   61
Байланысты:
Тест жинагы оконч

34. Аталған мүмкіндіктердің қайсысы оқыту үшін бағалауды қолдануда мұғалімге Блум таксономиясы ұсынатын мүмкіндіктерді сипаттайды:
a) Мұғалімнің төмен дәрежелі ойлаудан жоғары дәрежелі ойлауға дейін дамуға көмектесетін сұрақтарды қою мүмкіндігі
b) Топтық жұмыс жүргізу және таныстырылым жасау мүмкіндігі
c) Сынып пікірталасында мұғалім қолданатын тәсілдерді көтермелеу
d) Жеке білім алу мүмкіндігі
e) Бағалау алгоритмін ұсыну
35. Төменде келтірілген тапсырмалардың қайсысы мұғалімге оқушыларда Қазақстанда өндірілетін түрлі өнімдер туралы тұжырымдамалық білімнің бар екенін бағалауға барынша мүмкіндік береді:
a) Еліміздің нақты облыстарында өндірілетін өнімдерді көрсете отырып, Қазақстанның картасын салу
b) Қазақстанның түрлі облыстарында қандай өнім өндірілетіні туралы тестінің сұрақтарына жауап беру
c) Оқушылардың топографиялық ерекшеліктер және олардың белгілі бір облыста өндіруге болатын өнімді анықтаудағы ықпалы туралы таныстырылым дайындауы
d) Қазақстанның картасынан негізгі топографиялық ерекшеліктерді көрсету
e) Өнімнің суретін ол өнім өндірілетін Қазақстанның облысының атауының жанына жабыстыру
36. Өсімдіктер мен жануарлардың жасушалары оқытылатын биология сабағында мұғалім оқушыларды жұптарға бөліп, жұптарға өсімдік пен жануар жасушасының суреті мен олардың негізгі сипаттамаларының тізімімен қоса бос диаграмма берді. Оқушылардың міндеті – ұсынылған тізімге кірген терминдерді қолдана отырып, диаграмманы толтыру.
Бұл тапсырма оқушыларда ойлаудың қандай түрін дамытады:
a) Түсінуді (жасуша сипаттамаларын) пайдалану
b) Нақты сипаттағы ақпаратты еске түсіру (жасушалар туралы)
c) Бағалау (өсімдік немесе жануар жасушаларының ұқсас сипаттамалары)
d) Талдау (жасушаның құрылымы қандай)
e) Синтездеу (өсімдік немесе жануар жасушаларының қалай жұмыс істейтінін түсіну)
37. Әдебиет мұғалімі өз оқушыларының сабақта танысқан әңгіменің бас кейіпкерлерінің біреуін қаншалықты түсінетіндігін білгісі келеді. Төменде ұсынылған тапсырмалардың қайсысын орындағанда оқушылардың синтез жасау, түсіндіру және болжам жасау қабілеттерін мүмкіндігінше жақсы көруге болады:
a) Мәтіннен кейіпкердің әрекеті әңгіменің сюжетіне тікелей әсер еткен үш негізгі тұсты көрсету
b) Диалог негізіндегі комикс түрінде кейіпкер пайда болатын көріністің суретін салу
c) Әңгіменің сюжеттік желісінде кейіпкер шешуші рөл атқаратын жаңа үзінді жазу
d) Күнделікте әңгіме кейіпкерлерінің біріне қатысты жазба жазу
e) Әңгіменің сюжеттік желісін қысқаша тұжырымдап, сыныпта оның мазмұнын айтып беру


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет