Үшінші деңгейдің емтихан сұрақтары 1-вариант Қайсысы мұғалім тұлғасының «білім беру сызбаларына»



бет1/61
Дата28.02.2023
өлшемі367,95 Kb.
#70440
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61
Байланысты:
Тест жинагы оконч


Үшінші деңгейдің емтихан сұрақтары 1-вариант

1.Қайсысы мұғалім тұлғасының «білім беру сызбаларына » жатпайды?


А) мұғалім сенімі (ұстанымы)
В) мұғалім шеберлігі
С) мұғалім көзқарасы
D) мұғалім шешімі
Е) мұғалім іс-әрекеті
2.Мұғалімнің ұстанымы оның көзқарастарын, белгілі бір шешімдердің қабылдануы мен сыныптағы іс-әрекеттерін нығайтады (Пажарес, 1992).
Сондықтан кез келген мұғалімнің оқыту құралдары мыналардан тұруға тиіс:
А) білім, білік және дағдылар жиынтығынан
В) сенім, білім және болжамдар жиынтығынан
С) мұғалімнің жаңа идеяларды қабылдауынан
D) өз оқытуын түсінуінен
Е)өмірдегі өз орнын түсінуінен
3.Қай білім беру теориясы «оқушылардың ойлауын дамыту олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен астастырыла жүзеге асады» деген тұжырымға негізделеді?
А) құзыреттілікке бағдарланған оқыту
В) тұлғалық бағдарлы оқыту теориясы
С) сындарлы оқыту теориясы
D) гуманистік оқыту теориясы
Е)дамыта оқыту теориясы
4.Сындарлы оқытуда мұғалімдер оқушылардың қандай мүмкіндіктерін жүзеге асырмайды?
А) оқытылатын тақырып бойынша білімдерін көрсету
В) белгілі бір ережелерге күмән келтіру
С) көзқарастарын түзету
D) жаңа түсінік қалыптастыру
Е)дұрыс жауабы жоқ
5.Мұғалім тұлғасының «білім беру сызбаларының» қайсысы оқыту стилін таңдауға көбірек ықпал етеді?
А) білімдер
В) болжамдар
С) сенімдер
D) әкімшіліктің ықпалы
Е)барлығы бірдей
6. «Мұғалімнің жұмысының тиімділігін» қандай фактор анықтайды?
А) мұғалімнің жетістіктері (біліктілігі т.б.)
В) оқыту үдерісі (оқыту әдістері т.б.)
С) оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас
D) оқыту нәтижесі (оқушының білім алуына ықпал ету т.б.)
Е)аталған барлық факторлардың жиынтығы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет