Шжқ «Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханаысы» МҚк медбикелік күтімнің және медбикелік манипуляциялардың стандарттар жиынтығы Неврология және жедел қан ми айналымы бұзылуы бөлімі мазмұНЫ


Бактериологиялық зерттеуге қақырықты жинау



бет103/144
Дата19.05.2023
өлшемі396,45 Kb.
#94779
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   144
Бактериологиялық зерттеуге қақырықты жинау


Мақсаты: диагностикалық: ауру қоздырғыштарын анықтау.
Қолдану көрсетілімдері: туберкулез, тыныс алу жолдары аурулары және басқа да жұқпалы аурулар.
Дайындаңыз: сыйымдылығы 50 мл, диаметрі 35 мм кем емес, тұнық жабылатын қақпағы бар залалсыздандырылған арнайы шыны контейнерді, металды биксті, қайнатылған суы бар ыдысты, салфетканы, қолғапты, масканы, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.


Іс-әрекет алгоритмі:



  1. Қақырық зерттеу күні таңертең ашқарында жиналады.

  2. Контейнерді нөмірлеңіз.

  3. Бактериологиялық лабораторияға жолдаманы толтырыңыз.

  4. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты және бет масканы киіңіз.

  5. Науқаспен сенімді қатынас орналастырып, емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз.

  6. Науқаспен қақырықты зерттеуге жинау ережесі туралы нұсқауды жүргізіңіз.

  7. Науқасқа қақырғандағы қақырық емес, терең жөтелгендегі қақырық жиналуы тиісті, қолымен немесе аузымен контейнердің шетіне тимеуін ескертіңіз.

  8. Науқастан сұраңыз:

  • таңертең, қақырықты 2 сағаттай жыйнамас бұрын тісін тазалауды;

  • ауыз қуысы мен жұтқыншағын қайнатылып суытылған сумен шаюды;

  • тік тұруын немесе тік отыруын;

  • контейнердің қақпағын ашуды;

  • аузын матамен немесе орамалмен жауып тұрып, 3 рет терең дем алып және 3 рет терең дем шығарып тұрып, қатты жөтеліп қақырықты өкпенің терең бөліктерінен контейнерге шығаруын;

  • қақырық жинайтын контейнерді төменгі еріннің тұсында ұстап, контейнердің шетіне тигізбей қақыруы тиістігін.

  1. Контейнердің қақпағын бұрап жабыңыз.

  2. контейнердің сыртқы бетін зарарсыздандыру ерітіндісіндесуландырылған салфеткамен сүртіңіз.

  3. Жиналған қақырықты қарап, контейнерді темірлі бикске орналастырыңыз.

  4. Бактериологиялық лабораторияға 2 сағат ішінде қақырықты апарыңыз.

  5. Масканы, қолғапты шешіп, контейнерге салыңыз.

  6. Қолды жуып, кептіріңіз.



Ескерту:

  • қақырық бөлу қиындаған жағдайда, қақырық бөлетін дәрі-дәрмектерді тағайындалғаннан кейін жинайды;

  • антибиотиктерді тағайындамай тұрып, қақырықты жинау қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет