д) Зельцтерге арналған шикізаттарды алдын- ала тұздайды, бланширлейді және суытады. Сосын турама дайындайды, қабықшаға толтырады да термиялық өңдеуге жібереді: пісіреді, престейді, суытады.
е) Емдік- диеталық шұжық ерекше рецептура бойынша өндіреді, негізінен эндокринді және ферментті шикізаттар қоса отырып, дәрігерлік бақылау орнатылған ерекше режим бойынша өндіреді.
Қорытынды
Шұжықтар өндіру технологиясы айтарлықтай күрделі, арнайы құрылғылар мен белгілі бір дағдыларды қолдануды қажет етеді. Бірақ ол ғылым мен техниканың жаңа жетістіктеріне қарай жетіліп отырады. Қазіргі заманда шұжық өндірісі тамақтану гигиенасы, технологиялық ғылым және азпаздық өнердің алдыңғы қатарлы жетістіктерін қамтитын заманауи, жоғары технологиялық үрдіс ретінде танылады. Нарықтық жағдай талаптары мен көптеген мемлекеттердің ДСҰ құрамына кіруі, дүниежүзілік нарықта жоғары сапаны қамтамасыз ететін, бәсекеге қабілетті, аз шығын шығарып, жоғары экономикалық әсер беретін дайын өнім өндіруді талап етеді. Сондықтан тағамтануға маманданаған жоғары оқу орындарында жоғары дәрежелі мамандарды даярлауды қолға алу қажет, сонда ғана шикізатты өңдеу мен құрал- жабдықтарды пайдалана отырып, сапалы әрі бәсекеге қабілетті өнім өндіруді жетілдіру жүзеге асырылады.