Мақсаты:емдік және оқулық, науқасқа ингаляторды өздігінен қолдануды үйрету.
Қолдану көрсетілімдері: қан айналу және тыныс алу органдары ауруларында дәрігердің тағайындауы бойынша.
Дайындаңыз: 2 қолданылған қалта ингаляторын, 3-дәрілік заты бар ингаляторды, дәрігердің ем тағайындайтын парағын (004-1/уФ).
Іс-әрекет алгоритмі:
Науқасқа емшара жүргізу мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.
Науқасқа өз-өзіне ингаляторды қолдануын үйрету.
Науқасқа жоғары Фаулер қалпын беріңіз немесе науқастың жағдайы мүмкіндік берсе, емшараны тұрып орындағаны жақсы, өйткені өкпенің дем алыс экскурсиясы әсерлі.